График а алматы "Білім" 2012



Pdf көрінісі
бет72/100
Дата13.10.2023
өлшемі5,19 Mb.
#185148
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   100
Байланысты:
Бәйдібеков Ә.К. Инженерлік графика 2012

§ 12.4 Тіліктер
 
Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған заттың (тетікбөлшектің) 
кескінін тілік деп атайды. Затты ойымызша қиғанымыз тек қана осы 
тілікке қатысты, бұл заттың басқа кескіндерін өзгертпейді. Тілікте қиюшы 
жазықтықтың өзінде (қима фигурасы) жəне оның ар жағында жатқан нəрселер 
кескінделіп көрсетіледі (171-172-суреттер).
Егер де заттың кұрылымын түсінуге қиюшы жазықтықтың ар жағында 
жатқан кесіндінің барлығын көрсетудің қажеті жоқ болса, оларды көрсетпеуге 
болады. Заттың (тетікбөлшектің) қиюшы жазықтықта жатқан бөлігі (қимасы) 
тілікте шартты түрде штрихталып көрсетіледі (171-сурет). Тіліктерде əртүрлі 
материалдардың графикалық белгіленуін МЕСТ 2.306-68 бойынша алады. 
Қиюшы жазықтықтың орны сызбада қима сызығымен белгіленеді, жуан үзік 
сызықпен көрсетіледі. Қиюшы жазықтықтар өзара қиылысқан жерлерін жуан 
үзік сызықпен көрсетеді (172-сурет). Осы үзік сызыққа перпендикуляр екі 
нұсқа салынады.Олар қарау бағытын көрсетеді.
Нұсқалар қима сызығының сыртқы шетінен 2-3 мм қашықтықта 
орналасулары тиіс. Қима сызықтың бас жағында жəне аяқ жағында, ал егер 
керек болса, бұрылу белгілерінде қазақ алфавитінің бас əрпінің біреуін 
қайталап жазады. Əріптерді нұсқалардың жанынан жəне бұрылу белгілерінің 
сыртқы бұрышы жағынан жазады. Тіліктің жоғарғы жағына бұл əріптер 
сызықша арқылы жазылып, төменгі жағынан жіңішке сызық сызылады
мысалы А-А (172-сурет). Егер қиюшы жазықтық заттың (тетікбөлшектің) 


185
симметрия жазықтықтарымен дəл келсе, тіліктер проекция байланысын 
сақтап, бір парақта орналасып, басқа кескіндермен ажыратылмаса, 
горизонталь, фронталь жəне профиль тіліктерінде қиюшы жазықтықтың 
орны көрсетілмейді, ал тілік белгіленбейді. (172-сурет)
Қиюшы жазықтықтың санына қарай тілік екі топқа бөлінеді: қарапайым 
– тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілік (172-173-суреттер); 
күрделі – екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықтармен алынған тіліктер 
(175-176-сурет);


186
35
75
60
90
32
158
190
А
А
130
5
0
А А


187
Горизонталь тілік деп горизонталь проекция жазықтығына параллель 
қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті айтады (173-сурет). Затты 
горизонталь проекция жазықтығына перпендикуляр жазықтықпен қиғанда 
вертикаль тілік шығады. Вертикаль тіліктің өзі фронталь тілік жəне профиль 
тілік болып бөлінеді. Егер қиюшы жазықтық фронталь проекциясына 
параллель болса, онда вертикаль тілік профиль тілік деп аталады (172-сурет 
Б-Б).
Егер қиюшы жазықтық горизонталь проекция жазықтығына перпендикуляр, 
ал профиль проекция жазықтығына параллель болса, онда вертикаль тілік 
профиль тілік деп аталады (172-сурет А-А тілігі). 
Қиюшы жазықтық фронталь проекция жазықтығына параллель болса, 
онда вертикаль тілік фронталь тілік деп аталады (172-сурет Б-Б). Ал, қиюшы 
жазықтық проекция жазықтықтарына қандай да болмасын (тік емес) бұрыш 
жасап орналасса, ондай тілік көлбеу тілік деп аталады (174-сурет).
Егер қиюшы жазықтық заттың (тетікбөлшектің) ұзындығы бойынша немесе 
биіктігі бойынша өтсе, тілік 
бойлық
(продольный) деп аталады. Егер қиюшы 
жазықтық заттың биіктігіне немесе ұзындығына перпендикуляр болып өтсе, 
тілік 
көлденең
(перечный) деп аталады. Горизонталь, фронталь жəне профиль 


188
тіліктерді сызбада сəйкес негізгі көріністермен біріктіреді. Егер көлбеу тілік 
бұрып көрсетілген болса, онда тіліктің белгісінен кейін бұрылу белгісін қою 
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет