География пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындық тапсырмалары а бөлімі Нұсқаулық



бет2/2
Дата17.05.2023
өлшемі449,02 Kb.
#176958
1   2
Байланысты:
География на каз.яз

В бөлімі


Нұсқаулық: Сіздерге қысқа жауапты талап ететін тапсырмалар ұсынылады.

16. Шығыс Қазақстанда полиметалл өнер кәсібідамыған, оның орталықтары Риддер, Өскемен. Шығыс Қазақстанның осы мамандануының факторларын көрсетіңіздер.


_________________________________________________________________
АҚШ пен Ресей карталары бейнеленген 5 және 6 суреттерге мұқият қараңыздар.

5-cурет 6-cурет

17. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттердің басқару формасы мен мемлекеттік құрылымын атаңыздар.


___________________________________________________________________
18. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісіндегі Жапонияның мамандану саласын көрсетіңіздер.
___________________________________________________________________
19.«Өнеркәсіп салалары» сызбасына мұқият қарап шығыңыздар.



1 cанымен белгіленген дүниежүзілік шаруашылықтың салалар тобын анықтаңыздар.
__________________________________________________________________
Нұсқаулық: Сіздерге толық жауапты талап ететін тапсырмалар ұсынылады.

20. 7-суретке мұқият қараңыздар.



7 -cурет
a) Суреттен «А» әрпімен көрсетілген елді анықтаңыздар._______________________________
b) Қазақстанның осы елмен көршілес болуының екі артықшылығын атаңыздар.
______________________________________________________________________
____________________________________________________________________
c) Қазақстанның осы елден әкелетін 2 өнім түрін атаңыздар. _____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
21. Мәтінді мұқият оқыңыздар.
«..Балқаш көлінің экологиясына қатысты алаңдаушылық бар. Балқаш көлінің негізгі ластаушылары ауыр металдар (мыс және мырыш), сонымен қатар мұнай өнімдері, фенолдар мен фторидтер. Балқаш тау-кен металлургия зауытының қалдықтары жылына 280-320 мың тоннаны құрайды. Іле, Қаратал, Лепсі өзендері қант қызылшасы, күріш, темекі алқаптарын суару үшін қолданылады. Зиянды заттар - сульфаттар, нитриттер, органикалық қосылыстар, пестицидтер Іле өзені мен жер асты сулары арқылы көлге түседі...»
а) Мәтінде сипатталған Балқаш көлінің басты мәселесін атаңыздар.
__________________________________________________________________
b) Осы мәселенің пайда болу себептерін анықтаңыздар.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________
с) Осы мәселенің шешу жолдарын ұсыныңыздар (3-тен кем емес).
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет