Гравиметриялық анализ әдістері №1 Зертханалық жұмыс Барий хлоридi кристаллогидратындағы кристалданған


Топырақ суырындысының құрамындағы кальцийді және магнийді анықтау



бет24/29
Дата04.04.2023
өлшемі463,96 Kb.
#173743
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Сандық анализ зерхана

Топырақ суырындысының құрамындағы кальцийді және магнийді анықтау

Ауыл шаруашылығында топырақтағы кальций мен магнийдің суда ерігіш қосылыстарының мөлшерін анықтаудың маңызы зор.


Алдымен комплексонометриялық әдіспен Ca2+ және Mg2+ иондарын бірге анықтайды. Топырақ суырындысын трилон Б-мен титрлеу арқылы Ca2+ және Mg2+ иондарының қара хромоген қатысында жалпы мөлшерін анықтаған соң Ca2+ катионы мурексид қатысында ЭДТА мен жеке титрлеу арқылы анықта-лады. Осы екі анықтаулардың айырмашылығынан Mg2+ ионының мөлшері есептеледі.
Топырақтың суырындысын дайындау. Топырақтың ұсатылған (1мм) елек-тен өткізілген 50г үлгісін алып, 750 мл конус колбаға салып, тығындап жауып 3 минут шайқайды.
Үлкен сүзгі қағаздан (ф 15 см) топырақ суырындысын сүзеді. Егер филь-трат лайлы болса сол қағаздың өзінен қайтадан сүзу қажет.
Осылайша дайындалған ерітіндіден титрлеуге қажетті 50 мл ерітіндіні там-шуырмен (пипеткамен) алып титрлеу құтысына құяды, аммоний буферінің 5 мл ерітіндісіне, 20-30 мг қара хромоген қосып 0,05н ЭДТА-ның жұмысшысы ерітіндісімен шарап-қызыл түстен көк түске боялғанша титрлейді.
Кальций мен магнийдің милиграмм-эквиваленттерінің жалпы мөлшері 1000мл суырындысындағы немесе 100г топырақтағы мөлшерін келесі форму-ламен анықтайды:

N – комплексон ІІІ нормальдылығы
V – титрлеуге кеткен комплексон ерітіндісінің мөлшері, мл;
Vтопр суырынд - анықтауға алынатын топырақ суырындысының көлемі, мл.
Кальцийдің мөлшерін анықтау. Тамшуырмен 50 мл сүзбе ерітіндісін алып, колбаға құйып, оған 2,5 мл 2н NaOH немесе KOH ерітіндісін қосып қалақ-шаның (шпателдің) ұшымен 30-40 мг мурексидпен натрий хлоридінің құрғақ қоспасын қосады да, 0,05н комплексон ІІІ ерітіндісімен қызғылт түстен көк күлгін түске айналғанға дейін ақырындап титрлейді. 2-3 рет қайталап орташа шаманы алып 100г топрақтағы миллиграмм-эквивалент мөлшерін жоға-рыда келтірілген формула бойынша есептейді.
Магний мөлшерін анықтауды төмендегі айырма бойынша жасауға болады.

100г топырақтағы кальций мен магнийдің мөлшерін миллиграмм-эквива-лентпен көрсетуге болады. Ол үшін кальцийдің Са2+ миллиграмм-эквива-лентін (20,04 мг) немесе магнийдің (12-16мг) милиграмм-эквиваленттеріне көбейтсе жеткілікті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет