объективтік идеализм – сананың да, материяның да барлығын мойындайды, бірақ сананы алғашқы, «объективтік, әлемдік сана» деп ұғынады.
байсалды материализм – сана материяның ерекше қасиеті, жоғары ұйымдасқан материяның өзін өзі бейнелуі (идеалдықты да мойындау) деп ұғыну. Бұл кеңестік, ресейлік философияға тән көзқарас.
Сонымен қатар сананың шығу тегі туралы мәселе де күрделі, оның негізгі үш түрін атап өтейік:
сананың ғарыштық (немесе құдаи) пайда болуы;
сана барлық тірі организмдерге тән;
сана – тек адамға ғана тән құбылыс.
Ғарыштық (құдаи) көзқарас бойынша сананы Құдай жаратқан, ғарыштан Жерге келген, біртұтас, бірегей «әлемдік сана» әрбір жеке адамға, тірі организмдерге дарыған, тараған. Осы көзқарасқа жақын өзге де теориялар кездеседі:
монада теориясы – монадология – Лейбництің пікірінше дүниеде бөлінбейтін, мәңгілік, алғашқы рухани бөлшек – монадалар болады, оларда Әлем энергиясы сақталған және монадалар сана мен материяны туындатады;
П.Шарден теориясы бойынша сана – адамнан жоғары тұрған мәнділік, материяның «ішкі жағы», «миы»;
Рейзердің психосфералық теориясы бойынша Галактика – орасан зор парасат, ақыл, ол адам миымен түйісіп оны парасатпен «зарядтайды»;
гилозоизм теориясы бойынша барлық материя (тірі, өлі, алуан түрі) жанданған, жаны бар.
Достарыңызбен бөлісу: |