Гендерлік лингвистика,мақсаты мен міндеттері



бет2/5
Дата01.02.2022
өлшемі19,19 Kb.
#130330
1   2   3   4   5
Байланысты:
№1 дәріс

Гендерлік лингвистика-(ағылш.gender-грамм,тек (род) және франц. linguistiques лат. lingua-тіл)гендер мен тілдің өзара байланысын зерттейтін гендер мен лингвистика аралығындағы ғылым саласы.

Гендерлік лингвистика – біз үшін жаңа ғылым,ал жаңа саланың өзіне тән мәселелері болады.Олар:

1.Адам жынысы гендердің тілімен анықталатындығы.

2.Тіл мен жыныстың айырмашылығы,өзара байланыстылығы.

3.Әйел мен ер адам сөзінің жалпы адамдық айырмасы;

4.Әйел мен ер адамның ұлттық-этникалық деңгейдегі айырмасы;

5.Тілдің әлеуметтік жіктелуі мен қоғамның жыныстық жіктелуінің өзара байланысы.

6.Әйел мен ер адамның тілдік бірлікті қолдану айырмасы.

7.Әйел мен ер адам сөйлер сөзінде қолданылатын тілдік және бейтілдік бірліктер.

8.Әйел мен ер адам беретін мәлімет құрамындағы тілдік және бейтілдік бірліктер,т.б. [Хасанұлы 2002].

Тіл мен тұлғаның,тіл мен қоғамның тілдік қызметі,өзара әрекеттесу заңдылығы гендерлік лингвистиканың әдіснамалық негізі болуы шарт. Гендерлік лингвистиканы қалыптастыратын жайт-адам тілінің синкретті үш қыры:бірі-тілдің ішкі құрылысы,екіншісі-тілге әсер етуші сыртқы жүйе, әлеуметтік факторлар,үшіншісі-тілде көрініс беретін ментальді құрылым,әлемнің жанама түрдегі бейнесі.Бұл-әлемнің тілдік бейнесі, тілдік тұлғаның прагматикасы,тіл қолданушының тілдік санасы,ойлаудың этникалық құрылымы,қалыптасу үстіндегі өмір салты,ұлттық мінез-құлық,менталитет[Хасанұлы 2005.267б.].

Гендер мен тілдің өзара байланысын зерттеу бірнеше бағытта жүргізіледі. Атап айтқанда:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет