Гомеостаз ( СӨЖ ) ДОиВ – 17 – 1 тобы Қабылдаған: Ахметкаримова Г.С. Мазмұны: 1. Гомеостаз туралы түсінік; 2. Гомеостаздық нейро – эндокриндік реттелуі; 3. Гомеостаз және оның реттелуі; Гомеостаз — ағзалардың ең негізгі қасиеттерінің бірі және ол ағзалардың қалыпты тіршілік етуі үшін өте маңызды, себебі тек гомеостаз нәтижесінде ағза құбылмалы сыртқы ортаға бейімделіп тіршілік ете алады. Тірі ағзалардың мұндай қасиетінің маңызын алғашқы рет 1878 жылы француз ғалымы К. Бернар байқаған. Бірақ гоместаз деген терминді биологияға 1929 жылы америка физиологі У. Кеннон енгізген болатын.
Клод Бернар
Уолтер Кеннон
Гомеостаздың негізгі құрамдық бөліктеріне мыналар жатады:
А) Жасуша тіршілігін қалыптастыратын материалдар:
Жасушаның өсуіне қажет заттар, энергия көздері — көмір-сулар, белоктар, майлар; Су; Натрий хлориді, кальций басқа да бейорганикалық заттар; Оттек; Ішкі секреция гормондары
В) Жасуша активтігіне әсер ететін сыртқы факторлар:
Осмос қысымы;
Жылылық;
Сутек ионының концентрациясы
Г) Ағзаның қызметтік және құрылымдық біртұтастығын қалыптастыратын механизмдер:
Тұқым қуалаушылық;
Регенерация және репарация;
Иммунобиологиялық қасиеті.
Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына ағзаның нервтік және эндокриндік реттелу механизмдерінің өзара әрекеттесуі салдарынан туындайтын ағзаның жалпы жауап реакциясына мысал ретінде стресс-реакцияларды жатқызуға болады. Ол қолайсыз тіршілік жағдайларының қалыптасқан ағза гомеостазын бұзу қаупі туған кездерінде дамиды.
Стресс (күйзеліс-реакция) — дегеніміз ең алдымен күнделікті өмірде ерекше, төтенше немесе экстремальды әсерлер нәтижесінде пайда болатын ағзаның адаптивтік реакциясы болып саналады. Сонымен қатар, күйзеліс кейде жүрек-тамыр ауруларының, жүйке бұзылуының, психикалық бұзылыстардың дамуының себебі де болуы мүмкін.
Қазіргі кезде стресс (күйзеліс) деп ағза гомеостазының бұзылу қаупі төнген кезде пайда болатын ағзаның спецификалық емес жалпы нейрогуморальдық реакциясын айтады.
Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек, тері бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды. Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрақтылықтан гөрі салыстырмалы және динамикалық гомеостаз тән. Мұны гемокинез дейді.
Бүйрек
Тері безі
Өкпе
Биология мен медицина ғылымдарының табыстары гомеостаз туралы көзқарасты одан әрі кеңейте түсті. Гомеостазды тұрақты сақтауға организмнің барлық жүйелері қатысатын болса, өз кезегінде, гомеостаз жүйелердің қалыпты қызмет атқаруларына ықпал етеді. Егер организмнің ішкі ортасының химиялық құрамы мен физикалық, химиялық қасиеттері өзгеретін болса, оларды тұрақтандыруға бағытталған көптеген физиологиялық жүйелер біртіндеп активтеніп, іске қосылады. Мысалы, клеткадан тыс ортада судың мөлшері азайса, қандағы вазопрессин гормонының концентрациясы көбейеді.
Вазопрессин – бүйрек арқылы сыртқа шығарылатын суды қайтадан денеге сіңіреді. Сонымен, денеде жүріп жатқан кез – келген физиологиялық процестер эндокриндік механизмдердің қатысуымен жүреді.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |