Гипергликемиялық кома



бет4/5
Дата11.02.2022
өлшемі19,43 Kb.
#131493
1   2   3   4   5
Байланысты:
Гипергликемиялық кома
00081f5b-fa5c2c9e, АЛЛЕРГИЯЛЫҚ СИНДРОМ
Гипотиреоз синдромы.
Гипотиреоз (микседема) қалқанша безінің тиреоидты гормондарды аз бөлуі. Оның себептеріне қалқанша безінің біріншілік зақымдануы (идиопатиялық атрофия, Хашимото тиреоидиты), қалқанша безін түгел алып тастау (тиреоидэктомия), тиреотоксикалық зобты радиоактивтік йодпен емдеу, йод, литий дәрілерімен ұзақ емдеуден зақымдану, гипофиз бен гипоталамустағы өзгерістер жатады.
Клиникалық көріністері.
Науқас адам ұйқысы ашылмағандай, қимылдары баяу, бет-әлпеті ісінген, дауысы қарлыққан, терісі бозарган, құрғақ, қабыршақтанған, суық болып келеді.
Тобық маңайы ісініп, терісі қалынданған. Қарап тексергенде үнемі брадикардия анықталады. Жүректің дыбыстары жай естіледі. Артериалық қысымның төмендеуі, ішектің моторлық қызметі нашарлауынан іштің кебуі немесе қатуы байқалады. Тілі ісініп, шеттерінде тістердің ізі сақталып қалады. Ішектегі сіңірілу қызметінің нашарлауынан гипохромдық анемия дамиды. Ауру дамыған сайын, нерв жүйесінің зақымдану белгілері үдейді: селкостық, ұйқышылдық, психикалық өзгерістер, парестезиялар, жыныс қызметінің төмендеуі ұлғая түседі.
Қанда үнемі гиперхолестеринемия, негізгі зат алмасуының қатты төмендеуі, тироксин мөлшерінің азаюы анықталады. Гипотиреоздың белгілерін бала туғанынан-ақ байқауға болады: олардың дамуы бәсең, бойы төмен, кретинизм көріністері белгі береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет