ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҰЛАН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
ГЕРАСИМОВКА ОРТА МЕКТЕБІ
Бекітемін: Тексерілді:
Мектеп директоры ___________ Оқу ісінің меңгерушісі _________
Маушанов Д.Б. Чотиева А.М
Ашық сабақ
Тақырыбы: Өтілген әріптерді қайталау
Пән: Әліппе
Мұғалім: Бақыт Г.
2015 – 2016 оқу жылы
Пән: Әліппе
Тақырыбы: Өтілген әріптерді қайталау
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ертегі желісімен әліппе пәнінен алған білімдерің тексеру. Тиянақтау, дыбыстарды еске түсіру.
Дамытушылық: түрлі тапсырмалар арқылы сөздік қорын, өз бетінше жұмыс істеу дағдысың дамыту.
Тәрбиелік: пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығың арттыру, балаларды ұқыптылыққа, ептілікке, береке – бірлікте болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: ертегі сабақ.
Көрнекіліктер: слайд, сабаққа байланысты шалқан ертегісінің суреттері, әріптер, алма ағашы мен алмалар, бағдаршам, қима қағаздар.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, әңгімелету, ойын, Ыстық микрофон, көрнекілік әдістері
Сабақтың барысы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл күйлерің қалай, жақсы ма? Барлығымыз орнымыздан тұрып қонақтарға амандасайық.
Қызығушылықты ояту:
Ұйымдастыру (Психологиялық дайындық)
5 болсын алар бағамыз
Біліммен бақыт табамыз
Өнерменен өрістеп
Өсе берсін санамыз
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбек ету
Ал балалар, біз көтеріңкі көңіл күймен сабағымызды бастайық.
Балалар ертегіні жақсы көреміз бе?Олай болса бүгінгі сабағымыз Шалқан ертегісінің желісімен өтеді. Осы ертегіні тыңдай отырып, осы ертегідегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындаймыз. Ертеде бір ата үйінің жанына шалқан егіпті. Шалқандары үйдей болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ болып, олай тартып, бұлай тартып суыра алмапты. Ата әбден қиналғансоң жақындарын көмекке шақырмақ болады.Ата жақындарын көмекке шақырмас бұрын атаның тапсырмасын орындап, атаға көмектесейік жарай ма? Онда атаның тапсырмасын орындайық?
Атаның тапсырмасы: Ыстық микрофон әдісі
сұрақ – жауап:
Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыс нешеу?
Дауыссыз дыбыс нешеу?
Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз, ал дауыссыздар ше?
Дыбысты не істейміз?
Әріпті не істейміз?
Қосарланған дыбыстарды ата?
Біздің атаға әжені шақыру керек, әжені шақырайық.
2. Әженің тапсырмасы: «Әріптер әлемі» ойыны. Бұл ойында мына берілген әріптерді пайдаланып сөз құраймыз. Құралған сөздерден дыбыстық талдау жасап, буынға бөлейік.
Р А Л А – АРАл Я Қ Н О - ҚОЯН С Қ Ы М Ы - МЫСЫҚ
Т А Н О - ОТАН А Й А Н - АЙНА Л Ф У Б О Т – ФУТБОЛ
Әже көмекке қызын шақырады.
3. Қыздың тапсырмасы: «Сөз ойла, тез ойла» ойыныда мына ұяшықтарды таңдап, шыққан әріптерді атап, сол әріптерге сөз құрау, сөзге сөйлем құрау керек. Соңында барлық әріптерді оқығандағы шыққан ОТАНЫМ сөзіне сұрақ – жауап арқылы әңгіме құрап, апталықтың тақырыбын ашу.
Балалар Отан сөзін қалай түсінеміз?
Біздің Отанымыз ....
Ел ордамыз қай қала?
Қай жерде тұрамыз?
Дұрыс айтасыңдар балалар әрбір азаматқа өз отаны мен туған жері ыстық.
Балалар, сендер бағанадан тапсырмалар орындап,біраз шаршаға сияқтымыз біраз демалып алайық, барлығымыз орнымыздан тұрайық.
Сергіту сәті:
Тынық суда балықтар
Ойнап, ойнап жүреді
Біресе еңкейеді
Біресе шалқаяды
Біресе тығылады
Біресе атып шығады
Қыз көмекке итін шақырады.
4. Иттің тапсырмасы: (жұппен жұмыс) Қазақстан
- Балалар, мына қима қағаздағы мәтінмен бірігіп жұппен жұмыс жасағанда бір – бірімізді тыңдап, бірігіп жұмыс жасаймыз. Алдымен мына мәтінді жұппен оқыймыз, одан оқығанда не түсіндік соны бір – бірлеріңе айтып бересіңдер.
Менің туып өскен жерім – егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте әдемі. Жері кең байтақ. Осы жерде біздің ата – бабалар, батырлар, ақындар, ғалымдар туып өскен. Біз үшін Отан оттан да ыстық.
- Балалар мәтіндн не туралы айтылған?
- Қазақстан қандай ел?
- Табиғаты қандай?
- Отан оттанда ыстық дегенді қалай түсінесіңдер?
Ит көмекке мысықты шақырады.
5. Мысықтың тапсырмасы: Суреттерді қатыстырып хайуанаттар туралы шағын әңгіме құра.
Орманда , , жүр. Хайуанаттар бағында , бар. , , үлкен аңдар, , кішкентай аңдар.
Мысық көмекке тышқанды шақырады.
6. Тышқанның тапсырмасы: Дәптермен жұмыс
Енді осы суреттердегі хайуанаттардың аттарын дәптерлеріңе көркемдеп жазып алыңдар
Жазу жазғанда дәптерімізді көлбеу қойып, түзу отырып жазамыз.
Балалар, атай барлық жақындарымен ынтымақтасып, күш біріктіре отырып шалқанды суырып алыпты.
Бұдан не түсінуге болады?
Ынтымақпен істеген жұмыста қашанда жеңіске жетеді екенбіз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген осы жерден көруге болады. Менде сендердің бір сыныпта отырғансоң ынтымақты, берекелі болғандарыңды қалаймын.
Қорытындылау:
Не үйрендің?
Не ұнады?
Не қиын болды?
Рефлексия
Егер сабақ сендерге ұнаса білім ағашына қызыл алманы, ұнамаса жасыл алманы жабыстырасыңдар.
Балалар алмаларды жабыстырады.
Бағалау: Балаларға сабаққа қатысу белсенділіктерін бағдаршам арқылы бағалау.
Үйге тапсырма: Қазақстан мәтінін мазмұндау, көркемдеп жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |