Гимнастика



Дата14.12.2021
өлшемі431,11 Kb.
#126287
Байланысты:
Презентация (19)

Гимнастика

Гимнастиканың міндеті денсаулықты күшейту, дене күшін жетілдіру және әр алуан іс-әрекетке адамның дене күшінің жан-жақты әзірлігін жүзеге асыру болып табылады. Оның үстіне гимнастиканың: тұлғаны дұрыс қалыптастыру, дененің әртүрлі өзгеруінің алдын алу және оны түзету, жарақаттан кейін қимыл-қозғалыс апаратының жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру, өзіне тән қимылды меңгеруіне баулу сияқты арнайы міндеттері бар.

Гимнастика - дене тәрбиесі әдісі. Гимнастикада жан-жақты дене тәрбиесінің міндеттерін шешуге жәрдемдесетін мейлінше әр алуан дене тәрбиесі жаттығулары пайдаланылуы мүмкін. Онда педагогикалық міндеттер мен организмнің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес кез келген қимыл мен қозғағыш әрекетті қолдануға болады. Гимнастикада организмнің құрылымы мен қызметіне біршама дәл талғамды ықпал жасауды жүзге асыруға болады. Гимнастикаға тән әдістемелік тәсілдер дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен жекелеген органдар мен жекелеген бұлшық ет топтарына, сондай-ақ дененің әртүрлі қасиеттерін дамытуға ерекше ықпал жасауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет