Географиялыќ есептер



бет3/10
Дата07.02.2022
өлшемі245 Kb.
#85681
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЕСЕПТЕР

Масштаб дегеніміз – жер бетінде өлшенген қашықтықты қағазға түсірген кезде неше есе кішірейтілгендігін көрсететін сандық бөлшек. Масштабтың алымы әрқашанда 1 – ге тең, бөлімі кішірейту мөлшеріне сәйкес келеді. Мәселен, 1 : 10 000 десек, бұл – жер бетіндегі қашықтық 10 000 есе кішірейтіліп алынды деген сөз.

Масштабтың үш түрі болады:


Сандық масштаб 1 : 1 000 000
Атаулық масштаб 1 см = 10 км
Сызықтық масштаб

3 е с е п


Масштабты анықтаңдар:
М асштаб

Сандық Атаулық Сызықтық


1: 10000 ? ?


? 1см = 50км ?


? ?
Сонымен қатар масштабты пайдалана отырып, картадағы кез – келген қалалардың арасындағы жер бетіндегі қашықтықты өлшеуге болады.


4 е с е п


Масштаб 1 : 200 000, ал картадағы екі қаланың ара қашықтығы 35 см. Екі қала арасындағы жер бетіндегі қашықтықты анықтау керек.

Берілгені: Шешуі:


l = 35 см L = l * атаулық масштаб
1 : 200 000 1 : 200 000
1 см = 2 км
Т/к L - ? L = 35 см * 2 км = 70 к
5 е с е п
Картаны пайдалана отырып, төменде берілген қалалардың арасындағы қашықтықты анықтаңдар:
а) Қарағанды – Астана
б) Қарағанды – Алматы

Б ерілгені: Шешуі:


М 1: 8000000 L = l * атаулық масштаб
l1 = 2,5 см
l2 = 10,2 см L1 = 2,5 см * 80 км = 200 км
L2 = 10,2 см * 80 км = 816 км
Т/к L1 - ?
L1 - ?

L – жер бетіндегі қашықтық


l - картадағы қашықтық

6 е с е п


Егер 2000 км қашықтық 20 см-ге тең деп алынған болса, картаның масштабы қандай болғаны?

Б ерілгені: Шешуі:


L = 2000 км Масштаб = ( L / l ) * 100000
l = 20 см Масштаб = ( 2000 км / 20 см )
*100000 = 10 000 000
Т/к Масштаб - ?
Жауабы: М: 1:10 000 000

7 е с е п


Масштаб 1 : 8 000 000, ал жер бетіндегі Қарағанды мен Павлодар қалаларының арақашықтығы 392 км – ге тең. Картадағы қашықтықты анықтау керек.

Б ерілгені: Шешуі:


М 1 : 8 000 000 1 : 8 000 000
L = 392 км 1см = 80 км
l = L
атаулық масштаб
Т/к l - ? l = 392 км = 4,9 см
80 км
Жер бетінің қағазға арнайы шартты белгілерді пайдалана отырып кішірейтіліп түсірілген нұқасын план деп атайды.
Планға қарап, жер бетінің жалпы сипатын, ондағы объектілердің орнын, бір-бірінен ара қашықтығын дәл анықтауға болады.
8 е с е п
Әңгіме бойынша шартты белгілерді пайдаланып, сызбаны құрастыру керек.

6 – сынып оқушылары (қаладан) шығып,


(тас жол) - мен жүріп, (өзендегі ағаш көпір)


- ден өттік. (Көл мен батпақ) - ты


айналып, (аралас орман) ішіндегі (орманшы-


ның үйі) - не бардық. Қыздар сонда қалды,


ұ лдар бір шақырым (шалғындағы соқпақ жол)


мен (жеміс бағы) - на барып, алма жинадық.


9 е с е п
Шартты белгілерді пайдаланып, төменде келтірілген топсеруен жолының сызбасын түсіру керек. Масштаб 1: 50000
Оқушылар А нүктесінен 600 азимут бойымен бұлаққа 2 км жүріп жетті. Әр түрлі бақылаулар жүргізгеннен кейін 2100 азимут бойынша 5 км жұріп, көлге беттеді. Көл оң жақта, кіші-гірім аймақты алыпжатыр. Одан әрі 3000 азимут бойымен 1,5 км қашықтықтағы алма бағына барды. Соңында 3600 азимут бағытымен 1,7 км жерде орналасқан өздерінің елді мекендеріне қайтты.

Жергілікті жердің планында және топографиялық картада жер бетінің ой-қыры горизонталь сызықтармен бейнеленеді. Горизонтальдар деп биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтарды айтады.


Горизонтальдар топографиялық картада белгілі бір биіктік сайын жүргізіледі. Мысалы, 1м, 5м, 10м, т.с.с. Ал ылдидың бағытын горизонтальдарға кесе-көлденең қойылған сызықша – бергштрих көрсетеді.


Төбе





Ойпат
10 е с е п


Горизонталь сызықтарды әрбір 10м сайын жүргізе отырып, биіктігі 47м тауды горизонталь сызықтар арқылы көрсетіңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет