17
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
Ұсынылған
әдебиеттердегі
авторлар жасаған боксты оқыту әдістемелерімен танысу
Тәжірибелік сабақ № 16
Тақырып :
Қапталдан ұратын соққылар мен төменнен ұрылатын соққылар
Сабақтың мақсаты:
Қапталдан ұратын соққы сайыста жиі қолданылады.
Олар қатты
және жылдам соққы ретінде нәтижелі пайданылады. Қарапайым ұқсастығымен
топтастырғанда бұл соққының он алты түрі бар.
Оң қолмен қапталдан соғу
Оңқай боксшыға да, солақай боксшыға да қарсы соққылар жиі қолданылады.
Қалыпты тұрыс кезінде оң жұдырық нысанадан алысырақ тұрады.
Соққы кезінде ол
нысанаға дейін едәуір жол жасайды. Қарсыласы шабуылдаушының ниетін алдын ала
сезіп, әсіресе солақай боксшыға қарсы қажетті қорғанысты сирек қолданады.
Жалпы оң
қолдың соққылары қарсыластың қорғанысын ашады.
Төменнен ұрылатын соққылар көбінесе қысқа ара қашықтықтарда қолданылады.
Орындалу түріне қарай бұл соққыларды қарапайым 16 түрге бөлуге болады. Мысалы, оң
қолмен төменнен соққанда ол қатты,
жылдам және қарапайым; кенеттен соғылатын
соққылар: ұзын және қысқа соққылар деп аталады. Сол қолмен орындалатын соққылар да
осылар сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: