18
Тәжірибелік сабақ № 17
Тақырып :
Оң қолмен төменнен басқа соғу және оң қолмен денеге төменнен соғу
Сабақтың мақсаты:
Қарсыласының алдыңғы сол қолы кедергі
жасайтын сәтте қысқа
соққылар жиі қолданылады. Ұрыс кезінде оң қолдың жұдырығы біршама жол жүретін
болғандықтан, көбіне қатты соққы ретінде қолданылады. Оң қолмен басқа төменнен соғу
қарсыласымен бетпе-бет тұрғанда және оның оң қолы соққыға кедергі жасамайтын сәтте
орындалады. Бұл соққы көбіне қарсыласы алға немесе
сол жаққа еңкейген сәтте
орындалады. Соққының орындаған кезде дене салмағы оң
аяқтан итерілу арқылы сол
аяққа ауыстырылады. Жекпе-жек кезіндегі қысқа
соққылар бір орында тұрып
орындалғанда тізелер сәл бүгіледі, дене оңнан солға қарай бұрылып, оң иық алға шығады,
жұдырықтың алақан жағы өзіне қарайды.
Оң қолмен денеге төменнен соғуды жиі қолдану қиынға соғады. Себебі,
қарсыласының шынтағы соққының жүзеге асуына мүмкіндік бермейді. Ол үшін
боксшы
қарсыласының сол қолын жоғары көтеруін күтеді. Абайламаса соққы көбіне бүгілген
шынтаққа тиіп саусақтарды жарақаттандырады. Сондықтан да,
бұл соққы өте қысқа
қашықтықта намесеқарсыласы тіке тұрғанда ғана қолданылады.
Бұл- соққы сирек
қолданылатын соққы. Орындау әдісі бұрынғыдай болады.
Достарыңызбен бөлісу: