Гуманитарлық- техникалық институты



Pdf көрінісі
бет41/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,15 Mb.
#119842
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   62
Байланысты:
Бокс практикалық сабақ

Бақылау сұрақтары:
1. Боксшының арнайы дене дайындығы. 
2. Боксшының арнайы жаттығулар 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.Петров М.Техника и тренировки бокса. 2008 – 319 с 
2.Теория и методика бокса/монография/ - М: «ИНСАН», Филимонов В.И. 2006. – 584 с. 
3.Ширяев А.Г. Бокс и кикбоксинг. Академия, 2007 – 235 с. 
4.Шихов В. Тайский бокс. – Астана, 2002 – 383 с. 
Тәжірибелік сабақ № 23 
Тақырып :
 
Боксшының жалпы дене дайындығы 
 
Сабақтың мақсаты:
Боксшының жалпы дене дайындығы оның дене қабілетінің жан-
жақты дамуына бағытталады. Ол ағзаның функционалды мүмкіндігі көрсеткішін 
жоғарылатуға, төзімділікке, күштілікке және шапшандықты-күшті қасиеттерге
бағдарлану қабілеттілігіне баулиды. 
Жалпы дене дайындығы кезеңді қозғалыс тәжірибесі және іс-әрекеттері 
кіріктірілген кешенді дене қабілетін қарастырады. Бұл шапшандылық-күшті сипатты 
жаттығулар қатарына кең көлемді дене жүктемесіндегі төзімділікке негізделген 
айтарлықтай күштілік қысымдағы жаттығулар және қозғалыс реакцияларындағы 
шапшандық пен ептілікті жан-жақты жетілдіру жаттығуларынан тұрады. 
Жалпы дене дайындығының әсерінен спортшы жаттығу жүктемелерін өте жақсы 
қабылдайды, оған тез бейімделеді, қимыл-қозғалыс қасиеттері дамуының ең биік 
көрсеткішіне жетеді, техникалық тәжірибелермен неғұрлым үздік айналысады. 
Жалпы дене дайындығы спортшы бойында моральдық және еркіндік қасиеттерін 
дамытуға көп әсерін тигізеді, себебі көптеген жаттығулар әр түрлі қиындықтарға төтеп 
беруді қажет етеді, әрі психологиялық тұрақтылық пен спорттық бейнені ұзақ сақтап қалу 
мүмкіндігін қалыптастырады. 
Жалпы дене дайындығы үшін боксшының жеке мінезіне сай және оның дене 
қасиеттерін дамытатын жаттығуларды таңдау қажет. Кейбір дене жаттығулары боксшыға 


23 
оңды әсер бергенімен, оның қажетті тәжірибе жинақтауы мен керекті қасиеттерге 
тәрбиелеуге кері әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, шапшаң қозғалыстағы семсерлесу 
күрделі қозғалыс реакциясына жатады, ал арқаны тік ұстау, тізені барынша бүгу, 
қозғалыстың шектеулігі боксшыны бағдарлы дамытуға, ептілікті жетілдіруге 
дағдыландырмайды. Ауыр салмақты штангіні көтеру жаттығуы дененің жоғары бөлімнің 
күшін дамытады және сонымен қатар соққы беру жылдамдығын шектеуге әкелуі мүмкін. 
Сондықтан боксшыға жаттығуды таңдау үшін оның тәжірибесі мен біліктігін 
қалыптастыруға қажеттілерін ғана алу шарт. 
Ереже бойынша әрбір жаттығу негізгі бағыттардан тұрады және бір мезгілде әр 
түрлі қасиеттерді баулуды қамтамасыз етеді. Жалпы даму жаттығуларын тура және 
жанама әсер ету жаттығулары деп бөлуге болады. Жанама әсер етуші жаттығулар 
мынадый жалпы қасиеттерді дамытуға көмектеседі, ептілік, күштілік, жылдамдық т.б. 
сияқты спортшыны арнайы баптау жаттығуларын дайындайды. Тура әсер ететін дене 
жаттығулары бағдарлану және сипаты бойынша таңдалған спорт түрінің қозғалыстары 
мен іс-әрекетіне сай болу қажет. Жанама әсер ететін жаттығулар түріне суда жүзу, суға 
секіру, жүгіру жағдайындағы ұзындыққа және биіктікке секіру, ұзақ қашықтыққа жүгіру, 
эспандералық жаттығулар және т.б. жатады. Бұл жаттығулар боксшының тек қана жалпы 
дайындығын қалыптастырмайды, сонымен қатар арнайы сипатты ауыр жаттығудан кейін 
қалпына келуді де қалыптастырады. Тура әсер ететін жаттығуларға белгілі аралықтағы 
және жылдамдықтағы аралас қозғалыс, қысқа және орта ара қашықтықтағы ауысу 
ырғақпен жүгіру және аралық демалыс, ядро лақтыру мен теннис доптарымен жаттығу, 
гандбол және де басқа боксқа жақын арнайы жаттығулар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет