Муниципализация – (лат.) Мемлекеттік өкіметтің жеке адамдар меншіктерін зорлықпен еріксіз алып, оны қалалық немесе селолық басқарма орындарына беруі.
Натурализация – (лат. naturalis – нағыз, заңды) шет елдік азаматтың өтініші бойынша өзі тұрған мемлекеттің азаматтығына қабылдануы. ол сол мемлекеттің жоғарғы өкімет органының шешіміне байланысты жүзеге асады.
Нацизм –Герман фашизмі, фашистік партия 1919 жылы құрылды. гитлершілдер халықты өз жағына тарту мақсатымен бұл партияны «Германияның ұлттық социалистік жұмысшы партиясы» деп атаған. Нацист – Германияның фашистік партиясы мүшлерінің қысқартыа алынған аты. 1933 жылы Гитлер бастаған нацистер үкіметті басып алды. олар көп ұзамай дүние жүзін үлкен соғысқа ұрындырды.
Оккупация – бір мемлекеттің территориясын басқа мемлекеттің немесе мемлекеттердің әскери қарулы күштері уақытша басып алуы. басып алынған мемлекеттің әкімшілік басқару жұмыстарын жаулап алған әскери қолбасшылар жүзеге асырады.
Өкілдік – 1. Белгілі бір қызметті атқару үшін жүктелген міндет пен право. 2. бір мемлекеттің басқа елдегі үкімет өкілдігінің мекемесі.
Өкімет – мемлекеттік саяси үстемдік органдарының жүйесі. мемлекеттегі іс-қимыл мемлекеттік аппарат арқылы жүзеге асырылады.
Өндіріс – материалдық игіліктерді өндіру процесі. Сол игіліктерді өндірудегі адамзаттың іс-әрекеті өмір сүруінің табиғи шарты болып табылады. адамзат қоғамы дамуының баррлық сатыларында материалдық игіліктер өндіру болмаса қоғам жойылған болар еді.