График а алматы "Білім" 2012


Түзу тісті конустық дөңгелектің жұмыстық сызбасын орындау



Pdf көрінісі
бет85/100
Дата13.10.2023
өлшемі5,19 Mb.
#185148
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   100
Байланысты:
Бәйдібеков Ә.К. Инженерлік графика 2012

Түзу тісті конустық дөңгелектің жұмыстық сызбасын орындау.
Түзу тісті конустық дөңгелектің жұмыстық сызбасы МЕСТ 2.405-68 
талаптарына сəйкес орындалады. Жұмыстық сызбаны екі түрлі жолмен 
орындауға болады:
Бірінші - конустық тісті дөңгелектің берілген m
е
, z, δ жəне d
В
мəндері 
бойынша.
Екінші - конустық тісті дөңгелектің нақ өзіне қарап орындайды.
Түзу тісті конустық дөңгелектің жұмыстық сызбасын берілген m
е
, z, δ жəне
d
В
мəндері бойынша орындаудың реті:
1. Сызбаны конустық тісті дөңгелектің басты көрінісін (фронталь 
тілігін) орындаудан бастайды. Ең əуелі тісті дөңгелектің горизонталь осі 
үзілме нүктелі жіңішке сызықпен жүргізіледі. 
2. Горизонталь осьтің бойынан конустың (S) төбесін белгілеп, берілген 
бұрыштық шамасы (δ) бойынша бөлгіш конустың жасаушысын үзілме нүктелі 
жіңішке сызықпен жүргізеді.
3. m
е
z ≈ d

формуласы бойынша есептеп, шеңбердің диаметрін өлшеп 
салады. Оның диаметрінің ұштарынан алып бөлгіш конустың жасаушысына 
перпендикуляр етіп толықтырушы конустың жасаушысын жүргізеді.
4. Толықтырушы конустың жасаушысы бойына тістің биіктігін (h
e

өлшеп салады. Тістің басы мен түбін конустың төбесімен қосып, төбелер 
конусы мен ойықтар конусын алады.
5. Толықтырушы конустың жасаушысы бойына ойықтар конусынан 
бастап тəж сақинасының қалыңдығын (е) өлшеп салады.
6. Бөлгіш конустың жасаушылары бойына тістің енін (В) өлшеп 
салады. 
7. Делегейдің қалыңдығын (k) өлшеп салады.
8. Біліктің берілген диаметріне (d
В
) байланысты күпшектің 
өлшемдерін: ұзындығын (L
СТ
)
жəне диаметрін (D
СТ
) сызады.
9. Стандарт бойынша біліктің берілген диаметріне дəлдеп, призмалы 
кілтектің өлшемдерін: енін (B
m
) жəне қобының тереңдігін (t) анықтайды. 
Жұмыстық сызбадағы сол жақ көріністе тек қана кілтектің енін (B
m
) жəне 
білік цапфасының диаметрі мен қобы тереңдігін қосып (d
в
+t) көрсетеді.
10. Кенер сызықтарын негізгі тұтас жуан сызықпен бастырып жүргізеді. 
Конустық тісті дөңгелектердің параметрлерінің кестесі сызылады. Түзу 


231
тісті конустық дөңгелектің негізгі элементтері мен параметрлері 6-кестеде 
көрсетілген.
6-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет