22
Арнайы дене жаттығуын тұрақты көрсеткіште ұстану қажет,
яғни боксшының жаңа
кезеңдегі шеберліктің шыңына жаңа көрсеткіштер қажеттілік болмағанға дейін орындаған
дұрыс. Сондықтан боксшының жаттығу үдерісінде арнайы жаттығуда ғана емес, жалпы
дене дайындығында да үнемі әдістерді қолдануы қажет. Дене қасиеттері бір-бірімен тығыз
байланысты болады және өзара әсер етеді. Бокстағы координацияны дамыту қозғалыстың
тиімділігі мен
дұрыстығын ғана қарастырмайды, сонымен қатар орындау жылдамдығын
қажетті импульс күшінің не үшін керектігін , бұлшық еттердің жеткілікті күшінің
қысқартуларын, яғни қозғалысқа керекті арнайы бұлшық ет тобының күштілігін
қарастырады.
Жүйелі жаттығулар іс-әрекетті
тез орындауға көмектеседі, олардың арасындағы
максималды үзілісті, яғни жұдырықтасу қарқыны мен шапшандығын айқындайды.
Егер де спорттың циклді түрінде ең бастысы қандай да бір дене қасиеті болса, ал
боксшы үшін барлық дене қасиеті жеткілікті дамыған болуы қажет.
Арнайы дайындық жаттығуларының әрқайсысы бокста басты бағыт болып
табылады, ал бәрі бірге басқа қасиеттердің дамуына ұйытқы болады. Мысалы қапшықты
соғу жаттығуы соққы
беру жылдамдығын дамытады, ұзақ және жиі соққы беру арнайы
төзімділіктің дамуына көмектеседі; ұрмалы допты лақтыру
белгілі қарқында тек қана
бағдарлану мен дәлдікті дайындап қоймай, сонымен қатар, лақтыруда бұлшық ет сезімдері
белгілі қашықтықтағы төзімділікті туғызады және т. б.
Достарыңызбен бөлісу: