27
мәжбүрлейді. Боксшының реакциясын дамыту үшін бапкер кенеттен табанның жағдайын
өзгертеді, алақанды тура немесе қапталдан, астынан екі немесе үш соққы беруге
бағыттайды. Бапкер қолына үлкен қорғаныс қолғабын киіп,
боксшы табанының орнын
ауыстыруға болады; бұл жағдайда ол оқушыға тек техникалық жолды емес, тактикалық
жолды да ұсынады, жеңіл соққы арқылы шабуыл
немесе қарсышабуылдағы ашық
жерлерді көрсетеді. Мысалы бапкер шабуыл жағдайында тұрады да, оған бас жағынан
солақай тура соққы береді, ал боксшы болса оң жаққа еңкейіп, сол жағынан қарсысоққы
береді, яғни бапкердің айрықша шиеленісу аймағында қойылған қолғабына беріледі;
бапкердің басына сол жағынан бүйір соққысына боксшы қарғып барып, оң жағынан бүйір
соққысын жасайды, ол да бапкердің қойған қолғабына жасалады.
Боксшы табанымен жаттығу арқылы көптеген шабуыл
кезеңіне сәйкес жағдайды
қалыптастыруға болады.
Сонымен қатар, табанмен жаттығу жағымсыз әсер етуі де мүмкін, егер бапкер
онымен жеткілікті түрде қолдануды білмей, оны соққыға қарсы немесе зақымдалған
жерден
әрі ұстаса, боксшы есепке алған ара қашықтықты сақтамаса, осынысымен оны
оқшаулап тастайды. Табанмен жаттығуға көп көңіл бөлуге болмайды және оны қолғапты
қарсыластың шабуыл жаттығуымен ауыстыруға болмайды. Жалпы дене дайындығы
бойынша баптау жаттығулар үдерісіне арнайы бағыттағы
және арнайы снарядтармен
жаттығулар спорттық шеберлікке жетудің қажетті негізгі шарты болып табылады.
Жеке дене қасиеттерін дамытуда үлкен септігін тигізетін жаттығулар, олар залды
жабдықтау құрамына кіретін құралдар болып табылады (3-сурет).
Сурет 3 – Алақандағы жаттығу.
Достарыңызбен бөлісу: