Алдын-ала барлау. Бүкіл кенорынның немесе жеке-дара бөліктерінің өндірістік маңызын анықтау мақсатында жүргізілетін барлау жұмыстарының бірінші сатысы; кенорынның жалпылама мөлшері (масштабы), басты-басты пайдалы қазба жатындарының пішіні мен мөлшері, заттық құрамы, техникалық сипаттары, табиғи түрлері, өндіру жағдайлары т.с.с. алады. Алдын-ала барлау нәтижелеріне сәйкес, кеннің қоры анықталып, оны өндіріс тұрғысынан бағалайтын арнаулы техникалық-экономикалық баяндама жасалады.