Глоссарий абстракция


Жалпы өнім – фирманың өндірген нақты тауарының немесе қызметінің жалпы  көлемі.  Жалпы ішкі өнім дефляторы



Pdf көрінісі
бет7/24
Дата12.12.2023
өлшемі477,64 Kb.
#196648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
Глоссарий Эко.теория

Жалпы өнім
– фирманың өндірген нақты тауарының немесе қызметінің жалпы 
көлемі. 

Жалпы ішкі өнім дефляторы
– атаулы жалпы ішкі өнімнің нақты жалпы өнімге 
қатынасы; нақты жалпы ішкі өнімді өлшеу мақсатында ақшалай (атаулы) жалпы 
ішкі өнімді түзетіп отыру үшін қолданылатын барлық дайын тауарлар мен 
қызметтерге деген бағалар индексі. 

Жалпы ұлттық өнім
– әдетте, бір жыл ішінде белгілі елдің ұлттық ресурстарын 
қолданумен өндірілген дайын барлық тауарлар мен қызметтердің жалпы нарықтық 
құны. 

Жалпы шығындар
– тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы. 

Жаңа енгізілім (инновация)

өндіріске жаңа өнімді енгізу, жаңа өндіріс-тік 
әдісті немесе бизнесті ұйымдастырудың жаңа нысанын қолдану. 

Жеке қызығушылық
– әрбір фирманың, әрбір меншік иесінің, жұмыскердің, 
тұтынушының өзі үшін қол жеткізілуі тиіс ең жақсы деп саналатын мақсаттарының 
орындалуы. 

Жеке меншік
– жеке тұлғалар мен фирмалардың жерді, капиталды және басқа 
активтің түрлерін иемденуге, пайдалануға, бақылауға, басқаруға, сатуға және 
мұраға қалдыруға деген құқығы. 

Жеке сектор
– елдегі үй шаруашылықтары мен фирмалардың жиынтығы. 

Жеке табыс
– жеке табыс салықтарын төлегенге дейінгі азаматтардың алатын 
жиынтық табыстары. 

Жеке фирма
– бір ғана тұлға иемденетін және басқаратын корпоративтік емес 
фирма. 

Жер
– тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін қолданылатын табиғи ресурстар. 

Жетілмеген бәсеке
– нарықта монополия, монополистік бәсеке, олигополия, 
монопсония, олигопсония сияқты құрылымдардың орын алу жағдайы. 

«Жетпіс шамасы» (70) ережесі
– 70 санының инфляцияның жылдық 
қарқынына бөлінуі; бағалар деңгейінің екі еселенуіне қажетті жылдар санын 
анықтау үшін қолданылатын әдіс. 

Жинақтау
– салықтарды төлегеннен кейінгі тұтыну тауарларын сатып алуға 
жұмсалмайтын табыстың бір бөлігі; қолда бар табыс пен тұтыну шығындары 


арасындағы айырма. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет