Глоссарий академиялық деңгей (Degree)



бет3/8
Дата20.11.2023
өлшемі30,97 Kb.
#192216
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ (копия)

Білім беру жүйесі - өзара іс-қимыл жасайтын білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының жəне білім беретін оқу бағдарламаларының; меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының; білім беруді басқару органдары жəне тиісті инфрақұрылымдар, оның ішінде білім сапасы мониторингін жүзеге асыратын ғылыми жəне оқу-əдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын білдіреді.
Білім беру қызметі – білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дəйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту жəне тəрбиелеу міндеттері шешілетін үрдіс.
Білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін жəне нəтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау жəне болжау.
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі – білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сəйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рəсімдері, нысандары мен əдістерінің жиынтығы.
Білім беру туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рəсім.
Білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру жəне оны жетілдірудің тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының олардың белгіленген талаптар мен стандарттарға сəйкестігін тану рəсімі.
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттay - білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сəйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рəсім.
Дидактика - білім беру мен оқыту мəселелерін зерттейтін оқыту теориясы, педагогика ғылымның саласы. Дидактиканың зерттеу пəні - оқыту мен оқытудың барысы, нəтижелері. Дидактика жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі жəне т.б. проблемаларды зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет