Гуманитарлық факультет



бет47/60
Дата06.07.2020
өлшемі242,93 Kb.
#74920
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
Байланысты:
УМКД ТОӘ

Дәріс 14.

Тақырыбы: Тарих сабағында тарихи деректер мен құжаттарды пайдалану.

Жоспар:

1. Оқушылардың өз бетімен оқулық текстерімен жұмыс істеуін талап ету, және тарихты оқыту процессінде оның маңызы.

2. Оқулық текстермен жұмыс істеу тәсілдері:

а) өздік жұмыс

б) тезис және конспект құру және басқа тәсілдер.

3. Тарихи документтер түрлері. Тарихты оқытудағы құжаттардың маңызы.

4. Құжаттармен жұмыс істеуді талап ету.

Тірек сөздер: тезис, конспект құру тәсілдері, тарихи документтер

1. Оқушылардың өз бетімен оқулық текстерімен жұмыс істеуін талап ету, және тарихты оқыту процесінде оның маңызы. Қазіргі таңда адамның тарих туралы түсінігі ғана емес, тарихқа деген көзқарасы да, қабылдау үрдісі де өзгереді. Оның үстіне мектептегі оқыту саласында білім берудің халықаралық 12 жылдық жүйесінің қалыптасуын ескере отырып, оқыту нәтижелі болу үшін оқулықтың әдістемелік құрылымын өзгерту керек. Ендігі жерде окушының берілген материалды тез игеруіне орайластыра жеңілдету жолдарын қарастырыу керек. Ең бастысы шәкірттің жанды қызығушылық әрекетін туғызатындай, олардың жалықтырып алмай өз бетімен ойлануға, белгілі бір тарихи фактіге, тарихи құбылысқа қорытынды жасауга, өзіндік көзқарасын қалыптастыратын, сол арқылы өз біліміне сенім ұялататын оқулык керек. Себебі, қазіргі таңда оқушыларымыз қолданыстағы оқулықтардығы ұзақ-сонар дайын білімдерді тыңдаумен ғана шектелуде.

Сыныпта сапалы білім берудегі негізгі міндеттерін әр мұғалім өз тәжірибесіне қарай түрлі творчестволық жолмен өзінше шешетіндігі белгілі, бүл күнделікті жұмыс әдіс ғана болып қала бермек. Сабақтың табысты өтуі мұғалімнің дайындығына, білімі мен іскерлігіне, қабілет тәжірибесіне, өз мамандығына жан-тәнімен беріліп атқаруына да байланысты болар. Бұл, дегенмен өзімізді-өзіміздің алдауымыз. Себебі, сабақты түрлендіру тек ашық сабақта ғана өткізіледі. Өзімізге белгілі мұндай сабақтарға мұғалім өзінің біліктілігі мен кәсіби деңгейіне орай материалдар жинап, сабақты барынша түрлендіруге тырысады. Ашық сабақтың практикалық маңызы болғанымен, бұл әдістемелік тәжірибе ғана. Ол мұғалімнің жақсы әдістерін насихаттауға, сабақты жетілдіруге көмек беріп, шеберлікті шыңдауға жәрдемін тигізгенімен оқу құралы да бола алмайды. Ондай сабақ пен күңделікті жұмыс барысындағы сабақ айырмашылығының ара салмағын әрбір мұғалім жете біледі. Әрине, өзінің ісіне шын берілген, күнделікті сабағына өте жоғары әзірлікте жүретін ұстаздарды да жоққа шығаруға болмас.

Оқушы фактілерді берік меңгермесе тарихи білім жүйесі калыптаспайды, оқыту процесі барысыңца сол кезендегі фактілердің себептері мен сипаты; міндетті түрде ашылып көрсетілуі тиіс. Тарихи фактілерді меңгеруден білімді , игеру басталады. Тарихи фактілер схема түрінде берілсе, оқушыны қызықтырып тақырыптың негізгі мақсатын, білім мазмұнын ашуға көмектеседі. Тарихи құбылыстар мен схема арқылы танысу оқушыға тарихи фактіні өзі талдай алуына мүмкіндікбереді.

Тарих дегеніміз – тарихи фактілердің тізімі ғана деген түсінік қалыпттастырмау үшін, оқулыққа тарихнама деректерінің енгізілуі де ескерілсе, өтілген тақырыптарды жинактап, әр тарау соңында аса маңызды, түйіңді деген, хронологиялық сәйкессіздігі дау тудырмайтындай нақты тарихи білім элементтері іріктеліп, маңызды даталар, атаулар, тарихи тұлғалар туралы қысқаша мәліметтермен бірге тест тапсырмалары құрастырылады.

2. Оқулық текстермен жұмыс істеу тәсілдері:

а/ өздік жұмыс. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерде "өздік жұмыс" ұғымына бірнеше анықтамалар берілген:


  • оқыту үрдісіне енгізілген оқушылардың өздік жұмысы - мұғалімнің тікелей қатынасуынсыз орындалатын жұмыс; бұл жағдайда оқушылар саналы түрде тапсырманың мақсатына қол жеткізуге өздерінің күштерін пайдалану және танымдық іс-әрекеттерінің нәтижелері арқылы тырысады (Б.П.Есипов);

  • оқушылардың тапсырмаларды еш көмексіз, мұғалімінің бақылауынсы

орындауы (Р.М. Микельсон);

-өздік оқу іс-әрекеті дегеніміз – бұл дидактикалық ұғым, ғылыми практикалық міндеттерді өз бетімен қою, оның шешімін табудың өзіндік тәсілдерін болжау және анықтау, жеке тұлғаның өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі бағалауы негізінде педагогикалық үрдіске қатынасушылардың өзара іс-әрекетінде қалыптасқан жеке тұлғаның интегративті білімі.



2. Оқулық текстермен жұмыс істеу тәсілдері: Тарихты оқытудың алдында тұрған білімділік-тәрбиелік міндеттердің ойдағыдай шешілуі үшін оқушылардың тарих курсының мазмұнын калай меңгеріп отырғандықтарын білудің маңызы зор. Тарихты оқыту процесінде мұғалім мектеп оқушыларына білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту жөніндегі бір-бірімен тығыз байланысты міндеттерді шешеді. Оқушылар негізгі тарихи фактілерді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды елегінен өткізе отырып, теориялық білімдерді, яғни курстың идеялары мен ұғымдарын игеруі, тарихи процестің кейбір зандылықтарын біліп алуы керек. Білімнің терең меңгерілуі оқушылардың ойлауын дамытуды: фактілерді талдай және қорытындылай білуді, оқиғалар мен құбылыстарды салыстырып, саралай білуді, оларды өз бетімен бағалай білуді көздейді. Соған қоса тарих нұскаулары, қосымша тарихи әдебиет мен карталар және көрнекі құралдармен өз бетімен жұмыс істеу шеберлігі мен дағдысын игеруі, оқушылардың ауызша және жазба тілін дамыту қарастырылады.

Орыстың атақты педагогы В. Сухомлинский: «Мектеп дегеніміз - ең ал-дымен кітап» - деген екен. Байқайсыз ба, өте терең айтылған сөз. Бала бір ғана мұғалімнің айтылғанымен шектеліп, оқулыктарды ғана қанағат тұтса, қайтіп қанаттанады. Аясы тар түсініктің ғана өрісінде шектеліп калады. Осының бәріне кең жол ашатын - кітап. Кітап - ол жансыз мұғалім. Ол сені білім нәрімен сусандырады. Сондықтан да оқушы білімін үнемі жетілдіріп, тәуелсіз еліміздің тарихи кезеңдеріне саяси, экономикалық және мәдени материалдар берілген кітаптар, кітапшалар, энциклопедияларды, мерзімді баспасөз беттерінде берілетін тарихи-қоғамдық материалдарды оқушылардың өз бетінше ізденуіне бағыт-бағдар бере білу керек. Ел тарихын оқытуда сыныптан тыс оқу, қосымша көркем тарихи әдебиетді сабақта пайдалану - оқушылардың білімінің, тарихи ұғымдардың жүйелілігіне әсер етеді; оқушылардың ақыл-ойын, танымын, сезімін дамытуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, оқушыны еңбектене білуге үйретіп, қызығушылығын арттырады. «Махамбеттің жебесі», «Көшпенділер», «Алмас қылыш», «Абылай хан», «Сырым туралы сыр», «Кенесары хан», «Қызылдар қырғыны», «Нәубет», және тағы баска тарихи көркем әдебиет оқушыларға тарихи оқиғалар мен адамдық тұлға жөнінде жан-жақты мағлұмат бере отырып, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді, сана-сезімінің жетілуіне әсер етеді.

Тарихи қайраткерлердің тарихи образы, егер ол нақты және оқиғалы материалдарға байланысты баяндалса білім берік және ұзақ есте сакталады. XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының саяси жағдайы мен жоңғар шапқын-шылығы кезіңдегі қазақ батырларының ерлігін баяндауда М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан үзінді келтіруге болады. Мысалы: ақын поэманың басты кейіпкерлеріне - Абылай хан, Баян батырды және бір топ батырларды атап, олардың әркайсысына мінездеме береді.

Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлык деген, ерлік деген ұрпактан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы - түп, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы - батыр халық». Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін казақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі кейінгі ұрпаққа қашан да болса өнеге болмақ.

б/ тезис және конспект құру және басқа тәсілдер. Оқулықпен оқушылар өзіндік жұмыс жасау барысында оның мәтінін түсінуге, оқиғаны есінде сақтап, қайта әңгімелеп беруге, жай және күрделі жоспар жасауға тезис, конспект жазуға үйренеді. Бұның өзі оқушылардың түрлі дерек көздерімен баспасөз материалын және сабақтан тыс алған мәліметтерін еркін пайдалануға, өмірлік тәжірибеде дұрыс қолдануға мүмкіндік береді. Оқушының толық, терең, жүйелі білім алуы оқулықпен дұрыс жұмыс істеуіне байланысты. В.А.Сухомлинский оқушының өздігінен, ынтасымен кітап оқуын ақыл-ой тәрбиесінің екінші бағдарламасы деп есептеген.

3. Тарихи құжаттар түрлері. Тарихты оқытудағы құжаттардың маңызы.

Тарихты оқытуда тарихи мәліметтер мен құжаттарды пайдаланудың білімдік-тәрбиелік маңызы зор.

Тарихи мәліметтер мен құжаттардан алынған материалдық деректер нақтылығымен, нанымдылығымен ерекшеленеді. Бұл тарихи құжаттарда белгілі бір кезеңдер мен дәуірлер бейнесі көрініс табады. Ал оқушылардың түпнұсқамен жұмыс істеуі тарихи білімді меңгерудің әсерлілігін күшейтеді, әрі тарихи оқиға не құбылысқа деген сыни көзқарастың қалыптасуына ықпа-лын тигізеді.

Тарихи мәліметтер мен құжаттардан алынған мәліметтерді талдау, са-лыстыру, ерекшелігін анықтау, қорытынды жасау, оқушылардың өз ойын еркін баяндауға, өздігінше жұмыс істеуге үйретеді.

Мұғалімдер тәжірибесі көрсеткендей құжатты материал мұғалім әңгімесін байыта түсу мен нақтылай түсу үшін кеңінен қолданылады. Құжатты пайдаланғанда төмендегідей шарттарды ескерген жөн. Біріншіден, құжат материалы қысқа түсінікті болуы; екіншіден, бейнелі, әсерлі үзінділерді іріктеу.Тарихты оқытуда құжат материалдарымен жұмыс істеудің роліне көптеген ғылымдар қалам тартқан. Олар:А.А.Вагинмен Н.В. Сперанскаяның «Тарих сабағындагы құжатты материал. 5-7 сыныптар.» (Л.,1959.), О.В. Волобуев, С.А .Секиринский «Көркем-тарихи хрестоматия» (М.,1965), Ф.П.Коровкинмен Н.И. Запорожец. 5-6 сыныптарда ежелгі және орта гасырлар тарихын оқыту методикасы (М., 1974), И.Я. Лернердің « Тарихты оқытудагы танымдық тапсырмалар» (М., 1968) және т.б.

Тарихи жазба деректердің көптүрлілігі, олардың мұғалім әңгімесінде тұтасынан, немесе үзінді ретінде қолдануы, осы деректі материалдарды әртүрлі әдістемелік тәсілмен пайдалануға мүмкіндік береді. Бір жағдайда, құжат әңгімемен ұштастырып оқытылып, тарихи оқиға не құбылысты те-рендете түседі де, иллюстрациялық қызмет атқарады. Екіншіден, құжат оқушылардың тарихи құбылысты толыққанды оқып үйренуіне көмектеседі. Үшіншіден, құжатты пайдалану қарастырылып отырған қоғамға сипаттама береді, сол дәуірдегі адамның өмірі мен тіршілігі, тұрмысы, діни нанымдары мен салт— дәстүрі туралы мол дерек бере отырып, оқушылардың шығармашылық кабілеттерін дамытуға септігін тигізеді.



5-6 сынып оқушыларының құжатпен жұмысы әдетте мұғалімнің жетекшілігімен жүргізіледі. Осы сыныптағы оқушылармен жұмыс жұргізгенде мұғалім құжаттың ең маңызды белігін тандап алып, оқушыларға біртіндеп сұрақ қоя отырып, оқушыларды құжатты талдауға бағыттап, сол оқиға туралы жалпы түсінік қалыптастыруға ықпал жасайды. Қойылған сұрақтар оқиғаның барысын, себебін, маңызын және қорытындысын түсінуге мүмкіндік береді.

Оқушылардың назары тарих ғылымындағы жаңа көзқарастарға ауда-рылды. Жоғары сынып оқушыларын нақты тарихи оқу материалын талдауға, фактілерді дәлелдеуге, өзіндік пікір айтуға, қорытындылауға, бағалауға үйретуге бағытталған жұмыс жүргізілді. Бұл мақсатты шешуде әсіресе қазіргі оқулықтарда, хрестоматияда жоқ, тың құжаттардан материалдар, қазіргі болып жатқан оқиғаларды, өткен тарихымызды айғақтайтын естеліктерден, мемуарлардан жаңа үзінділер таңдап алған жөн. Мысалы, 8-9 сыныптарда тың деректерді жаңа сабақта оқып үйрену жолдарын қарастырайық. Бір проблеманы қарастыру үшін үш-төрт тың құжаттан үзінді келтіріледі. Ондағы түрлі авторлардың фактілі деректері салыстырылып, оқиғаға, адам қызметіне қарама-қайшы бағалар келтірілген мәліметтер бойынша окушыдардың өзіндік пікірі, ой-тұжырымдары талқыланады. Тарих оқулығы жайлы айтқанда, әсіресе оның деректемелік көздерін байыту қажет деп санаймыз. Сабақта бір не бірнеше құжаттардан үзінді келтіру арқылы окушылардың ойын өздігінен тұжырым-дауға әрі оны шешуге бағыт беру жолымен де проблемалық жағдай жасалуы мүмкін. Тәжірибе жұмысы көрсеткендей, оқушыларды қарама-қарсы көзқарастармен таныстыру белгілі дайындыкты, әрі әдістемелік жұмыстарды ретімен орындауды қажет етеді. Сондықтан тарихи деректермен оқушы-ларды таныстырғанда біртіндеп кезеңмен оқытуды жүзеге асыру керек. Алдымен бір-екі дерекпен өзіндік жұмыс істеуге үйретіп, содан кейін ғана түрлі, әрі баламалы деректерді оқып-үйренуге кешуге болады. Оқушылар-дын деректі материалдармен ойдағыдай өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы жадынама үлгісі ұсынылады. Жадынама оқушыларға жұмысты қалай тиімді жүргізуге бағыт-бағдар береді. Мұнда оқушылардың төмендегідей дағдылары қалыптасуына назар аударылады: түрлі деректерді салыстыру бағытын анықтау; қарама-қайшы фактіпер, пікірлер, багалар, көзқарастарды табу; шын, ақиқат мәлшетті іріктеп, оз таңдауын дәлелдеу; қабылданбаған, жоққа шыгарылган мәліметті сынау т.б. Жаңа материалды оқып-үйренуде үш-төрт жаңа құжатты материалдан үзінді келтіріп, ондағы түрлі авторлардың тұжырымдары, фактілері салыстырылып, оқиға, тарихи құбылыс, адам қызметіне қарама-карсы пікірлер келтірілген мәліметтерге талдау жасалады, сөйтіп оқушылардың іздеген қорытындыларына жақындатылады. Жаңа білімнің кең де берік болуына жағдай жасалады. Деректе фактілер, оңдағы әрбір мәселе құнды, әрбір мәтіннен (автор сөзінен) үзінді, өте маңызды қорытынды жасауға әкеледі. Ал бұл оқушы ойының нәтижелі, жемісті болуына ықпал етеді. Оқушы деректі материалмен,тарихнамалық фактілермен танысу арқылы, сол заманды баяндайтын не басқа тұжырымдаманы суреттейтін фактілермен, түрлі көзқарастармен танысады. Өздері деректемелік мәтіннен негізгі фактілерді тауып, оны толық және саналы түрде түсінгеннен соң ғана, шығармашылық жұмыс жасайды. Құжатпен оқушы үнемі жүйелі жұмыс істеп, ондағы айтылатын құбылыстарды салыстыру, құбылыстың өздеріне бұрын кездеспеген жаңа елеулі белгілерін, оның себептерін анықтау, негізгі ойды тауып, ажыратып, қорытынды жасап отырса ғана оқушының оқу қызметінің табысты болуына көмектеседі. Әдіскерлердің айтуынша, құжаттарды алғаш білім ретінде пайдалану оқушылардың тарихи фактілер мен образдарды берік есте сақтауын едәуір арттырады. «Мұндай құжаттың образды мазмұны оқушылардың назары мен белсенділігін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың образды ойлауын, шығармашылык қиялын арттырады, сөйтіп талданған құжаттын мазмұнына байланысты оқушылардың бұрын алған түсініктері мен білімдерінің бүкіл кешені белсенділік жағдайына келтіріледі».

4. Құжаттармен жұмыс істеуді талап ету. Құжатпен жұмыс істегенде оқушылардың тандауы үшін қойылатын түрлі деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмалар олардын жауап беруіне, шәкірттердің оқиғаны, не құбылысты ұғынуына, оның себептерін, маңызы мен нәтижелерін түсінуіне мүмкіндік береді. Мұнда мынадай жағдайларды ескеруіміз керек: құжат материалдарының жүйелі орналасуы мен үйлесімділігі, проблемалы жағдай, қайшылықтың пайда болуы ; материалды (мәтінді) және оны түсінудегі қайшылық; түрлі деректен шығатын қайшылық.

Зерттеу жұмысында құжат, деректерді төмендегідей өлшемдер (критерийлері) бойынша іріктеу қажеттігі анықталды:

— дерек оқушының түсінігін нақтылап, оларға сезімдік әсер етуі тиіс;

— Қазақстан тарихы бағдарламасына, тақырыптардың мазмұнына сай, онымен тығыз байланыста болуы, оқушылардың дербес жұмыс істеу белсенділігін арттыруға бағытталуы қажет;

— мазмұны мен көлемі жағынан үйлесімді, түсінікті, ықшамды, әрі білімдік, тәрбиелік, дамытушылық жағынан маңызды, қажеттісін іріктеу;

— тарихи кезеңге сәйкестігі;

— тарихи оқиға, құбылыс, фактілердің баламалы қабылдауын қамтама-сыз ету;

— оқушының танымдық дербестік әрекетін арттыру үшін мәліметтің барынша жеткіліктілігі, әдеби және ғылыми құндылықтардың толыққанды болуы;

— көп сырлы, әсерлі баяндалуы және тұрмыстық сюжеттік мазмұнды толық суреттеуі.

Отан тарихы курсының маңызды деген тақырыптары бойынша құжат-тар біртіндеп бағдарламаға сай іріктелініп алынды, мазмұны мен тапсырма-ларға байланысты күрделеніп отырылды. Құжат, деректер бойынша түрлі деңгейдегі сұрақ-тапсырмалар жүйесі сабақта фронталды, топтык және жеке жұмыс түрлерін ұйымдастырғанда пайдаланылды.

Қазақстан тарихын оқытуда деректі материалдар,түрлі денгейдегі обле-малы сұрақтар мен тапсырмалар, естеліктер, карта, көрнекілік пайдалану, оқушылардың танып білу жөніндегі белсенді қызметін ұйымдастыру үшін проблемалық жағдай жасауды жиі қолданған тиімді.

Оқушылар құжатпен танысу арқылы ондағы фактілерді әңгіме бары-сында, рөлдік ойында, сөзжұмбақ шешуде, шығарма, хабарлама дайында-ғанда, тіпті кейбіреулері өздері салған суреттермен де байланыстыра біледі Біздің өз тәжірибемізде деректер тек пайдаланып қойылған жоқ, олар оқыту дың басқа элементгерімен өзара байланыста болды. Оқушыларға сол тарихи оқиға, құбылыс, адам туралы түрлі көзқарастар, пікірлер және қайшы -лықтарды көрсету арқылы проблемалық сұрақтар қойылды. Білім деректерімен жұмыс істегенде оқушылар қойылған сұраққа жауап іздеп табуға, шешуге деген ынтасын білдіріп, талпыныс жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет