Гимнастика
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі.
Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы
гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту
жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін,
арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы,
таңертеңгілік бой жазу жаттығулары-ның жиынтығы-гимнастикалық
жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да
гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика-
адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б.
адам бойындағы барлық қабілет-қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі
көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами
болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз -
адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.
Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді.
Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту
жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі
гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады.
- Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын,
таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік
гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
- Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан
дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты
шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының мақсатты түрде белгілі
бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
- Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының
арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады.
Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен
орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын
жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажерлық аспап-құралдарда
орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту
мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Екіншісі - спорттық гимнастика. Спорттық гимнастика бірнеше
жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген
спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме,
шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу.
Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі
қоссырық және еркін жаттығу.