Гуманитарлық- техникалық институты


Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



Pdf көрінісі
бет11/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,15 Mb.
#119842
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62
Байланысты:
Бокс практикалық сабақ

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
Ұсынылған әдебиеттердегі 
авторлар жасаған боксты оқыту әдістемелерімен танысу
 
 
Тәжірибелік сабақ № 4 
Тақырып : Сүңгіп қорғану тәсілі
 
 
Сүңги қорғану — қапталдан жасалатын соққыдағы негізгі қорғаныс. Бұл 
қорғаныстың негізгі мақсаты — денені тез жинап, қарсыластың қапталдан жасаған 
соққысынан басты қорғау. Бұл әдісте боксшы тез қимылдауы керек Ол тізесін сәл бүгіп, 
басын иеді, кеудесі қарсыластың соққы беретін қолына қарай иіледі. Содан кейін 
қарсыласының әр қимылын назардан тыс қалдырмай тік тұрады. Сүңги қорғануға үйрену 



бастапқы қалыптағы тұрыстан басталады. Боксшының бұл қорғаныста көп бұғуының 
қажеті жоқ. Тек басын қарсыласының соққысы бағытынан төменірек әкетсе болғаны. Ал 
бойды қайта жазғанда, бас соққы берген қолдың тұсынан барып көтеріледі. Осы қимылда 
бас жарты шеңбер жасайды. Бокс ережесі бойынша мұндай қорғаныс кезінде ілгері 
ұмтылуға болмайды. Себебі қарсыласты баспен соғып жіберу мүмкін. Қозғалыс бүкіл 
денемен, жылдам және дәл жасалуы керек. Дененің бұлшық еттерін тез босату ғана 
боксшы қозғалысына жылдамдық береді. Қорғаныс сәтті өткеннен кейін арқа мен аяқтың 
бұлшық еттері тез қатайтылып, дене бұрынғысынша түзу қалпына келеді. Қорғаныс кезінде 
боксшының тұруы керек. Ол қорғаныс кезінде де, денені қайта жазғанда да, қарсыласқа 
қарсы соққы берер кезде де боксшыға көмектеседі. Мұндай қорғаныс кезінде берілетін 
қарсы соққылар .екіге белінеді. Оның біріншісі — боксшының бұққан кезінде жасайтын 
қарсы соққысы да, екіншісі — денені жазғаннан кейін жасалатын жауап соққы. Бұл 
соққыларды қарсыластың кеудесіне де, басына да беруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет