Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері



бет6/18
Дата07.02.2022
өлшемі73,31 Kb.
#84418
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Географиялық қабық
Географиялық қабық, Географиялық қабық
Литосфера – жердің қатты қабаты . Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы базольттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км. Жоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера қоршап тұрады. Ол тірі органимдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп-өніп, сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Биосфера теңіз деңгейінен бастап, тау жоталарының шыңдарына дейін бүкіл құрғақ жерді алып жатыр.
Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 км биіктікке дейін жетеді. Онда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өнеді. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды.
Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000 – 3000 м-ге дейін тереңдікке жетеді. Олар онаэробта бактериялар. Гидросферадағы биосфераның шегі 11 км-ге дейінгі тереңдікке жетеді. Теңіз жануарлары және өсімдіктері (қызыл, жасыл, қоңыр балдырлар) үшін су өте қолайлы орта. Таза, мөлдір болғандықтан күн сәулесі оның 200 метр тереңдігіне дейін тарайды. Бұдан кейінгі судың қабаттарын мәңгілік қараңғылық басып тұрады. Мұндай қабаттарда да тіршілік ететін организмдер болады. 
Географиялық қабықта адам қоғамы өмір сүріп, дамиды. Мұндағы барлық процестер күн энергиясының әсерімен және бұдан аз деңгейде ішкі жер қуаты көздерінің әсерімен жүріп жатады.
Географиялық қабықтың барлық компоненттері заттар мен энергияның айналымы арқылы біртұтас болып байланысқан, осының нәтижесінде қабықтар арасында заттар алмасуы да жүзеге асады. Заттар мен энергияның айналымы - географиялық қабықтың табиғи процестерінің аса маңызыды механизмі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет