Географиялық белдеулер мен зоналар Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың әрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеуге бөлінеді. Олар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай және полярлық белдеулер.
Негізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатады. Өтпелі белдеулерге су деген сөз қосылып айтылады.
Экваторлық белдеу Экватордың екі жағын бойлап, созылып жатады. Белдеудің климат жағдайлары жыл маусымдарына бөлінбей, температура бүкіл жыл бойы біркелкі таралуымен ерекшеленеді. Мұнда жыл бойы ыстық және ылғалды. Қаңтар айының орташа температурасы +24ºС, жылдық жауын-шашын 2000-3000 мм. Жылу мен ылғалдың молдығы өсімдіктердің қаулап өсуіне, сан алуан жануарлардың мекендеіне қолайлы.
Экваторлық ормандарда қарашірік жиналмай шайылып кететіндіктен, топырағы құнарсыз келеді. Өсімдік тамыры топыраққа бекуі үшін ғана кіреді.