Африка және Оңтүстік Америка материктерінің контурларының үйлесімі (200 м изобат бойымен) Вегенердің (1912 ж.) картаға сүйеніп, Оңтүстік Американың шығыс жағалауы мен Африканың атланттық жағалауларының ұқсастығын табуы, кейіннен «Құрлық дрейфі және қазіргі ғаламдық тектоника» теориясының пайда болуы мен дамуына жол ашты.
Ежелгі заманда картографиялық сызбалар тек тар практикалық мақсатта ғана қолданылған: ориентирлеуге, бағдарлау, көршілес елді мекендерді, жолдарды және т.б көрсетуге .
XVIII-XIX ғ. бастап карталар ғылыми мақсатта қолданыла бастады: карталарды қолдану арқылы көптеген заңдылықтар ашылды, құбылыстар арасындағы өзара байланыстар ашылды, әлі де ашылмаған объектілер болжалды.
Картаны анализдеу (талдау) әдістері топтары:
Картаны анализдеу (талдау) әдістері топтары:
сипаттама;
Графикалық тәсіл;
графоаналитикалық тәсіл;
математикалық-картографиялық модельдеу әдісі.
Механикаландыру және автоматтандыру деңгейі бойынша карталар бойынша зерттеулер мыналарға бөлінеді:
Визуалды анализ (карталарды оқу, зерттелетін объектілерді көрнекі салыстыру және визуалды бағалау);
инструменталды (циркульдерді, транспортирлерді және т. б. өлшеу үшін қолдану);
компьютерліканализ (арнайы бағдарламалардың немесе географиялық ақпараттық жүйенің көмегімен автоматты немесе интерактивті режимде орындалады).
Картографиялық зерттеу әдісі - картада бейнеленген құбылыстарды зерттеу үшін пайдалану әдісі.
Графикалық тәсіл карта арқылы графиктер, профилдер, диаграммалар, роз-диаграммалар әзірлеу, жер бедерлерімен әр түрлі әрекеттер кезінде кескіндер алуды (оларды қосу; азайту, санға көбейту және т. б.) қамтиды