Хабиева алмагүл алтайқызы


Фразеологиялық коннотация



бет21/36
Дата06.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#33426
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
2.1.6 Фразеологиялық коннотация. Халық ғасырлар бойы аз сөзбен көп ойды жеткізетін нақты, көркем сөз оралымдарын пайдаланып отырған. Халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, күнделікті өміріне байланысты туындаған коннотациялық сипаттағы фразеологиялық бірліктер халықтың ассоциативті-образды ойлауы нәтижесінде пайда болып, ұлттық-мәдени ақпарат мазмұнын танытатын нышандар болып есептеледі.
Махамбет өлеңдерінде мәнерлегіш-көркемдік бояуы басым фразеологиялық сөз орамдары көптеп кездеседі: көз көрім жер, мейманасы тасу, ат салу, әзіреттен ант ішу, ата жау, еңселігім екі елі, ер көңілін желдету, маңдайынан күн өтіп, жауырынан жел өту, еңсесі түсу, ат үстінде күн көру, тебінгі теріс тағыну, дініне берік болу, тауын қайтару, қызғыштай болу, шағалалы көлдей шалқу, дем беру, алты құлаш ақ найза, ақылды алпыс жаққа шаптыру және тағы басқалары. Бұлар ақын көзқарасын, ерекшелігін таныту, айтар ойын ерекше әсерлі етіп, белгілі бір бейне сомдау мақсатында ұтымды пайдаланылған.
«Махамбетте кездесетін фразеологиялар жайлы сөз еткенде аса бір ерекше ескерілмек нәрсе – бұл фразеологияларда жауынгерлік стиль бояуы анық байқалып тұруы» [13,197]. Мысалы, «садақ асыну», «егеулі найза», «көк семсер», «дулығалы бас», «орма мылтық», «кескекті ердің сойы», «қанды көбе кию», «керегесін қиратып отын ету, туырлығын кесіп тоқым ету», «ұрандап жауға тию», «қамалды бұзу», «қанды көбік жұтқызу» және осы іспеттес тағы да басқа тіркестер «жаумен соғысу», «ұрысқа сай ер-азамат», «жауынгер», «мықты, күшті», «жеңімпаз», «өршіл рух» мағынасындағы бейнелерді сомдау үшін қолданылған тіркестер болып табылады. Сонымен қатар жұмыста «ес едік», «шұнақ хан», «халыққа тентек атану», «Темірқазық жастану», «қу толағай бастану», «аламанға жел беру» деген сияқты тіркестер талданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет