Гуманитарлық- техникалық институты


Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



Pdf көрінісі
бет18/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,15 Mb.
#119842
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62
Байланысты:
Бокс практикалық сабақ

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
Ұсынылған әдебиеттердегі 
авторлар жасаған боксты оқыту әдістемелерімен танысу
 
Тәжірибелік сабақ № 8 
Тақырып :
 
Қарсы соққылар
 
 
Сабақтың мақсаты:
Қарсы соққылар қарсыластың шабуылы кезінде жасалады Бокс 
техникасында кездесетін негізгі соққылардың бәрін де пайдалануға болады. Қарсы соққы 
әрдайым қорғаныстың бір түрімен байланысты. Бұл қорғаныс қарсыластың шабуылдағы 
соққыларын, әсіресе, ең шешуші, бірінші соққысын қайтару үшін қолданылады. Қорғаныспен 
тығыз байланысты болғандықтан, қарсы шабуыл кезінде соққылар сырт көрініске біршама 
өзгеруі де мүмкін. Жақын арақашықтықтағы жекпе-жекте қысқа қарсы соққылар ғана 
жасалады. Мұндай соққылар төте, төменнен және қапталдан жасалады. Жақын 
арақашықтықта боксшы алыс арақашықтықтағыдан гөрі шапшаң қимылдайды. Қысқа 
соққылардың шап-шаңдығы және жағдайлардың тез өзгеруі боксшының жекпе-жекті дұрыс 
бағдарлауына көп қиындық туғызады. Жақын арақашықтықтағы жекпе-жекте ол 
қарсыласының әр қимылын дәл білуі, оны дер кезінде тоқтатып, өзі қысқа қарсы соққылар 
беріп, қайтадан қорғанып үлгеруі керек. Сондықтан боксшы жақын арақашықтықтағы жекпе-
жекке дайындықта қорғанысты жете меңгеруі тиіс. Барлық қарсы соққылар қарсы және 
жауап соққы болып екіге белінеді. Қарсы соққы дегеніміз қарсыластың соққысынан сәл 
бұрын жасалатын соққылар

Қарсыластың қолы өз денесіне жеткенше боксшының -
жүдырығы нысанаға тиюі керек. Бұл соққылар кенеттен жасалады. Сондықтан жекпе-жек 
кезінде мұндай соққылар ерекше бағаланады. Өзін қарсыласының соққысынан сақтау үшін, 
боксшы қарсы соққымен бірге қорғанысты да пайдалануы керек. Осындай қасиеті бар 
боксшы жекпе-жекте басымдылық көрсетеді. Шабуылға шыққан қарсыласқа жұмсалатын 
қарсы соққылар негізгі әдістердің бірі. Онымен қарсыластың шабуылын тоқтатуға болады. 
Қарсы соққылардың ішінде ең көп пайдаланылатыны — сол қолмен басқа төте жасалатын 
соққылар. Ол қандай жекпе-жекте болмасын жақсы нәтижеге жеткізіп қана қоймайды, 
сонымен қатар боксшының өзін қарсыластың соққысынан сақтайды. Қорғаныстан кейін 
барып жасалатын соққыларды жауап соққылар дейді. Қорғаныста жүріп, пайдасы молырақ 
деп, тек қана қарсы соққылар жасай беруге болмайды. Қорғаныстан кейін «екінші 


11 
кезеңде» жасалатын жауап соққылардың да тигізер кемегі зор. Бірақ ол дәл уақытында 
жасалуы керек. Бокспен әуестенушілерді қарсы соққыға үйретуді жауап соққыдан бастаған 
дұрыс.. Себебі бұл соққыны жасайтын кезде шиеленіс аз болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет