Оның үстіне «жасыл экономика» жолында алға басу болып табылатын Алматы облысында атом электр
станциясын салу қажет, өйткені нақ осы атом энергетикасы ең таза және көмірмен жұмыс істейтін, одан
әрі жаңғырту перспективалары жоқ көптеген жылу электр орталықтарының шығарындыларын азайтады.
Мұндай тәсіл жаңа өңдеуші салаларды қалыптастырудың жаңа сатысы және оның негізі болар еді.
ҚАЗҰУ ҚАЛАШЫҒЫНДА АҒАШТАР
АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ!
Наурыз мерекесі және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына
орай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
«Ағаш отырғызу» қайырымдылық акциясына қолдау
білдіріп, 160-тан астам қырым қарағайы мен алтай
шыршасын отырғызды.
Игілікті шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан
Республикасы
Тәуелсіздігінің
30
жылдығын
мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның
бірінші отырысындағы: «Мен Ұлыстың ұлы күнін жаңаша атап
өтуді ұсындым. Бабаларымыз Әз Наурыз келгенде бұлақтың көзін
ашып, ағаш отырғызған. Осы тамаша дәстүрді жаңа қарқынмен
жалғастырайық.
Табиғатты
тазалап,
қоршаған
ортаны
көгалдандыруды қолға алайық. Мұндай шараларды барлық
аймақта ұйымдастыруымыз қажет. Бұл – ата салтымыз және
ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің ең тиімді жолы», – деген
тапсырмасына сай жүзеге асты.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қасым-
Жомар Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты
бағдарламалық мақаласында «Наурыз мейрамын
атап
өту
тұжырымдамасын
Достарыңызбен бөлісу: |