Геометриялық оптика және фотометрия


Жарықтың затпен өзара әсерлесуі. Поляризация



бет2/6
Дата23.02.2022
өлшемі29,11 Kb.
#132878
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Физика 2. база сұрақтары

Жарықтың затпен өзара әсерлесуі. Поляризация

  1. Жарық дисперсиясы дегеніміз не?

  2. Аномальды дисперсияның қалыпты дисперсиядан айырмасы қандай?

  3. Жарық толқынының көлденең толқын екенін оның поляризация құбылысы арқылы қалай дәлелденеді?

  4. Қандай жарық жазық поляризацияланған делінеді?

  5. Малюс заңын тұжырымда, формуласын жаз, және оған енетін физикалық шамалардын атын ата

  6. Поляризатордан өткен жарық қарқындылығы мен түскен сәуленің поляризация жазықтығы мен поляризатордың жарықты өткізу жазықтығының арасындағы бұрыштың косинусының квадратына (cos2 α) тәуелділік графигін сыз

  7. Поляризаторға жазық поляризацияланған сәуле түседі. Неге поляризаторды сәуле төңірегінде айналдырғанда өткен сәуленің қарқындылығы төмендейді?

  8. Қай жағдайда анизатропты кристалдан сәуле өткенде оның қосарлану байқалмайды?

  9. Брюстер заңының формуласын жазып тұжырымдаңыз. Суретпен сәуле жолдарын көрсетіңіз.

  10. Сәуленің поляризация жазықтығының қандай орналасуында екі диэлектриктің шекарасына Брюстер бұрышымен түскен сәуленің шағылуы болмайды?

Интерференция

  1. Интерференция дегеніміз не ?

2. Қарқындылығы бірдей екі толқынның максимум интерференциясы кезіндегі қарқындылығы 4 есе ұлғаятынын дәлелде.
3.Когерентті толқындар дегеніміз не?

  1. Жарық толқындары неге электромагниттік деп аталады?

  2. Неге екі табиғи жарық кездесіп беттескенде интерференция болмайды?

  3. Жұқа пленкадан өткен және шағылған сәулелердің интерференцияларын бақылаған кезде олардың максимумы мен минимумының орнының неліктен ауысып көрінетінін түсіндір.

  4. Неге көбелектің қанаттарының түсі құбылып тұрады?

  5. Екі когерентті жарық көзі (λ=600 нм ) интерференция картинасын береді. Біреуінен шыққан жарық жолына қалыңдығы d = 3 мкм (n = 1,6) шыны пластинка қояды. Интерференция картинасы қанша жолаққа ығысады?

  6. Неге компьютер дискілері жарық түскенде түрлі - түсті сәулелер құбылады?

Дифракция

  1. Гюйгенс-Френель принципінің тұжырымын жазыңыз.

  2. Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың жолындағы бөгетің көлеңке жағына өтуін түсіндіріңіз.

  3. Дифракция дегеніміз не. Оған мысал келтіріңіз.

  4. Френель дифракциясы мен Фраунгофер дифракциясына анықтама беріңіз.

  5. Дифракциялық тордың ажырата алу қабілеті дегеніміз не?

  6. Жарық толқындарының жол айырымы мен фазалар айырымының арасындағы байланыс қандай?

  7. Дифракциялық тордың периоды дегеніміз не?

  8. Өзіне түскен сәуленің поляризация жазықтығын бұратын затты қалай атайды?

  9. Егер дифракция торының периоды 3,6 мкм болса, дифракцияның 3-ретінде қандай толқын ұзындығы байқалады?

  10. Дифракция торының штрихтарының арақашықтығы d = 4 мкм. Торға толқын ұзындығы λ = 0,6 мкм сәуле тік келіп түседі. Тордың максимумдарының ең көп реттік санын анықтандар.

  11. Когерентті жарық көздерінің кезіккенде максимумдардың пайда болуының шартын жол айырымдары арқылы көрсет.

  12. Когерентті жарық көздері кезіккенде минимум болуының шартын жол айырымдары арқылы көрсет.

  13. Саңылауға толқын ұзындығы λ монохроматты жарық сәулелері параллель келіп түседі. Саңылаудың ені 6 λ болса, спектрдің үшінші минимумы қандай бұрышпен көрінеді?

  14. Вульф-Бреггтердің кристалл заттар үшін формуласын жаз. Оған енетін өлшемдерді ата.

  15. Егер дифракция торының периоды d = 2 мкм болса, онда, толқын ұзындығы λ = 5890 Ǻ сары спектр сызығының ең үлкен ретін анықта.

48. Спектрлік аспаптарда жарықты жіктеу үшін призма орнына дифракция торын пайдалануға болатынын түсіндір.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет