10.02,2017 жыл
География пәні мұғалімі Хусаинова С.Т
География. Сыныптан тыс шара
«География әлемі» атты интеллектуалды ойын
Мақсаты:
Білімділік: өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылау, материалды меңгеру дәредесін тексеру, пәнге қызығуын арттыру.
Дамытушылық: оқушылардың алғырлық, тапқырлық, тез ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: экологиялық тәрбие беру,шапшаңдыққа, ұтқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, АКТ, «Атмосфера», «Барометр», сөзжұмбақ, қабырға газеттері
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу,сабақтың өту барысымен, мақсатымен таныстыру.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, қадірменді ұстаздар және аяулы шәкірттер! «География әлемі» атты интелектуаллды ойынға қош келдіңіздер!
Ақыл – адамды аздырмайтын ем,
Білім – таусылмайтын кен.
Адамның басшысы – ақыл,
Жетекшісі – талап,
Шолғыншысы – ой,
Жолдасы – кәсіп,
Қорғаны – сабыр,
Қорғаушысы – мінез,- дей келе бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші: Өнерлі топтар бүгін ортамызда,
Командалар сәлем берер баршаңызға
Қол соғып біз оларды қарсы алайық,
Айтқандардын құлақ сап біз тыңдайық!
Ендеше ортамызға қатысушы топтарды шақырайық
«Батыс жарты шар» тобы
«Шығыс жарты шар» тобы
Жүргізуші: Бүгінгі сайымызда әділ бағасын беретін әділқазы алқасымен таныс болайық:
Сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:
І кезең – «Бәйге» (әр топқа 10 сұрақтан оқылады,дұрыс жауап – 1 ұпай)
ІІ кезең – «Полиглот» (әр дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады)
ІІІ кезең – «География әлемі» (әр дұрыс жауап 3 ұпаймен бағаланады)
IV кезең – «Ең, ең ...» (әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады)
V кезең – «Географиялық жұмбақтар» (әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады)
VI кезең – «Егер де мен болсам...» (ең жоғарғы ұпай – 10 ұпай)
Достарыңызбен бөлісу: |