Глюкозаның изомері фруктоза (левулоза) қанда өте аз мөлшерде болады (55.5-333,0 мкмоль/л).
Фруктокиназаның жетіспеушілігінен туындайтын туа біткен аномалиялар кезінде қанда фруктоза деңгейі жоғарылайды және ол зәрде пайда болады (идиопатиялық фруктозурия).
Лактоза
Сүттің негізгі көмірсуы - лактоза галактозильді қалдықтың УДФ-галактозадан тікелей глюкозаға тасымалдану жолымен түзіледі, ол сүттің лактальбумині әсерінен оңай өзгеретін трансфераза ферментінің әсерінен болады.
Лактозаның ыдырауы лактазаның әсерінен жүзеге асады, ол ферменттің болмауы лактозаны қабылдамауға әкеледі.