Гликогеннің мобилизациясы организмнің бұлшық еттік жұмысты атқару қажеттілігі пайда болғанда іске қосылады, мысалы, кез-келген стресс жағдайында
Бүйрек үсті безінің милы қабатынан қанға инсулин гормоны бөлінеді, ол миоциттер мембраналарымен әрекеттесіп, аденилатциклаза ферментін белсендіреді.
Аденилатциклаза ферменті АТФ-ты пайдалана отыра, көптеген цАМФ молекулаларын синтездейді, ол жасушаға және бүкіл тінге нейро-гуморальды белгінің күшею факторы болып табылады.
Әрі қарай цАМФ молекулалары тәуелді протеинкиназаларды белсендіреді, олар фосфорилазкиназаны белсендіреді.
Фосфорилазкиназа - фосфорилаза "b" белсендіреді, оны фосфорилаза "а" жағдайына ауыстырады.
Әрі қарай гликогеннің фосфоролизі, яғни мобилизациясы жүреді.
Жалпы, гликогеннің мобилизациясы – жасушада 3`5`-АМФ пайда болуынан іске қосылатын каскадты реакциялардың соңғы бөлігі.