Геометриялық нивелирлеу
Нивелирлеудің түрлері, биікайырым өлшеулері. Нивелирлеу тәсілдері
Нүктелердің биіктік белгілерінің мәні мен олардың салыстырмалы биіктіктерін есептеп шығаратын геодезиялық өлшеулер нивелирлеу деп аталады. Нүктелердің алынған биіктік белгілерінің мәні барлық масштабтағы топографиялық түсірістердің биіктік негізі болып саналады және олар халық шаруашылығына қажетті инженерлік есептерді, сондай-аº бірқатар ғылыми есептеулåðäi шешу үшін қолданылады Нүктелердің биіктігін техникалық нивелирлåóäi қолданып геометриялық нивелирлеумен анықтайды. Геометриялық нивелирлеу ортадан және алға қарай нивелирлеу әдістерi болып бөлінеді.
Ортадан нивелирлеуде нивелир А және В (22-сурет) нүктелерінің дәл ортасындағы С нүктесіне орнатылады, ал нүктелерге бірдей рейкалар қойылады. Дүрбінің нысаналау осін Горизонталь жағдайына келтіреді де, нивелирдің дүрбісін біртіндеп рейкаларға нысаналайды. Бұдан кейін 3 және П есептеулерін алады,олар нысаналау сәулесінен А және В нүктелеріне дейін кесінділер болып саналады. Мұнда А және В нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктік (һ) мына формула бойынша есептеліп шығарылады:
Егер «артқа есептеу» 3 «алға есептеуден» П артық болса (3>П), онда салыстырмалы биіктік h оң болады, яғни В нүктесі А нүктесінен биік орналасады. Ал «артқа есептеу» 3 «алға есептеуден» П кем болса (3<П), онда салыстырмалы биіктік теріс болады, яғни В нүктесі А нүктесінен төмен орналасады.
Егер А нүктесінің биіктік белгісінің мәні НА белгілі болса, онда келесі В нүктесінің биіктік белгісінің мәні Нв бұрынғы нүктенің биіктік белгісінің мәні НА мен олардын, арасындағы салыстырмалы биіктігінің қосындысына тең болады
Нивелирдің нысаналау сәулесінің теңіз деңгейінен биіктігі аспаптың горизонты АГ деп аталып, былайша анықталады:
Егер рейканы аралықтағы бір нүктеге (D) қойып, одан d есептеуін алатын болсақ, онда оның биіктігі
яғни кез келген нүктенің биіктік белгісінің мәні аспаптың горизонтымен осы нүктеге қойылған рейкадан алынған есептеудің айырымына тең.
Алға қарай нивелирлеуде (23 сурет) бастапқы А нүктесіне нивелир орнатылады да, ал алдыңғы В нүктесіне рейка қойылады. Содан кейін рейкадан есептеуді П алады да, А нүктесінен нивелир дүрбісінің окулярының центріне дейінгі вертикаль ара қашықтықты, яғни нивелирдің биіктігі болып саналатын қашықтықты өлшейді. 22-суреттен көрініп тұрғандай, А және В нүктелерінің арасындағы салыстырмалы биіктік (h) мынаған тен болады
Достарыңызбен бөлісу: |