«Геология» пәнінен оқу-әдістемелік кешені жоғары оқу орындарының 5В011600 «География» мамандығы бойынша оқитын студенттер, сонымен қатар магистранттарға және оқытушыларға ұсынылады



бет4/4
Дата01.04.2017
өлшемі1,72 Mb.
#12872
1   2   3   4

Тіршілік әлемі. Мезозой мен кайнозой эраларының аралығында жануарлар әлемінде кембрийден бері қарай алғашқы ірі дағдарыс болған. Алып динозаврлардан бастап, ұсақ фораминиферлерге дейін жойылып кеткен, ал сақталып қалғандары өз мәнін жойған. Олардың орнын тез дами бастаған сүтқоректілер басты. Теңіздерде омыртқалылар: сүйекті балықтар, шеміршекті акулалар мен скаттар; алғашқы сүтқоректілер – киттер, сиреналар, дельфиндер пайда болған. Жер бетін жайлаған жорғалаушылардан – қолтырауындар, кесірткелер, тасбақалар мен жыландар; қосмекенділерден – алып саламандралар, бақалар дамыған. Палеогеннің басында приматтардың ең қарапайымы – лемурлер, яғни жартылай маймылдар – антроподтар шыққан. Плиоценнің соңы мен төрттік кезеңнің басында Шығасыр Еуропаның Оңтүстік мен Қазақстанда жылу сүйгіш мастодонттар, пілдер, гиппарион, семсер тісті жолбарыс, этруск мүйізтұмсығы, т.б. өмір сүрген. Плейстоценнің соңы – голоценнің басында қатал климатқа бейімделген мамонттар, жүндес мүйізтұмсықтар мен үлкен мүйізді бұғылар жойылып кеткен. Жер беті флорасы арасында жабық тұқымдылар дамуын жалғастырған. Олардың ішінде тропиктік және субтропиктік ормандарда пальма, магнолия, мирт, фикус, алып секвоя, араукария мен кипаристер өсті. Қоңыржай климатты алқаптарда үлкен жапырақтылар мен ұсақ жапырақтылар – емен, бук, каштан, терек, қайың, т.б. өскен.

  • Кен байлықтар. Палеогенде өте ірі латеритті және латеритті-шөгінді боксит (Австралияда, Африкада, Латын Америкасында, Жерорта т-ндегі бірқатар аудандарда, Оңтүстік Орал, Солтүстік Қазақстан платформаларында, Төм. Ангар мен Батыс Байкал), ең ірі марганец (Никополь, Чиатура, Батыс Африка), бірқатар оолитті темір (Солтүстік Америка, Батыс Сібірдің Оңтүстік мен Солтүстік Қазақстанда), ең ірі мұнай (Иран, Ирак, Орталық Азия, Венесуэла) кен орындары кендері түзілген. Кайнозой эрасының түзілімдерінде барлық көмір қорының 15%-і шоғырланған. Оның ішінде таскөмір қабаттары Сахалинде, Жапонияда, Қытайдың шығысында; қоңыр көмір кен орындары – Германияда (Рейн алабы), АҚШ-та (Солтүстік Дакота) және Украинада; сынап кен орындары Испанияда, Италияда, Югославияда және Ресейде; мыс және молибден кен орындары АҚШ, Чили, Боливия мен Перуде шоғырланған. Неоген түзілімдерінде мұнай мен газдың есептелген қорларының үштен бірі шоғырланған. Алып мұнай-газ кен орындары Иран – Месопотамия мен Кордильер – Анд аймағында: Иран, Ирак, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Венесуэла, Мексика шығанағында орналасқан. Ал Еуразияда мұнай мен газ кен орындары Кавказда, Каспий ойпатында, Батыс Түрікменстанда, Карпатта және Сахалинде орналасқан. Неоген магматизмімен ірі қалайы (Анд), алтын, күміс, мыс кен орындары байланысты. Неоген кезеңінде калий және ас тұзы, фосфорит, трепел, құрылыстық таужыныстары түзілген. Төрттік түзілімдермен әр түрлі кенқайраңдар, шөгінді кендер, бейметалл кен байлықтары, жер асты сулары мен мұздықтар байланысты. Дүниежүз. мұхиттың терең сулы алқаптарында темір-марганецті және мыс-ванадийлі тасберіштер (конкреция) шоғырланған.

    Н.4.07-04

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

    Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті



    География және экология кафедрасы

     

      

     

     



     

     

    «5В011600 - География» мамандығының студенттері үшін


    «Геология» пәні бойынша
    практикалық жұмыстарға арналған

     

    ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ


    Оқыту түрі - күндізгі

     

     



     

     

    Көкшетау, 2013ж.



    Студенттерге арналған пән бағдарламасы (силлабус) 5В011600 -география мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты (2009) негізінде құрылды.

    Пән бағдарламасын құрастырған география және экология кафедрасының аға оқытушысы, экология магистрі Есенжолов Б.Х.


    География және экология кафедрасының отырысында қарастырылған

    « 20 » 06 2012 ж. хаттама № 10
    Кафедра меңгерушісі _ Заңдыбай А.
    Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған

    « 23 » 06 2012 ж. хаттама № 10


    ОӘК төрағасы ___ ___ Сыздыкова Б.Р.






    Геологиянан практикалық сабақтарының жоспары



    1 ТАҚЫРЫП. ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ.

    1. Жер туралы ғылымдар цикліне қандай ғылымдар кіреді?

    2. Жердің қазіргі құрылысы жөніндегі көзқарастарды түсіндіріңіз.

    3. Жер туралы ғылымдар қазіргі экономикада қандай орын алады?

    4. Жердің ішкі құрылысы қандай?

    Тапсырмалар.

    1. Дүние жүзінің кескін картасына Жердің негізгі платформалары, қалқандары мен қатпарлықтарын түсіру.

    2. Дәптерге жер қыртысының негізгі түрлерінің құрылысын салу.
    Негізгі әдебиет - 1, 2, 3, 4.

    Қосымша әдебиет - 5, 6, 9, 11, 15, 20, 43, 44, 45.


    Әдістемелік нұсқаулар:

    Дүние жүзінің атлас картасын пайдалана отырып, негізгі қозғалмайтын және қозғалмалы бөліктерді кескін картаға шартты белгілер арқылы түсіру. Негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, бақылау сұрақтарына жауап бару. Негізгі әдебиеттерді қолдану арқылы, жер қыртысының континенттік, мұхиттық және аралас түрлерін шартты белгілері бойынша дәптерге салу және оларды талдау, салыстыру. Соңынан ерекшеліктерін анықтау.



    2 ТАҚЫРЫП. ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ.

    1. Тау жыныстары дегеніміз не?

    1. 2.Текстура мен құрылымды қалай ажыратады?

    2. Тау жыныстары қалай жіктеледі?

    3. Шөгінді тау жыныстарының қандай түрлерін білесің?

    4. Магмалық тау жыныстары қалай түзіледі?

    5. Метаморфтық тау жыныстарына қандай факторлар әсер етеді?

    Тапсырмалар:

    1. Шөгінді тау жыныстарын анықтау.

    2. Магмалық тау жыныстарын анықтау.

    3. Метаморфтық тау жыныстарын анықтау.

    Негізгі әдебиет – 1.

    Қосымша әдебиет - 1, 2, 3, 4, 43.
    Әдістемелік нұсқаулар:

    Тау жыныстарының текстурасын және құрылымын анықтайды. Ол үшін кез-келген үлгінің біріншіден қай тау жынысына жататыны анықталады, содан кейін ішкі және сыртқы құрылымындағы түйіршіктердің саны мен мөлшері анықталады. Жұмысты орындау үшін лупа-ұлғайтқыш және анықтағыш қажет. Тау жыныстары туралы деректерді осы тақырып бойынша дәріс тезистерінен оқуға болады.



    3 ТАҚЫРЫП. СТРАТИГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕОХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕ.

    1. Геохронология дегеніміз не?

    2. Стратиграфия дегеніміз не?

    3. Олардың қандай айырмашылықтары бар?

    Тапсырма: Жердің геологиялық дамуының кембрийге дейінгі мегацикліне арналған геохронологиялық шкала құрастыру.
    Негізгі әдебиет - 1, 3, 6.

    Қосымша әдебиет - 5, 6, 8, 12, 14, 20, 43, 44.


    Әдістемелік нұсқаулар:

    Миллиметр қағаздарына сызба жұмыстарын жасау және картамен жұмыс жасай білу. Талдау. Жұмысты орындау үшін геохронологиялық кестені негізге алады. Ондағы архей және протерозой дәуірлерінің жасын арнайы масштабпен белгілейді (мысалы, 1 мм-де 10 млн. жыл) де, миллиметр қағазына кестедегі түспен дәлдеп, сызбалар жасайды. Соңында сызғыш құралады.


    4 ТАҚЫРЫП. ӘЛЕМНІҢ ТЕКТОНИКАЛЫҚ КАРТАСЫ.

    1. Тектоника нені оқытады?

    2. Тектоникалық картадан геологиялық картаның айырмашылығы неде?

    3. Қатпарлық дегеніміз не?

    4. Плита дегеніміз не және оның неше түрін білесің?


    Тапсырмалар:

    1. Кескін картаға ірі вулкандарды түсіру.

    2. Атласты пайдалана отырып, кескін картаға магмалық тау жыныстарының жатуын белгілеу.

    Негізгі әдебиет – 5, 6.

    Қосымша әдебиет – 4, 12, 13, 16, 17, 20, 43, 44.


    Әдістемелік нұсқаулар:
    Әлемдік атлас карталарды пайдалана отырып, материктер бойынша (Евразияда– Ключевск шоқысы, Фудзияма, Этна, Авач шоқысы, Гекла, Везувий, Стромболи, Кракатау, Санторин; Африкада – Меру, Камерун; Солтүстік Америкада – Попокатепетль, Мон-Пеле; Оңтүстік Америкада – Котопахи; Австралияда – Мауна-Лох; Антарктидада - Эребус) вулкандарды кескін картаға түсіріп, негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалана келе кез-келген біреуіне сипаттама беру. Геологиялық картадан Қазақстанның магмалық тау жыныстарының шоғырланған жерлерін шартты белгілермен түсіру, содан кейін, Қазақстанның атласынан территориядағы магмалық тау жыныстарымен байланысты пайдалы қазбалардың пайдалануы жөнінде дәптерге жазбаша сипаттама жазу.

    5 ТАҚЫРЫП. МИНЕРАЛДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК. ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ КЛАСТАРЫ.

    1. Кристалл симметриясымен байланысты келбеттердің типтері?

    2. Кристалл жақтарында сызықталудың қандай типтері орналасады?

    3. Қандай минералдар мөлдір, жартылай мөлдір және мөлдір емес болып келеді? Мысал келтір.

    4. Жіктілік және құбылу дегеніміз не?

    5. Тау жыныстарының негізгі түрлері қандай?

    6. Тау жыныстарын қалай анықтайды?

    7. Моос шкаласы нені анықтайды?

    8. Қаттылық пен жымдастық байланысы бар ма?


    Тапсырмалар:

    1. Минералдың түсін анықтау. Минералдың түсі – оның сипатты физикалық қасиеттерінің бірі. Кейде минералдың түсі бойынша оның атын да анытауға болады.

    2. Минералдың үгіндідегі түсін немесе сызық түсін анықтау.

    3. Минералдың қаттылығын анықтау.

    4. Минералдың жылтырлығын анықтау.

    5. Минералдың жымдастығын анықтау.


    Негізгі әдебиет – 5, 6.

    Қосымша әдебиет – 4, 12, 13, 16, 17, 20, 43, 44.


    Әдістемелік нұсқаулар:

    Минералдың үгіндідегі түсін анықтау немесе сызық түсін анықтау үшін, фарфор шынысының жылтыр емес жағына минерал үлгісімен бірнеше рет сызып көреміз. Қалған сызықтың түсі минералдың сызық түсін береді. Кейбір жағдайда минерал үлгісі сызық түсін қалдырмайды, ондайда сызық түсі жоқ деп жазамыз. Қаттылық дегеніміз – минералдардың сыртқы механикалық күштерге қарсы тұра алу қасиеті. Минералдардың қаттылығын анықтау үшін, Моос шкаласын қолдануға болады. Далалық жағдайларда қаттылықты анықтау үшін, келесі заттарды пайдалануға болады: қарындашпен – 1, тырнақпен – 2-3, жез тиын – 3-4, шыны – 5, шеге – 6-7. Яғни минералды алып оны осы көрсетілген заттармен сызып көреміз, қай зат минералды сызып із қалдырса, зерттеліп отырған минералдың қаттылығы сол заттың қаттылығына тең болады. Мысалы, егер қарындаш минералды сызып, оның бетінде өшпейтін із қалдырды делік, яғни оның қаттылығы 1-ге тең деген сөз, әрі қарай осы минералдың қаттылығын басқа заттармен зерттеп көрмейміз. Минералдар жылтырлығы бойынша металдық және метел емес, шыныдай, алмаздай, жартылай металдық, жібектей, күңгірт, май шамдай және т.б. болып бөлінеді. Жымдастық – минералдардың нақты бағыттарда параллельді бірдей жақтарға бөліну қасиеті. Минералдардың жымдастығы 5 түрге бөлінеді: аса жетілген, жетілген, орташа, жетілмеген, аса жетілмеген.


    6 ТАҚЫРЫП. ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚИМА СЫЗУ.

    1. Геологиялық қима дегеніміз не?

    2. Тектоникалық қиманың одан айырмашылығы неде?


    Тапсырма: Геологиялық қима құрастыру.

    Негізгі әдебиет - 5, 6.

    Қосымша әдебиет - 6, 8, 12, 20, 43, 44, 46.
    Әдістемелік нұсқаулар:

    Геологиялық картада кез-келген пунктті немесе бағытты жер бедерінің ең биік не ең төмен нүктелері арқылы өтетін етіп таңдап алу керек. Қима салу үшін көлденең масштаб картаның масштабы түрінде алынады, ал тік масштабты студент өзі таңдайды. Ол үшін, миллиметр қағазының ортасына қимаға орын, ал атауына жоғары жақта, шартты белгілеріне төменгі жақта орын қалдыру керек. Тік масштаб дайындағанда картадағы салыстырмалы биіктіктер тербелісі ескеріледі. Әрбір студенттің таңдаған тік масштабы жұмыс жасауға қолайлы болуы тиіс. Жұмыс жасауға негізінен мына масштабтар қолайлы – 1: 250, 1: 500, 1: 1000. Тік масштабты дайындағаннан кейін, миллиметр қағазының ортасына бір-біріне перпендикуляр ось салу қажет: ордината және абсцисса осьтері. Ордината осіне тік масштабқа және абсолюттік нүктелерге сәйкес сантиметрлік белгілер салу керек. Олардың сандық көрсеткіштерін белгілейді. Абсцисса осіне картадағы горизонтальдар арасындағы қашықтықтар салынады. Картадағы горизонталь арасындағы қашықтық циркуль-өлшеуіш (кейде сызғышпен, немесе миллиметр қағазының қалдығымен өлшенеді) арқылы өлшенеді. Осы өлшенген ара қашықтық абсцисса осіне белгіленеді де нақты биіктіктері бойынша сәйкестендіріледі (математикалық әдістер бойынша). Картадағы барлық скважиналардың нөмірі, олардың абсолюттік биіктік нүктелері, өзендердің атауы және жыныстардың шартты белгілері және т.б. геологиялық картаға сай қимаға түсіріледі де сарғыш немесе қоңыр қарындашпен боялынады (себебі барлық шөгінділер кайнозойлық түрге жатады). Қиманың төменгі оң жағына студенттің аты-жөні, тобы жызылады.


    7 ТАҚЫРЫП. ТАУ ТҮЗІЛУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ОЛАРҒА СИПАТТАМА БЕРУ.

    1. «Қатпарлық» дегеніміз не?

    2. Тау түзілуінің кезеңдерін ата.

    3. Жер қыртысының құрылымдық элементтері.


    Тапсырмалар:

    1. Дәптерге «Тау түзілу кезеңдері» деген кесте құрастыру.

    2. Кескін картаға әлемнің ең биік шыңдарын белгілеу.

    3. Дәптерге келесі жоспар бойынша кесте толтыру:

      • Атауы;

      • Биік шыңы;

      • Қай топқа жататыны;

      • Қай меридиан мен параллельдер арасында жатқанын анықтау.

    Негізгі әдебиет – 1, 3, 5, 6.

    Қосымша әдебиет – 40, 42, 43, 44.


    Әдістемелік нұсқаулар:

    Негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, тау жүйелері бойынша графикалық жұмыстар жазу және кесте толтыру.

    Тау және оның элементтері деген макеттерді және сызбаларды талдай отырып, қорытынды жасау. Жұмыс үшін «Үлкен атласты» және Қазақстанның физикалық картасы мен атласын қолданған ыңғайлы болады.
    8 ТАҚЫРЫП. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ ТАРАЛУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.


    1. Пайдалы қазбалар дегеніміз не?

    2. Жанғыш пайдалы қазбалар қалай таралған?

    3. Қазақстандағы пайдалы қазбалар туралы не білесің?


    Тапсырмалар:

    1. Кескін картаға негізгі бокситтердің кен орындарын белгілеу. Талдау және салыстыру.

    2. Дәптерге жанғыш пайдалы қазбалар туралы сипаттама жазу және талдау.

    Негізгі әдебиет – 1, 2, 5.

    Қосымша әдебиет – 1, 3, 6, 9, 16, 44, 45.
    Әдістемелік нұсқаулар:

    Негізгі және қосымша әдебиеттерді қолдана келе, дәптерге бақылау сұрақтарына жауап жазу. Жанғыш пайдалы қазбалар жөнінде кесте толтыру. Кестені толтыру үшін атластар мен қабырға карталарын пайдаланған жөн. Кестеде пайдалы қазбалардың таралуы және маңызы туралы деректер болуы керек.


    9 ТАҚЫРЫП. ОРОТЕКТОНИКАЛЫҚ КАРТАНЫ ҚҰРАСТЫРУ.

    1. Орография дегеніміз не?

    2. Орогендер және олардың фазалары.

    3. Геосинклинальдар мен плиталар жөніндегі концепциялар.

    Тапсырма: Қазақстанның оротектоникалық картасын құрастыру.
    Негізгі әдебиет – 2, 5.

    Қосымша әдебиет – 5, 28, 32, 39, 42.


    Әдістемелік нұсқаулар:

    Оротектоникалық картаны құрастыру үшін Қазақ ССР-нің атласын (1990 жылғы) пайдалану керек. Қазақстанның кескін картасына үзілмелі сызықтармен (қоңыр қарындашпен) Оңтүстік-Шығыс бөліктерінің тау жүйелерін және орташа таулардың сызбаларын белгілеу. Нақты шартты белгілер арқылы тау жүйелерінің нөмірін белгілі сандар арқылы белгілеу.


    10 ТАҚЫРЫП. КЕМБРИЙГЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ФАНЕРОЗОЙДАҒЫ ЖЕРДІҢ ПАЛЕОГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЖАҒДАЙЛАРЫ.

    1. Фанерозойға не кіреді?

    2. Фанерозойда не болды?

    3. Кембрийге дейінгі кезеңде не болды?

    4. Архейдегі жағдайларды сипатта.

    Тапсырма: Жердің фанерозой мегацикліне арналған геохронологиялық шкала дайындау.

    Негізгі әдебиет - 1, 3, 6.

    Қосымша әдебиет - 6, 8, 12, 14, 20, 43, 44, 46.
    Әдістемелік нұсқаулар:

    Жұмысты орындау үшін геохронологиялық кестені негізге алады. Ондағы барлық кезеңдерге масштабты 1 мм-де 2 млн. жыл деп ал, антропоген үшін 1 мм-де 10000 жыл деп алу керек. Миллиметр қағазына кестедегі түспен дәлдеп, сызбалар жасайды. Соңында сызғыш құралады. Алдыңғы сабақтардағы кембрийге дейінгі кезеңге сай құрастырылған геохронологиялық сызғышпен салыстырып, талдау жасау.


    Студенттің оқытушының басшылық етуімен өзіндік жұмыс жасау сабақтарының жоспары



    ОБСӨЖ тақырыптары

    Қарастырлатын сұрақтар

    Тапсырмалар

    1

    Геология ғылымының практикалық маңызы

    1. Геологияның халық шаруашылығындағы маңызы

    2. Геологиялық зерттеу әдістері



    1. Сұрақтарға жауап жазу

    2. Тест тапсырмаларын сөзжұмбақтар құрастыру

    3. Терминология мен жұмыс


    2

    Жер қыртысы. Оның құрамы, құрылысы

    1. Жер қыртысы туралы түсінік

    2. Шөгінді қабат

    3. Гранитті қабат

    4. Базальтты қабат



    1. Сұрақтарға жауап жазу

    2. Тест тапсырмаларын сөзжұмбақтар құрастыру

    3. Терминология мен жұмыс


    3

    Жердің ішкі қабаттарының физикалық, химиялық қасиеттері

    1. Физикалық қасиеттері

    2. Химиялық қасиеттері



    1. Сұрақтарға жауап жазу

    2. Тест тапсырмаларын сөзжұмбақтар құрастыру

    3. Терминология мен жұмыс


    4

    Минералдардың түрлері

    1. Минералдардың қысқаша сипаттамасы

    2. Коспасыз таза элементтер

    3. Минералдардың жіктелуі


    1. Сұрақтарға жауап жазу

    2. Тест тапсырмаларын сөзжұмбақтар құрастыру

    3. Терминология мен жұмыс


    5

    Тау жыныстары

    1. Тау жыныстары туралы қысқаша мәліметтер

    2. Петрогенездік процестер

    3. Тау жыныстарының минералдық және химиялық құрамы


    1. Сұрақтарға жауап жазу

    2. Тест тапсырмаларын сөзжұмбақтар құрастыру

    3. Терминология мен жұмыс


    6

    Магмалық тау жыныстары

    1. Магмалық тау жыныстарының пайда болуы

    2. Магмалық тау жыныстарының жіктемесі

    3. Магмалық тау жыныстарының жер бетінде таралуы


    1. Сұрақтарға жауап жазу

    2. Тест тапсырмаларын сөзжұмбақтар құрастыру

    3. Терминология мен жұмыс


    7

    Шөгінді тау жыныстары

    1. Шөгінді тау жыныстары туралы жалпы түсінік

    2. Олардың жіктемесі

    3. Жер бетінде таралуы


    1. Сұрақтарға жауап жазу

    2. Тест тапсырмаларын сөзжұмбақтар құрастыру

    3. Терминология мен жұмыс


    8

    Метаморфтық тау жыныстары

    1. Метоморфизм

    2. Метаморфтық тау жыныстары



    1. Сұрақтарға жауап жазу

    2. Тест тапсырмаларын сөзжұмбақтар құрастыру

    3. Терминология мен жұмыс


    9

    Геохронологиялық кесте

    1. Геохронологиялық атаулар

    2. Бөлімшелердің атаулары және олардың орналасу реттілігі

    3. Геохронологиялық кестенің сипаттамасы


    1. Сұрақтарға жауап жазу

    2. Тест тапсырмаларын сөзжұмбақтар құрастыру

    3. Терминологиямен жұмыс


    10

    Экзогендік үрдістер

    1. Экзогендік үрдістердің пайда болу себептері

    2. Экзогендік үрдістерді геологиялық әрекеті

    1. Сұрақтарға жауап жазу

    2. Тест тапсырмаларын сөзжұмбақтар құрастыру

    3. Терминологиямен жұмыс


    11

    Эндогендік үрдістер

    1. Магматизм

    2. Вулканизм

    3. Тектоникалық қозғалыстар

    1. Сұрақтарға жауап жазу

    2. Тест тапсырмаларын сөзжұмбақтар құрастыру

    3. Терминологиямен жұмыс


    12

    Жер қыртысының қатпарлы құрылымдары

    1. Қатпарлы құрылымдар, олардың шығу тегі

    2. Қатпарлы құрылымдардың әртүрлілігі

    1. Сұрақтарға жауап жазу

    2. Тест тапсырмаларын сөзжұмбақтар құрастыру

    3. Терминологиямен жұмыс


    13

    Жер қыртысының геотектоникалық құрылысы

    1. Континенттер қозғалысы

    2. Жер қыртысының геологиялық құрылымы

    1. Сұрақтарға жауап жазу

    2. Тест тапсырмаларын сөзжұмбақтар құрастыру

    3. Терминологиямен жұмыс


    14

    Жер және жер қыртысының даму тарихы

    1. Архей эрасындағы жер қыртысының дамуы

    2. Жер қыртысының фанерозой эрасында дамуы

    3. Кайназой эрасы

    1. Сұрақтарға жауап жазу

    2. Тест тапсырмаларын сөзжұмбақтар құрастыру

    3. Терминологиямен жұмыс


    15

    Литосфералық плиталар

    1. Литосфералық плиталар туралы қысқаша мәлімет

    2. Литосфералық плиталардың тектоникасы туралы теориялар

    1. Сұрақтарға жауап жазу

    2. Тест тапсырмаларын сөзжұмбақтар құрастыру



    3. Терминоло-мен жұмыс

    Геология пәнінен студенттің өздік жұмысының тапсырмалары
    Әдістемелік нұсқаулар: осы тақырып бойынша лабораториялық сабақтарға ұсынылған нұсқауларды қолдану (2.4.). Жазбаша рефератты жазу үшін оның көлемі 15 -20-баспа бет блуы керек, шрифт Times New Roman KZ және шрифт өлшемі 14, мәтін арасындағы аралық принципі 1,5. Рефератты жазу барысында Жер туралы алғашқы ойлар немесе тұжырымдар және Жердің құрылысы жөніндегі деректерді пайдалану керек. Рефераттың сыртқы беті негізгі стандарт бойынша толтырылады.

    Тапсырма: Жердің пайда болуының космогониялық теориялары туралы жалпы түсініктерді қалыптастыруда дәріс пен лабораториялық сабаққа дайындалу үшін көрсетілген әдебиеттерді пайдаланып, жазбаша реферат дайындау (2.6.1 – 16, 17, 26 тақырыптар).

    Ұсынылатын әдебиеттер: негізгі – 1, 2, 6; қосымша – 15, 16, 19-25.
    Тапсырма: Геологияның шаруашылықта алатын орны жөнінде реферат жазу.

    Ұсынылатын әдебиеттер: негізгі – 1-6; қосымша – 1-5; 13-18; 47-50.
    Тапсырма: Жер қабығы оның құрылысы жөнінде реферат жазу және лабораториялық сабаққа дайындалуға берілген сұрақтарға өздігімен дайындалу (2.4.). Рефератты келесі тақырыптар бойынша алу: Жер қабығы және оның құрылысы. Жер қыртысының минералдық құрамы. Жер қыртысының петрографиялық құрамы (2.6.1-дегі 8, 18, 19 тақырыптар).

    Ұсынылатын әдебиеттер: негізгі – 2-6; қосымша – 16-29; 47-50.

    Әдістемелік нұсқаулар: жазбаша хабарламанының көлемі 2-5 баспа беттен кем болмауы керек. Хабарламаға студенттің атып жөні және тобы міндетті түрде көрсетілуі керек.

    Тапсырма: Жердің геологиялық дамуы және оның тарихы туралы лабораториялық сабаққа дайындалуға берілген сұрақтарға өздігімен дайындалу (2.4.). Жердің геологиялық кезеңдер бойынша даму ерекшелігі мен негізгі палеогеографиялық өзгерістерді баяндайтын жазбаша хабарлама дайындау (2.6.1.-дегі 20, 21 тақырыптар)

    Ұсынылатын әдебиеттер: негізгі әдебиет – 2, 4, 6; қосымша әдебиет – 12, 15, 19.
    Әдістемелік нұсқаулар: Кез-келген материктегі вулкандарға сипаттама беру үшін келесі жоспарды есепке алу қажет: 1) Вулканның атауы; 2) Вулканның географиялық орналасуы; 3) Вулканның түрі мен атқылау жағдайы. Сипаттаманы жазбаша түрде орындап, оқытушыға тапсыру. Сипаттама 2-5 беттен кем болмауы керек және 12 кегльмен басылуы қажет.

    Тапсырма: Эндогендік геологиялық процестер, олардың түрлері мен факторлары жөніндегі лабораториялық сабаққа дайындалуға берілген сұрақтарға өздігімен дайындалу (2.4.). Эндогендік процестер жөніндегі тақырып бойынша, оның ішінде вулканиз процесі жөнінде кез-келген материктің вулкандарына сипаттама беру. Сипаттаманы жазбаша орындау.

    Ұсынылатын әдебиеттер: негізгі әдебиет - 2, 5, 6; қосымша әдебиет - 6, 8, 12, 16, 20, 43, 45.
    Әдістемелік нұсқаулар: Кез-келген материктегі шөлдерге сипаттама беру үшін келесі жоспарды есепке алу қажет: 1) Шөлдің атауы; 2) Шөлдің географиялық ораналсуы; 3) Шөлдегі желдердің геологиялық әрекеті.

    Тапсырма: Экзогендік процестердің түрлері мен әсер етуші факторлары жөніндегі лабораториялық сабаққа дайындалуға берілген сұрақтарға өздігімен дайындалу (2.4.). Экзогендік процестер жөніндегі тақырып бойынша, оның ішінде желдердің геологиялық әрекеті жөнінде кез-келген материктің шөлдеріне сипаттама беру. Сипаттаманы жазбаша орындау.

    Ұсынылатын әдебиеттер: негізгі әдебиет – 1, 3, 4, 6; қосымша әдебиет - 24, 37, 38, 41, 43, 45.
    Тапсырма: Мұздықтардың геологиялық әрекеті туралы реферат жазу. Реферат жазу барысында Қазақстанның биік тауларындағы мұздықтар туралы жазуға болады (2.6.1.-дегі 2, 22, 23 тақырыптар).

    Ұсынылатын әдебиеттер: негізгі – 3-6; қосымша – 11, 25, 27, 30.
    Әдістемелік нұсқаулар: жазбаша хабарламанының көлемі 2-5 баспа беттен кем болмауы керек. Хабарламаға студенттің атып жөні және тобы міндетті түрде көрсетілуі керек.

    Тапсырма: Жер қыртысының түзілу тарихы жөніндегі негізгі тұжырымдарға талдау жасап, жазбаша хабарлама жазу және лабораториялық сабаққа дайындалуға берілген сұрақтарға өздігімен дайындалу (2.4.). Жер қыртысының қалыптасу тарихы туралы деректерге жалпы шолу жасау.

    Ұсынылатын әдебиеттер: негізгі әдебиет - 2, 5, 6; қосымша әдебиет - 11, 13, 18, 24, 40.
    Тапсырма: Жер қыртысының құрылымдық элементтері оның ішінде геосинклиндер мен платформалар жөнінде жазбаша хабарлама даярлау және осы тақырып бойынша лабораториялық сабаққа дайындалуға берілген сұрақтарға өздігімен дайындалу және реферат жазу (1.7.; 2.4.).

    Ұсынылатын әдебиеттер: негізгі әдебиет - 2, 3, 5; қосымша - 13, 18, 26, 28, 32, 36, 47-50.
    Әдістемелік нұсқаулар: Баяндама жазу үшін таңдалған тақырып бойынша қосымша әдебиеттерді пайдалану керек. Жердің геологиялық кезеңдерде даму ерекшелігін көрсету.

    Тапсырма: Кембрийге дейінге кезеңдегі Жердегі палеогеографиялық өзгерістер жөніндегі тақырыпта баяндама жазу (2.6.1-дегі 24 тақырып.).

    Ұсынылатын әдебиеттер: негізгі әдебиет - 5, 6; қосымша әдебиет - 1, 2, 10, 15, 18, 21, 24, 39.
    Тапсырма: Жердің палеозой , мезозой және кайнозой дәуірлеріндегі болған палеогеографиялық өзгерістерін сипаттайтын хабарлама даярлау және лабораториялық сабаққа дайындалуға берілген сұрақтарға өздігімен дайындалу және реферат жазу (2.6.1-дегі 25 тақырып.).

    Ұсынылатын әдебиеттер: негізгі әдебиет – 1-6; қосымша әдебиет - 1, 2, 10, 15, 18, 21, 24, 39, 47-50.

    Н.4.02.-05


    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

    Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

                                                      БЕКІТЕМІН

    Кафедра отырысы шешімімен

    Кафедра меңгерушісі

    Заңдыбай А.



    5В011600 - география мамандығы


    Геология пәні бойынша

    Емтихан сұрақтарының



    ТІЗІМІ

    Көкшетау, 2013



    Геология пәні бойынша сұрақтар:


    1. Геология пәні, зерттеу әдістері мен зерттеу объектісі.

    2. Шөгінді тау жыныстары мен олардың жіктелуі.

    3. Интрузияның негізгі формалары.

    4. Геологияның негізгі бағыттары. Басқа ғылымдармен байланысы.

    5. Өзендердің сағалық бөліктері.

    6. Пайдалы қазбалардың магмалық кен орындары.

    7. Қазақстандағы геология ғылымының негізін қалаушылар.

    8. Желдің геологиялық әрекеті.

    9. Жеке элементтер.

    10. Жер қыртысының минералдық құрамы.

    11. Мұздықтардың түрлері.

    12. Эффузивтік және интрузивтік магматизм.

    13. Геохронологиялық шкала.

    14. Вулкандардың түрлері, таралуы.

    15. Силикаттар.

    16. Үгілу үрдісі, оның түрлері.

    17. Кристаллдық зат және оның құрылысы.

    18. Магманың бөлінуі жөніндегі түсінік.

    19. Минералдардың негізгі кластары және оларға жалпы сипаттама.

    20. Мұздықтардың бұзу әрекеті.

    21. Тектоникалық бұзылулар.

    22. Тау жыныстарының жасын анықтау әдістері.

    23. Теңіз шөгінділері.

    24. Метаморфтық тау жыныстары.

    25. Өзен аңғарларының дамуының циклділігі мен бағыттылығы, олардың түрлері.

    26. Фосфаттар класы.

    27. Қазақстанның минералдық ресурстары.

    28. Мұздықтардың аккумулятивтік әрекеті.

    29. Оксидтер мен гидроксидтер.

    30. Қатпарлар және олардың морфологиялық түрлері.

    31. Моос шкаласы. Минералдардың негізгі физикалық қасиеттері.

    32. Теңіздердің бұзу және тасымалдау әрекеті.

    33. Магматизм және магматизмнің түрлері.

    34. Каустобиолиттер.

    35. Жердің ішкі құрылысы.

    36. Платформалар және олардың дамуы.

    37. Галоидты қосылыстар.

    38. Геосинклинальдар мен орогендер және олардың дамуы.

    39. Дефляция және тасымалдау.

    40. Тау жыныстары.

    41. Гипергенез және үгілу қыртысы.

    42. Метаморфизм және олардың түрлері.

    43. Борпылдақ шөгінділердің генетикалық түрлері.

    44. Магмалық тау жыныстары.

    45. Жер қыртысы: түрлері мен қалыңдығы.

    46. Минералдардың экзогендік түзілулері.

    47. Жердің дамуының кайнозойлық дәуірі.

    48. Шөгінділердің диагенезі.

    49. Тау түзілуінің үрдістері.

    50. Карбонаттар.

    51. Геология пәні және жерді қорғау.

    52. Сульфидтер.

    53. Жер сілкінісі: белсенділігі, географиялық таралуы.

    54. Кембрийге дейінгі Жердің даму эоны.

    55. Минералдардың түзілуінің эндогендік үрдістері.

    56. Протерозой дәуіріндегі Жердің дамуы.

    57. Тасымалдану мен аккумуляция.

    58. Үгілу қыртысының түзілуінің жағдайлары мен факторлары.

    59. Қазақстанның пайдалы қазбалары.

    60. Минералдардың морфологиясы.

    61. Мезозой дәуіріндегі Жердің дамуы.

    62. Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары.

    63. Мұздықтардың геологиялық әрекеті.

    64. Кендердің шөгінді түрмен түзілген кен орындары.

    65. Жер қыртысындағы каледон және герцин түзілімдері.

    66. Аллювий, делювий, пролювий, элювий, колювий.

    67. Кесекті жыныстарды тасымалдаудағы мұздықтардың әрекеті.

    68. Кен орындарының үгілу қыртысы.

    69. Жердің геологиялық дамуының негізгі кезеңдері.

    70. Жер беті суларының геологиялық әрекеті.

    71. Өзен аңғарларының дамуындағы негізгі заңдылықтар.

    72. Дефляция. Тасымалдау және корразия.

    73. Теңіз шөгінділері.

    74. Платформалар мен геосинклинальдар.

    75. Жер қыртысындағы тектоникалық қозғалыстардың түрлері.



    Геология пәнінен тест тапсырмалары

    1. Жер туралы ғылым.

    a) Геология

    b) Метеорология

    c) Климатология

    d) Физика

    e) Астрономия
    2. Жердің сыртқы пішіні мен жалпы мөлшерін жер бедерінің басты элементтерін және климат жағдайының ерекшеліктерін зерттейді?

    a) Геофизика

    b) Геохимия

    c) Физикалық география

    d) Минералогия

    e) Петрология


    3. Литология дегеніміз?

    a) Шөгінді тау жыныстарының құралу және өзгеру заңдылықтарын зерттейді;

    b) Тау жыныстарының құрамы мен құрылысын және олардың пайда болу жолдарын анықтайды;

    c) Жер қыртысының жалпы даму кезеңдерін зерттейтін ғылым;

    d) Жер сілкінудің қандай себептерден болатныдығын зерттейтін ғылым;

    e) Жер қыртысының құрылымдық элементтерін қарастырады;


    4. Ресейде геологиялық білімінің негізін қалаған кім?

    a) Ф.М.Достоевский;

    b) М.В.Ломоносов;

    c) И.А.Бунин;

    d) В.В.Маяковский;

    e) Н.В.Гоголь;


    5. Батыс Еуропада геологиялық білімнің негізін қалаған кімдер?

    a) Р.Гуль мен Фредегар;

    b) Р.Якбосов пен П.Диакон;

    c) Е.Замятин;

    d) Д.Геттон мен Вернер;

    e) М.Б. Козьман;


    6. Геологтардың халықаралық ұйымы – Геологиялық конгресс қай жылы ұйымдастрылды?

    a) 1748 ж;

    b) 1875 ж;

    c) 1910 ж;

    d) 1808 ж;

    e) 1631 ж;

    7. Қандай әдіс дегенің жерге тартылу шамасының жер бетінде әр түрлі болатындығына негізделген?

    a) Магнитометриялық әдіс;

    b) Палеомагниттік әдіс;

    c) Геометриялық әдіс;

    d) Геохимиялық әдіс;

    e) Гравиметриялық әдіс;


    8. Жердің полярлық радиусы?

    a) 8432 км;

    b) 5291 км;

    c) 6356,8 км;

    d) 7724 км;

    e) 4753 км;


    9. Жердің экваториалдық радиусы?

    a) 5478.2 км;

    b) 9124,2 км;

    c) 3246 км;

    d) 6378,2 км;

    e) 7112,3 км;


    10. Жердің массасы қаншаға тең?

    a) 5,977•1021 Т.

    b) 6,871•1022 Т;

    c) 7,712•1020 Т;

    d) 8,731•1020 Т;

    e) 4,329•1020 Т;


    11. Жердің ауданы?

    a) 390 млн.км2;

    b) 510 млн.км2;

    c) 452 млн.км2;

    d) 621 млн.км2;

    e) 639 млн.км2;


    12. Белгілі бір уақыт аралғында рет-ретімен қабатталып жиналған шөгінді жыныстар жиынтығын қалай атаймыз?

    a) Эонотема;

    b) Ғасыр;

    c) Стратиграфиялық шкала.

    d) Кезең;

    e) Заман.


    13. Стратиграфиялық атаулар қалай аталады?

    a) Неондар;

    b) Биогендер;

    c) Стратондар;

    d) Неогендер;

    e) Геохрондар;


    14. Георонологиялық ұғымдар қалай аталады?

    a) Геохрондар;

    b) Стратондар;

    c) Биогендер;

    d) Неондар;

    e) Неогендер;


    15. Бірнеше эраларды (заманаларды) қамтитын ең ірі стратиграфиялық топтардан (эратемалардан) тұрады?

    a) Бөлім;

    b) Топ;

    c) Заман;



    d) Период;

    e) Эонотемалар;


    16. Қазіргі кезде жердің тарихы неше Эонотемаға ажыратылады?

    a) 3;


    b) 4;

    c) 2;


    d) 6;

    e) 5;
    17. Мезозой және кайнозой топтарын біріктіреді?

    a) Криптозойлық;

    b) Архей;

    c) Стратиграфиялық;

    d) Фанерозойлық;

    e) Заман;
    18. Ең алғашқы тіршіліктің бастамасы?

    a) Протерозой;

    b) Архей.

    c) Кайнозой;

    d) Мезазой;

    e) Криптозой;


    19. Жергілікті халықтың атымен аталатын кезең?

    a) Ордовик;

    b) Пермь;

    c) Девон;

    d) Кембрий;

    e) Девон;


    20. Топтардың индекстерін қайда қолданады?

    a) Кестедеж

    b) Құжаттарда;

    c) Оқулық;

    d) Кітап;

    e) Геологиялық карта;


    21. Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтауда радиологиялық әдісті кім алғашқы болып қолдаған?

    a) Ж.Б.Ламарк;

    b) Пьер Кюри;

    c) Ч.Дарвин;

    d) Ломоносов;

    e) Аристотель;


    22. Мезозой дәуіріне жатады?

    a) Реид, Рифей;

    b) Төрттік,Неоген,Памеоген;

    c) Пермь,Таскөмір;

    d) Бор,Юра,Триас;

    e) Девон,Силур,Ордовик;


    23. Жер қыртысы жердің сыртқы қатты бөлігін құрайды.Оның шекарасын ең алғаш анықтаған ғалым кім?

    a) АҚШ ғалымы,геолог ДЖ.Баррель;

    b) Австрия ғалымы В.Конрад;

    c) Неміс геофизигі Б.Гутенберг;

    d) Югославия ғалымы,Сейсмолог Андрей Махоровичич;

    e) Неміс ғалымы Э.Вихерт;


    24. Жердің жылу өрісінін, тау жыныстарының тереңдігіне байланысты өзгеріп тұратындығын зерттеуге негізделген әдіс түрі?

    a) Палеомагниттік;

    b) Магнитометриялық әдіс;

    c) Гравиметриялық әдіс;

    d) Геотермиялық әдіс;

    e) Сейсмикалық әдіс;


    25. Б.э.II ғасырда геоцентрлік жүйенің негізін қалаған кім?

    a) Аристотель;

    b) Гломар Челленджер;

    c) Птолемей;

    d) В. Г. Фесенков;

    e) Пифагор;


    26. Құс жолының диаметрі?

    a) 27—29 килопарсек (кпс);

    b) 25—27 килопарсек (кпс);

    c) 32—34 килопарсек (кпс);

    d) 45—47 килопарсек (кпс);

    e) 55—57 килопарсек (кпс);


    27. Күннің массасы бүкіл жүйенің неше %-ін құрайды?

    a) 98,88 %-ін;

    b) 95,89 %-ін;

    c) 90,90 %-ін;

    d) 99,87 %-ін;

    e) 96,95 %-ін;


    28 Планета грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?

    a) серік;

    b) адасқандар;

    c) қалықтаушы;

    d) шоқ жұлдыз;

    e) Құйрықты жұлдыз;


    29. Осы уақытқа дейін табылған метеориттің ең ірісі ...

    a) Гоба;


    b) Церера;

    c) Веста;

    d) Метеор;

    e) Богусловка;


    30. Жазық алқаптарда жер қыртысының қалыңдығы?

    a) 35-40 км;

    b) 40-45 км;

    c) 37-40 км;

    d) 35-47 км;

    e) 50-55 км;


    31. Жер қыртысының континенттегі қанша қабаты бар:

    a) 3;


    b) 4;

    c) 5;


    d) 6;

    e) 7;
    32. Тек материктерде кездесетін сейсмикалық шекара қалай аталады?

    a) Мохо;

    b) КМ;


    c) Вихерт жазық;

    d) Конрад жазықтығы;

    e) Корандина;
    33. Тұрақты температура деңгейінен төмен өарай, температура шамасынын 1С-қа көтерілуін қалай айтады?

    a) темперамент;

    b) термиялық;

    c) градиент;

    d) геотермиялық саты;

    e) абсолютті;


    34. Жер қыртысының химиялық құрамы жөніндегі алғашқы ғылыми еңбек авторы?

    a) Ф. Кларк;

    b) Б.Б. Голицин;

    c) К.Э. Буллен;

    d) Б. Бутенберг;

    e) А.Ф Копустин


    35. Минерал деген сөз латын тілінен қандай мағына береді?

    a) Тас;


    b) Су;

    c) Руда;


    d) Қатты;

    e) Көмір;


    36. Селикаттар дегеніміз не?

    a) Қышқыл молекула;

    b) Зарядталған атомдар;

    c) Кремнилі қышқылдардың тұздары;

    d) Голойд тұзы;

    e) Анионды тұздар;


    37. Мұхит түбінде қандай қабат болмайды?

    a) гранитті;

    b) шөгінді;

    c) бaзальтты;

    d) вулканогенді;

    e) сейсмикалық;


    38. Шартты түрде мантия нешеге бөлінеді?

    a) 5;


    b) 4;

    c) 3;


    d) 2;

    e) 8;
    39. Сыртқы ядро мен субъядроның шекарасын анықтаған ғалым?

    a) Б.Б. Голицман;

    b) Э.Вихерт;

    c) Б. Гутенберг;

    d) Д. Баррель;

    e) И. Леман;
    40. Шөгінді тау жыныстарының орташа тығыздығы?

    a) 2,5-2,6 г/см3;

    b) 2,4-2,5 г/см3;

    c) 2,6-2,7 г/см3;

    d) 2,3-2,4 г/см3;

    e) 2,7-2,8 г/см3;


    41. Геотермиялық сатының орташа шамасы:

    a) 42 м;


    b) 23 м;

    c) 53 м;


    d) 33 м;

    e) 63 м;
    42. Шартты түрде барлық мениралдарды қаттылығына қарай неше топқа бөлуге болады?

    a) 3;

    b) 5;


    c) 2;

    d) 6;


    e) 4;
    43. Жұмсақ минералдардың бірі:

    a) гипс;


    b) кварц;

    c) алмас;

    d) топаз;

    e) корунд;


    44. Қазіргі уақытта мұздар жер бетінің қанша %-ын алып жатыр?

    a) 8 %;


    b) 11%;

    c) 15%;


    d) 23%;

    e) 30%;
    45. Мұздықтардың бұзушылық әрекеті?

    a) мореналар;

    b) солифлюкция;

    c) экзарация;

    d) лесс;


    e) айсберг;
    46. Жер бетінің төмен қарай майысу жылдамдығы жылына қаншага жетеді?

    a) 3-8 см;

    b) 12-14 см;

    c) 25-26 см;

    d) 30-39 см;

    e) 16-19 см;


    47. Қандай процесс үгілу заттарының денудациялық агенттердің күшімен жаңа орынға тасымалданған тау жыныстарының орын ауыстыру әрекеттерін қамтиды?

    a) Диагенездік;

    b) Үгілу;

    c) Аккумуляциялық;

    d) Денудациялық;

    e) Генетикалық;


    48. Қандай процестердің нәтижесінде алғашқы жыныстардың үгілу заттары жер бедерінің ойыс немесе шұңғыл аудандарында тұнбалар түрінде шөгінді қабаттар түзіледі?

    a) Аккумуляциялық;

    b) Дедукциялық;

    c) Гравиметриялық;

    d) Диагенездік;

    e) Денудациялық;


    49. Үгілу процестері қалай ажыратылады?

    a) геофизикалық және геохимиялық болып;

    b) физикалық және биологиялық болып;

    c) биологиялық және химиялық болып;

    d) физикалық, химиялық және биохимиялық болып;

    e) физикалық, химиялық;


    50. Үгіліске ұшыраған борпылдақ жыныстардың ұсақ құм түйіршіктерінің жаңа орынға ұшып-қонуын қалай айтады?

    a) Корразия;

    b) Дефляция;

    c) Эол;


    d) Гипергенез;

    e) Эррозия;



    Геология пәнінен глоссарий
    Абсолюттік геохронология — жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының жасын, сонымен бірге жердің тарихындағы геологиялық ірі оқиғалардың болған уақыты және ұзақтығы (кәдімгі астрономиялық жылдар есебімен) оның құрамында кездесетін радиоактивтік элементтердің (уран, торий, рубидий, калий, көміртегі) ыдырау заттарын (238U 235U, 232ТҺ, 87КЬ, 40К, 14С) зерттеу арқылы анықталады
    Ауырлық күшінің үдеу шамасы жердің құрылысы мен сыртқы пішінінің өзгерістеріне қарай анықталады; ауырлық күші экваториальды аймақтармен салыстырғанда полярлық аймақтарда көбірек; оның үдеу шамасы полюстен экваторға қарай біртіндеп азаяды (0,5%). Бірақ кейбір аймақтарда бұл заңдылық орындалмайды. 
    Геотермиялық саты деп тұрақты температура деңгейінен төмен қарай, температура шамасынын, 1°С-қа көтерілуі үшін жеткілікті тереңдік (немесе метр есебімен алынған қашықтық) атайды.


    Геотермиялық градиент деп, жер қойнауының әрбір 100 м-іне тереңдеген сайынғы температураның (градус есебімен) өзгеру шамасын айтамыз. Геотермиялық градиенттің орташа шамасы (әрбір 100 м-ге) 3°С деп есептеледі.

    Гипергенез деп, жер бетіндегі және жер қыртысының жоғарғы бөліктерін құрайтын минералдық заттардың физикалық-химиялық әрекеттердің нәтижесінде өзгеруін айтады

    Түйіршікті агрегаттар — минералдардың ұсақ түйіршіктерінің бір-біріне қосылып, бірігіп өсуі. Олар ыстық су ерітінділерінен немесе балқыған ыстық магмадан минералдық көп түйіршіктердін, бір мезгілде кристалданып, қалыптасуына байланысты құралады.

    Друзалар — азды-көпті жетілген кристалдардың ортақ табанға бір шетімен қадалып, қатар өсіп-жетілуімен сипатталады. Олар бос кеңістікте, тау жыныстарының ашық жарықшақтары мен қуыстарында және тау үңгірлерінде құралады. Мысалы, кварц минералы друзалар түрінде жиі кездеседі (тау хрусталі).

    Қосақтар — белгілі бір заңдылықпен бірігіп, қосақтала өскен, кемінде екі кристалдан құралған агрегаттар. Мысалы, гипс минералының қосағы “Қарлығаш кұйрығы” деген атпен белгілі. Полисинтетикалық қосақтар көп кристалдардың қосақтар түрінде бірігіп өсуінен құралады.

    Секрециялар — тау жыныстарының дөңгелек пішінді қуыстарында минералдық заттардан құралады. Олар осы айтылған үлкенді-кішілі қуыстарды перифериялық шетінен бастап ортасына қарай біртіндеп толтырады, былайша айтқанда концентрациялық зоналар түрінде қалыптасады. Секрециялық пішіннің орталығы бос қуыс күйінде қалуы да мүмкін. Секрецияның ұсақ түрлерін (10 мм-ге дейін) миндалиндер, ал ірі түрлерін жеодалар деп атайды.

    Конкрециялар — белгілі бір кристаллизациялық орталықтан оның шетіне қарай тарала өсіп минералдық заттармен толып, дөңгелек пішінді болып құралады. Олар көбінесе бір орталықтан шашырай таралған радиальды сәуле тәрізді болып қалыптасады (мысалы, марказит, фосфорит).

    Оолиттер — дөңгелек пішінді концентрациялық құрылысы айқын байқалатын ұсақ (10 мм-ге дейін) дене түрінде кездеседі. Олар минералдық заттардың сулы ортадан біртіндеп бөлінуі кезінде құралады (мысалы, лимониттер мен пиролюзиттер).

    Сауыстанған агрегаттар — үлкенді-кішілі үңгірлер мен қуыстарда ыстық су ерітінділерінен, олардың өте баяу жылдамдықпен булануы кезінде біртіндеп кристалдануы нәтижесінде құралады. Олар әр түрлі пішінде (бүйрек тәрізді, мұзға айналған су тамшысындай және т. б.) кездеседі.

    Топырақ тектес және тығыз агрегаттар — экзогендік әрекеттерге байланысты құралады. Оларды құрайтын минералдық заттар жай көзбен көрінбейтін өте майда және өте тығыз түйіршіктерден тұрады (мысалы, халцедон).

    Стратиграфиялық шкала — белгілі бір уақыт аралығында рет-ретімен қабатталып жиналған шөгінді жыныстар жиынтығын, ал оған сәйкес келетін геохронологиялық шкала — уақыт мерзімін көрсетеді.

    Үгілу (выветривание — немісше “веттер” — ауа райы деген мағынада) процесі деп, жер қыртысын құрайтын алғашқы заттардың (магмалық, метаморфтық және шөгінді жыныстардың) жер бетінде табиғи жағдайда үздіксіз жүріп жататын (физикалық, химиялық және биохимиялық) әр түрлі әрекеттердің нәтижесінде (ыстық ауа мен салқын ауаның кезек алмасуы, жауын-шашын, су мен жел, ауадағы оттегі мен көмір қышқыл газының және әр түрлі қышқылдардьщ химиялық әсері, күн радиациясы, тірі организмдер мен өсімдіктердін, әрекеттері) байқалатын өзгерістердін, жиынтығын айтады.

    Денудациялық (латынша “денудацио” — ашылу) процесс — үгілу заттарының денудациялық агенттердің (гравитациялық күштер, мұхиттар мен теңіз сулары және атмосфералық сулар мен құрлық сулары, мұздықтар мен соққан жел әрекеттері) күшімен жаңа орынға тасымалданған тау жыныстарының орын ауыстыру әрекеттерін қамтиды. Бұл әрекеттердің нәтижесінде жер беті тегістеліп, тегіс пішінді бедер түрлері калыптасады.

    Аккумуляциялык, (шөгінді қабаттардың жиналуы) процестердің нәтижесінде, алғашқы жыныстардың (магмалық, метаморфтық) үгілу заттары жер бедерініқ ойыс немесе шұңғыл аудандарында (өзен аңғарларында, көлдер мен батпақтарда, мұхиттар мен теңіздерде) тұнбалар түрінде шөгінді қабаттар түзіледі.

    Диагенез — борпылдақ шөгінді қабаттардың цементтеліп, шөгінді тау жыныстарына айналуына әсерін тигізетін термодинамикалық күрделі процесс. Мысалы, құмнан — құмтас, жұмырланған малта тастан — конгломерат, су жәндіктерінің қалдықтарынан — қабыршақтас (ракушняк), өсімдіктер қалдықтарынан — торф, тас көмір қабаттары пайда болады, ал құмға араласқан ізбесті лайдан ізбестас түзіледі.

    Корразия (латын тілінде “корразио” — қажаймын деген мағынада) деп, жел айдап ұшырған ұсақ құм түйіршіктердің жер бетіндегі жар тастарды мүжіп, тау жыныстарына тигізетін механикалық әсерін айтады.

    Дефляция (латын тілінде “дефлятцио” — үрлеу деген мағынада) деп, үгіліске ұшыраған борпылдақ жыныстардың ұсақ құм түйіршіктерінің (желдің үрлеу күшіне қарай) жаңа орынға ұшып-қонуын айтады.

    Оз — бұрынғы мұздықтардың қозғалған бағытына қарай созылып жатқан қазіргі бел-қырқалар. Ұзындығы 30—40 км, ені бірнеше метрден 2—3 км-ге, биіктігі ондаған метрге жетеді. Құм, қиыршық, қойтас, малта тастан түзіледі.

    Друмлиндер — ұзынша, созыла біткен төбелер мен төбешіктер. Ішкі ядросы түп жыныстардан немесе құмдардан түзіледі. Биіктігі 45 м-ге, үзындығы жүздеген метрден 2,5 км-ге дейін, кейде одан да артық болады, ені 150—400 м.

    Зандр — мұздықтардың шеті мен етек жағындағы мореналық материалдың (жібіген тоң шайылып) қайта шөккен қалдықтары. Олар құмбаскан кеңістік құрайды.

    Кам — бұрыс пішінді келген биіктігі 10—20 м-лік төбелер. Олар әр түрлі құмдардан, қиыршық тастардан, малта тастардан, таспалы балшықтан, койтастардан түзілген.

    Билялова Алина бақытжанқызы

    Есенжолов Бауыржан Қаириденұлы

    Геология 

    Оқу-әдістемелік кешен

    Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің редакциялық-баспа бөлімі

    2013 ж баспаға қол қойылды. Көлемі 5,75 б.п. Таралымы 100 дана.

    Тапсырыс № . Қағаз көшірмелі. Ризография.


    Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспаханасында басылған

    Отпечатано в типографии Кокшетауского государственного университета им.Ш.Ш.Уалиханова

    Мекен жайымыз: Қазақстан, Ақмола обл., Көкшетау қ.,

    Абай көшесі, 76, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ РБҚ.



    e-mail: universi@kokshetau.online.kz


    Каталог: Книги
    Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
    Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
    Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
    Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
    Книги -> АҚША, несие, банктер
    Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
    Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
    Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
    Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет