Герань F1 «Водопад лета» тұқым өнгіштігін зертхана жағдайында зерттеу



бет2/2
Дата30.05.2017
өлшемі456,74 Kb.
#17100
1   2

Қазтамақ тұқымдасы — қос жарнақты өсімдіктердің бір тұқымдасы. Көпшілігі көп жылдық шөптесін өсімдіктер, ішінара бұта немесе шала бұта түрінде де кездеседі, Қазтамақ тұқымдасының негізінде қоңыржай аймақта таралған 10 туысқа жататын 800-дей түрі белгілі, ал Қазақстанда қазтамақ, құтаншөп және биберштейния (қоқтын) туыстарына бірігетін 21 түрі бар.

Қазтамақ тұқымдасының сабағы қалың түкті, жиегі тілімденген жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері қос-жынысты көпшілігінде оларды қос қабатты гүлсерігі қоршап жатады. Тостағаншасы 4-5 түбі біріккен тостағанша жапырақшасынан тұрады. Күлтесі қызыл, көкшіл, күлгін түсті. Аталығы әдетте 10, кейде 5, аналығы біреу. Жемісі - бес тұқымды. Қазтамақ тұқымдасының кейбір түрі парфюмерияда және медицинада қолданылады, араларында арам шөп түрінде өсетіндері декездеседі, әсемдік үшін де өсіріледі.



«Водопад лета»– герань тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Негізгі отаны – Оңтүстік Африка. 280-ге жуық түрі белгілі. Сәуірден қазан айына дейін үздіксіз гүлдейтіндіктен, қазтамақ көптеген гүлпаздардың сүйікті гүлі. Гүлпаздар қазтамақты әдемі гүлі үшін ғана емес, сонымен қатар хош иісті жапырақтары үшін де өсіреді. Жапырақтарының емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті де өте жоғары. Ол ауадағы зиянды микробтарды, стафилакокк бактерияларын жоюға пәрмені бар өсімдік. Қазтамақ тез өсетін, аса құнарлы топырақты қажет етпейтін, оңай көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатады. Мамыр айында аулаға шығарып, гүлзарларға егіп қоюға болады. Күзде қайтадан қазып алып, түбекке отырғызып үйге кіргізеді. Қараша айында жапырағы сарғайып, түсе бастағанда сабағын тамырдан жоғары 10-15см-дей биіктікте кесіп, жыл сайын өсімдікті жасартып, жаңартып отыру қажет.

Суғарылуы: қазтамақты   жаз  айларында   жиі, ал  қыста   бірқалыпты  суғарған    дұрыс. Аталмыш    гүл   шамалы   суыққа   шыдағанымен,негізінен   жылу   мен    жарықты   жақсы   көреді.   Көптеген   қазтамақ    жарықта   ерекше    гүлдейді.  Өсімдік    жиі    тыңайтқанды  қажет  етпейді. Сондықтан, өсімдікті ерте көктемде  және    жаз   айларында айына бір  рет  тыңайтып   тұрса   жеткілікті. 

Қоректендірілуі: Топырағының беті құрғағанда суғарып тұру қажет. Көктемнен күзге дейін 10-15 күнде гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқыштармен қоректендіріп тұру қажет. Қараша айында жапырағы сарғайып, түсе бастағанда сабағын тамырдан жоғары 10-15 см-дей биіктікте кесіп, бір-біріне кедергі жасап тұрған сабақтарын сиретіп, ай сайын өсімдікті жасартып, жаңартып отыру қажет. Ауырғанда немесе зиянкестер пайда болғанда, дəрілік мақсатта қолдану үшін өсірсеңіз, химиялық дəрілер қолданбау керек. Жалпы, ауырып тұрған гүлдерді емдікке қолданбайды. Қазтамақ гүлінің күтімі дұрыс болса, аурулар мен зиянкестерге ұшырамайды.

Гүлді өсімдіктерді қоректендірудің бірнеше түрі бар. Біз гүлдерге арналған «Здравень» дәруменін қолдандық. Яғни, 1литр суға жарты ас қасық дәрумен қоспасын салып, гүлге 2 аптада 1 рет құйып, қоректендіріп отырдық (сурет-2).



Сурет-2. Дәрумен қосылған сумен қоректендірілуі.


«Здравень» дәруменінің кұрамы: макроэлементтер (N- 16%, K- 20%, Mg- 15%) микроэлементтер (B- 0,03%, Mn-0,04%, Zn- 0,02%, Cu- 0,02%, Mo- 0,005%, Fe- 0,05%) құрамында хлоры жоқ.

Зертхана жағдайында тұқым арқылы өсіру, көбейтілу жолдары қарастырылды. «Водопад лета»– герань гүлін тұқым арқылы өсіреді (сурет-3).



Сурет-3. «Водопад лета»– герань гүлін тұқымы.


Арнайы қорапта 6 тұқым болды. Зертхана жағдайында сарапталған тұқымдар топыраққа себіліп, беті 0,5-1 см көлемінде жабылады.Себілген тұқымдар 3 күнгі ретпен су бүрку арқылы суарылды.Олар 10-11 күн өткеннен кейін алғашқы өсінділері көрніс берді. Тұқымдардың өнгіштігі есепке алынып отырды. Өну қабілеттілігі 100 % яғни себілген 6 тұқым, 10-15 күн аралығында толық өніп шықты. Өнгеннен соң 10-15 күннен кейін нағыз жапырақтары пайда болып, өскіндер биіктігі 4-5 см-ге жетті.

Кесте-1. Өнген тұқымдарды сараптау.




Гүлдің атауы:

Герань F1 «Водопад лета»



Отырғызылған күні: 17.02.2016

Күні

Саны

Биіктігі мм/күн


Шыққан күні

1.03.2016

1/6

2мм




4.03.2016

2/6

3мм




14.03.2016

2/6

3мм




25.03.2016

1/6

4мм

Соңғы зерттеу жұмысын жүргізілген уақытта барлығы 6 дана тұқым шықты,бұл 100 пайыздық көрсеткіш көрсетті.


Түйіндеме

Бөлме өсімдіктері таза ауамен қамтамасыз етумен қатар, үйіңізге сән беріп, көңіл-күйіңізді көтеріп, сіз отырған ортада жақсы атмосфера  қалыптастырады. Біз бөлме өсімдіктерін тұқым арқылы өсіруді зерттеп тұқымдар 100% өнгенін көрсетіп, бұл тәсіл тиімді екендігі дәлелденді.

Резюме

Комнатные растение придает комнате уют свежесть, красоту и в том числе и приятную атмосферу. Мы изучили метод разведение и выращивания из семян. Было выявлено, что этот метод является наиболее эффективным, поскольку показали способность всхожести 100%.

Summary

Potted plant gives the room a cozy freshness, beauty and including pleasant atmosferu. My studied the method of breeding and rearing of semyan.Bylo found that this method is the most effective,as shown the ability to 100% germination .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.http://massaget.kz/kyizdarga/shayra/21536/

2.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9Үй өсімдіктері, 98-99бет

3.http://frauflora.ru/viewtopic.php?t=1920 Форум цветоводов Флау Флора


4.https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0% Қазтамақ тұқымдасы

5. http://kazorta.org/aztama-simdigi-g-l-turaly/ Қазтамақ өсімдігі (гүл) туралы

6. «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымдық көпшілік журналы. Желтоқсан 2011. №12(82) Қазтамақ-жедел жәрдем.10-11 бет.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет