Государственного педагогического



бет7/29
Дата25.12.2016
өлшемі8,2 Mb.
#5258
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29

Аnnotation. In this work questions on fight against crime and effective methods of the prevention of crimes against the personality, definition of acts relating to these crimes, their difference from other public and dangerous acts, signs and structure of these crimes are considered.

ӘОЖ 342

АЗАМАТТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ТЕТІГІ
Кадыркулов А.Ж., Зияр Ұ.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Адам өмірі қауіпті және күтпеген сәттерге толы. Кез келген кезде денсаулықтан, сонымен қоса тіршілік етудің негізгі көзі – жалақыдан да айырылып қалуға болады. Өмір сүрудің негізгі және көп жағдайда жалғыз көзі болып табылатын жалақыны жоғалту қызметкерді және оның отбасын аса ауыр материалдық жағдайға алып келеді, ал бұл, өз кезегінде, кедейшілікке, қайыршылыққа, әртүрлі ауруларға әкеліп соғады. Мұндай жағдайларға мыналар жатады: науқас, кәрілік, мүгедектік, асыраушысынан айырылу және т.б. Аталған қиындықтарды өз бетімен дербес жеңу көп жағдайда мүмкін болмайды. Осындай кезде көмекке мемлекет келеді. Халықтың экономикалық тұрғыдан бәсең бөлігінің (қарт адамдардың, еңбекке қабілеттігі жоқ және жұмыссыз тұлғалардың) материалдық қамтамасыз етілу деңгейінің күрт төмендеу мәселесін шешуді мемлекет өз мойнына алды. Ол әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жасап, әлеуметтік оқиғалар – кәрілік, өлім, науқастық, мүгедектік, ана болу, жұмыссыздық туындаған кезде зейнетақылар, әлеуметтік жәрдемақылар береді және қызмет көрсетеді. Елдің халқын әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту мемлекеттің әлеуметтік саясатының және қызметінің басым бағыттарының бірі болған және болып қала береді. Жоғарыда атап өткеніміздей, нарықтық қатынастар орын алған кез келген өнеркәсіптік дамыған мемлекетте халықты әлеуметтік қорғау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері жүйесін де маңызды орынды иеленеді. Алайда, нарықтық қатынастар өз бетімен халықты әлеуметтік қорғау механизмін туындатпайды. Халықты әлеуметтік қорғаудың ерекшелігі оның аса көп материалдық шығындарды талап етуінен және ешқандай пайда әкелмейтінінен көрініс табады. Осы ерекшелігіне орай халықты әлеуметтік қорғауды шешу мәселесін мемлекет өз мойнына алады.Байқағанымыздай, әлеуметтік қамсыздандырудың тарихы жүз жылдам астам уақытты қамтиды. Бұл уақыт ішінде қаржыландырудың функциялары, нысандары және әдістері талай рет өзгерді. Бірақ, әлеуметтік қамсыздандырудың мақсаты – адамдардың өмірін жақсарту ешқашан өзгерген жоқ. Әлеуметтік қамсыздандыру халықтың өмір сүру деңгейімен тығыз байланысты. Қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерін әлеуметтік қамсыздандырудың деңгейін анықтайтын фактор болып әлеуметтік қорғау шараларын қаржыландырудың қайнар көзі, механизмі немесе кестесі табылады. «Әлеуметтік қорғану» немесе «әлеуметтік қауіпсіздік» түсінігі алғаш рет АҚШ-та пайда болды және ол кез келген азаматты, тіпті елдің кез келген тұрғынын жұмыссыздықтың, табыстың жоғалуының немесе күрт азаюының, аурудың, бала туудың, өндірістік жарақаттың немесе кәсіптік аурудың, мүгедектіктің, кәріліктің, асыраушысынан айырылуының салдарынан орын алған экономикалық немесе әлеуметтік қиындықтардан қорғайтын шаралар жүйесін білдірді. Халықты әлеуметтік қамсыздандырудың жүз жылдық тарихына талдау жасау халықты әлеуметтік қамсыздандыруды қамтамасыз етудің екі негізгі схемасын анықтауға мүмкіндік береді:

-әлеуметтік қамсыздандыруды қаржыландырудың үш жақты схемасы;

-әлеуметтік қорғауды қаржыландырудың мемлекеттік әкімшілік-биліктік (немесе бюджеттік) схемасы.

Әлеуметтік қамсыздандыруды қаржыландырудың үшжақты схемасы кезінде тараптар ретінде мына тұлғалар табылады:

1) еңбекке қабілетті, жұмыс істейтін, одан әрі зейнетақыға үміткер әрбір азамат;

2) жұмыс беруші;

3) мемлекет.

Қаржыландырудың үш жақты жүйесі АҚШ-та пайда болды және ол қазіргі кезде барлық ірі өнеркәсіптік-дамыған елдерде өз күшіне ие.

Әлеуметтік қорғауды қаржыландырудың мемлекеттік әкімшілік-биліктік жүйесі кезінде қаржылық ресурстардың басты субъектісі болып мемлекет табылады, яғни әлеуметтік қорғау шараларының жүйесін мемлекет қаржыландырады. Дәл осындай жүйе бізге бұрынғы Кеңестік Одақтан мұраға қалды.

Әлеуметтік қамсыздандырудың мұндай жүйесі кезінде тараптар болып жұмыс істейтін азамат пен мемлекет табылады. Әлеуметтік қамсыздандырудың бұл үлгісі нарықтық қатынастарға өту кезеңінде жедел реформалауды қажет етті. ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы экономикалық тоқырау қазақстандық әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі қиындықтарды одан әрі өршіте түсті. Инфляция мен жұмыссыздықтың өсуі, өндірістің құлдырауы жұмыс істейтіндер санының күрт төмендеуіне әкеп соқты, ал бұл, өз кезегінде, қарт адамдар санының өсуімен бірге бір ұрпақтан (жұмыс істейтіндерден) екіншісіне (жұмыссыздарға) капиталдың ауысуының бірден азаюын білдірді. Жұмыс істейтіндер мен зейнеткерлер санының арақатынасында тепе-теңдіктің болмауы Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорының ақша қаражаттарының дефицитінің артуына және соған орай республикалық бюджеттің осы дефицитті жабуға бағытталған шығындарының көбеюіне әсер етті. Реформалау үрдісі кезінде көмекке мұқтаж тұлғаларды жеткілікті түрде материалдық қамсыздандыруға жағдай жасайтын әлеуметтік қамсыздандыру үлгісін жасаудың қажеттігі туды. Сөйтіп, әлеуметтік қамсыздандырудың қазақстандық үлгісі қалыптасты, оның ерекшеліктрі жөнінде біз төменде сөз қозғаймыз. Қорытындылай келе, өркендеген елдердегі әлеуметтік мемлекеттің құрылуы мемлекеттік құрылыстағы жаңа қадам деп тұжырымдауымызға болады. Әлеуметтік мемлекет жоғарыда айтқанымыздай – өз азаматтарының өмір сүруіне лайықты жағдаймен қамтамасыз етуге, әлеуметтік жағдайының қорғалуына, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өндірісті басқаруға, қоғам мен мемлекет іске араластыруға ұмтылатын мемлекет. Бұл мәселе – жағдайы нашар қамтамасыз етілген топтың пайдасына ұлттық табыстың қайта бөлудің көмегімен, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, білім алу, денсаулық сақтауды, бүкіл қоғамның мәдениетін, т.б. дамыту саясатын жүргізуді жүзеге асыру барысында кол жетіп, орындалады. Әлеуметтік мемлекет қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және т.б. теңсіздіктерді бәсеңдетуге, жуып-шаюға бар күш-жігерін жұмсайды.

Алға қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:

- әлеуметтiк көмек көрсетудiң атаулы сипатын күшейту;

- аз қамтылған халықтың еңбекке қабiлеттi бөлiгiнiң кедейшiлiгiн белсенді еңсерудің нақты тетіктерін пайдалану.

Лайықты еңбек мүмкiндiктерiн кеңейту, икемдi еңбек нарығын арттыру мақсатында:

- өңiрлiк орталықтарда өндiрiстi оңтайлы орналастыру, салалардың кластерлiк дамуы, экономиканың шикiзаттық емес секторын дамыту негiзiнде жұмыс орындарын құруды;

- кәсiби оқыту жұмыс берушiлердiң персоналды iшкi өндiрiстiк оқытуды, кадрларды кәсiби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруда қатысуын ынталандыру арқылы жұмыс күшiнiң кәсiби-бiлiктiлiк деңгейiн арттыруды;

- жұмыссыздардың еңбек нарығында бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру бойынша тиiмдi әлеуметтiк қолдау көрсетудi көздейтiн жүйелiшаралар қабылданатын болады

Жастардың кәсiби бiлiм алуына, жеке кәсiп ашуына, жастарды шағын және орта бизнес саласына тартуға арналған кредит беру және гранттар бөлу бағдарламасын iске асыру арқылы оларды жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу жөнiнде шаралар қабылданатын болады.

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін міндеттердің болғандығы орынды. Дегенмен де дамып келе жетқан Қазақстан алдында әлеуметтік қорғау жүйесінде орын алған мәселелер жеткілікті:

Қазіргі кезде экономикалық табиғи ресурстарға байланысты.Бұл әлемдік сұраныстың құбылмалығына бағынышты. Мұнай саласына байланысты жұмыссыздықтың өсуіне, яғни отандық жұмысшыларға сұраныстың болмауы, бұл өз деңгейінде кедейліктің азаюына алып келмейді.

