Гуманитарлық- техникалық институты



Pdf көрінісі
бет40/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,15 Mb.
#119842
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62
Байланысты:
Бокс практикалық сабақ

Қарастырылатын сұрақтар: 
1. Техника туралы жалпы түсініктерді анықтаныз. 
2. Қолданылатын құрал-жабдықтар 
3. Соққы техникасының негіздерін анықтаныз. 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1) Жарылгапов О., Нұрмаханов Ә., Саттарханов Б. Бокс. – Алматы, 2007 – 271 с. 
2) Жалымбетов А. Бокс. – Алматы: балауса, 2002 – 72 с. 
3) Рысбекұлы Қадырбек Спорт саңлақтары, Астана 2006–342 с. 
4) Коклам С.М. Тайландский бокс. – Феникс, 2004. 
5) Әлімбек Гаухар. Бокс. – Алматы, 2005 
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
Ұсынылған әдебиеттердегі 
авторлар жасаған боксты оқыту әдістемелерімен танысу
 
Тәжірибелік сабақ № 22 
Тақырып :
 
Боксшының арнайы дене дайындығы 
 
Сабақтың мақсаты:
Арнайы дене дайындығы айқындалған спорт түріне қажетті, оның 
ішінде бокста дене қасиеттерін дамытуға бағытталады. Бұл жаттығуға соқы беру мен 
қорғаныстағы бағдарлану қозғалыс, ойын жаттығулары, көлеңкемен жаттығу, арнайы 
боксшы құралымен жаттығулар (қап, қапшық, резеңкедегі доп т.б.) жатады. 
Арнайы дене жаттығуын боксқа қажетті қолданылатын қозғалыс қасиеттерін кең 
дамытатын және негізгі жаттығулар деп бөледі. 


22 
Арнайы дене жаттығуын тұрақты көрсеткіште ұстану қажет, яғни боксшының жаңа 
кезеңдегі шеберліктің шыңына жаңа көрсеткіштер қажеттілік болмағанға дейін орындаған 
дұрыс. Сондықтан боксшының жаттығу үдерісінде арнайы жаттығуда ғана емес, жалпы 
дене дайындығында да үнемі әдістерді қолдануы қажет. Дене қасиеттері бір-бірімен тығыз 
байланысты болады және өзара әсер етеді. Бокстағы координацияны дамыту қозғалыстың 
тиімділігі мен дұрыстығын ғана қарастырмайды, сонымен қатар орындау жылдамдығын 
қажетті импульс күшінің не үшін керектігін , бұлшық еттердің жеткілікті күшінің 
қысқартуларын, яғни қозғалысқа керекті арнайы бұлшық ет тобының күштілігін 
қарастырады. 
Жүйелі жаттығулар іс-әрекетті тез орындауға көмектеседі, олардың арасындағы 
максималды үзілісті, яғни жұдырықтасу қарқыны мен шапшандығын айқындайды. 
Егер де спорттың циклді түрінде ең бастысы қандай да бір дене қасиеті болса, ал 
боксшы үшін барлық дене қасиеті жеткілікті дамыған болуы қажет. 
Арнайы дайындық жаттығуларының әрқайсысы бокста басты бағыт болып 
табылады, ал бәрі бірге басқа қасиеттердің дамуына ұйытқы болады. Мысалы қапшықты 
соғу жаттығуы соққы беру жылдамдығын дамытады, ұзақ және жиі соққы беру арнайы 
төзімділіктің дамуына көмектеседі; ұрмалы допты лақтыру белгілі қарқында тек қана 
бағдарлану мен дәлдікті дайындап қоймай, сонымен қатар, лақтыруда бұлшық ет сезімдері 
белгілі қашықтықтағы төзімділікті туғызады және т. б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет