Олигопсония – бірнеше сатып алушыларға ғана әрекет ететін нарықтың
жағдайы.
ОПЭК – мұнай экспорттаушы-елдер ұйымы; шикі мұнайды импортерлер-ге сату
бойынша мұнай бағасы мен оның көлеміне бақылау жасап отыру үшін 1960 жылы
құрылған, құрамында мұнай өндіруші 13 мемлекет бар халық-аралық картель;
мұнайдың әлемдік экспорттының маңызды бөлігі тиесілі елдер картелі.
Орталық банк – ақша шығаруға құқығы бар және басты қызметі берілген елдегі
айналымдағы ақша жиынына бақылау жасау болып табылатын эмиссиялық банк.
Орташа жалпы шығындар – фирманың жалпы шығындарының өндірілген өнім
көлеміне қатынасы; орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындардың
қосындысы.
Орташа өзгермелі шығындар – фирманың өзгермелі шығындарының өнім
көлеміне қатынасы.
Орташа өнім – ресурстардың бір бірлігіне шаққандағы өндірілген өнімнің
жалпы көлемі.
Орташа табыс – өнімді сатудан түскен жалпы түсімнің өнім көлеміне қатынасы;
жетілген бәсеке жағдайында өндірілген өнімнің бағасына тең шама.
Орташа тұрақты шығындар – фирманың тұрақты шығындарының өнім
көлеміне қатынасы.
Оукен заңы – жұмыссыздықтың нақты деңгейінің толық жұмысбасты-лық
жағдайындағы табиғи деңгейінен 1%-ға асып кеткенде нақты ЖІӨ-нің әлеуетті ЖІӨ
деңгейінен 2,5%-ға қалып отыруын сипаттайтын қорытынды.
Өзара тәуелсіз тауарлар – қандай да бір тауардың немесе қызметтің бағасы
мен басқа бір тауардың немесе қызметтің сұраныс көлемі арасында ешқандай
байланысты тудырмайтын игіліктер; мысалы, бір тауардың бағасы өскенде немесе
төмендегенде екінші бір тауарға деген сұраныстың өзгеріссіз қалуы.
Өзгермелі шығындар -
өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеріп
отыратын шығындар, яғни олардың жалпы көлемі фирма өнім өндіруді
арттырғанда (қысқартқанда) өсіп отырады (төмендейді).