Адамдық капиталға инвестициялық құралдардың жетіспеуі. Денсаулықты сақтау, білім беру және әлеуметтік активті адамдар жаңа глобальды экономикада бәсекегеқабілетті бола алмайды.Демографиялық тенденция елеміздегі ең маңызды мәселелердің бірі халықтың санын көбейту ең басты мақсат болып табылады.

Қазақстанда кедейліктен зардап шегіп отырған бұл-экологиялық аспектілерді басқару болып табылады, экологиялық қасіреттер (Арал теңізі, Семей ж.т.б.) бұл денсаулықты сақтауда ішкі көші-қон мәселесі және аймақтық теңсіздіктің өсуіне алып келеді.

Соңғы жылдары тұрақты экономикалық өсім болған жағдайда да ЖІӨ әлеуметтік салаға шығындардың үлесін қысқартып отыр. Әлеуметтік саланы «2030 және 2010» стратегияға байланысты бюджетті дамытуға бағытталуы керек. Денсаулықты сақтау және білім беруде қажетті инвестиция тартуды басқару ресурстарды сонымен бірге халықтың кедей топтарының азаюы орын алуы керек. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған топтары Үкімет тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді. Егер өз уақытында шара қолданбаса, ұзақ мерзімді кедейлікті азайта алмайды. Әлемдік дағдарыстың шарпуына қарамай, еліміздің қарқынды дамуы өткен жылы сыр берген жоқ. Қай салада да өсіп-өркендеу айқын байқалады. Әр жыл сайынғы халыққа Жолдауында әлеуметтің әлеуетін арттыру жөніндегі Президенттің нақты тапсырмалары жоғарыдағыдай шешімін тауып, халықтың тұрмыс-тіршілігін, күнкөріс қарекетін жақсартуға септігін тигізіп келеді. Осыған байланысты жасалып жатқан іс-шаралар оң шешімін табады деп айтуға болады. Әлеуметтік қатерлер түрлері және төлемдер негіздері жөніндегі заңнаманы кезең-кезеңімен жүйелеу ұсынылып отыр. Азаматтардың жекелеген санаттарын қосымша қорғауға қатысты арнаулы заңнама әзірленетін болады. Әлеуметтік нормативтерді есептеу әдістемесі одан әрі жетілдіріледі. Әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру әлеуметтік салықтың бір бөлігін жарнаға айналдыру және дербестендіру есебінен жүзеге асырылады. Бұл шара еңбеккердің, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің қаражаттарды аудару процесін бақылауға ықыласын арттырады. Әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау бүкіл республика халқының мүддесін қозғайтын болғандықтан, халықты барлық мүдделі мәселе бойынша анық та толық ақпаратпен қамтамасыз етуге ерекше мән берілуі қажет. Халықтың арасында қажетті түсіндіру жұмысы әлеуметтік әріптестердің қатысуымен жүргізіледі. Реформаланатын әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік сақтандырудың ролі артуын ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде ақпараттық қамтамасыз ету мен есепке алу маңызды мәселеге айналады. Жарналарды дербестендірілген есепке алу реформалаудың аса маңызды шарттарының бірі болып табылады. Әлеуметтік салықтың бір бөлігін жарнаға айналдырудың дәл мөлшерін анықтау үшін әлеуметтік сақтандырудың барлық түрі бойынша қажетті актуарлық есептер жүргізіледі. Бұл ретте әрбір азаматтың қатысуын есепке алу бірыңғай стандарт болып табылатын арнайы жеке коды арқылы жүзеге асырылады.

Осы код арқылы азаматтардың әлеуметтік төлемдерді алуы жүзеге асырылады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы. 22-бап. Бас Ассамблеяның 1948 жылғы 10 желтоқсанындағы 217А (ІІІ) қарарымен қабылданды және жария етілді.

2. Оразғалиева А.Қ. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің теориялық аспектілері.//Қазақстанның инновациялық-индустриялық дамуына жас ғалымдардың қосар үлесі. Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы материалдары.-Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік универститеті.-Семей.-2006.-294-299 б.

3. Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы.-Алматы: 1999.

4. Мачульская Е.Е. Правовое регулирование социального обеспечения в Великобритании. Дисс.канд.1991.-С.64

5. Якушев Л.П: Социальная защита. Учебное пособие. М., 1998.-С.12-13


Аннотация. В данной работе рассматривается разносторонее исследование механизма социально-правовой защиты граждан, в связи с этим нахождение путей решения проблемы в новом ракурсе и внесение предложений об изменениях и дополнениях в законодательство РК, учитывая все его недостатки.

Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет