Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары . Тұрақты ұстаным боксшыға шешуші
шабуылдар мен әрекеттерде, дәл және шапшаң қорғанысты орындауда, өтпелі қимыл
қозғалыста өте қажет. Бұл жаттығуларды орындауда басты назарды жоғалтқан тепе-
теңдікті қалпына келтіру қабілетін жоғарылатуға аудару қажет. Тепе-теңдікті сақтау
жаттығуларына бөрене үстімен жүгіру, жүру, тірек алаңына соқтығысу жатады.
Теннис добымен жаттығу шапшаңдықты, дәлдікті, бағдарлануды дамытады. Оны
жалғыз немесе біреумен орындауға болады. Бұл жаттығу сабақтың барлық түрінде және
сабақ соңында ой бөлу үшін қолданылады.