Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Күшін жойған



бет97/129
Дата06.01.2023
өлшемі216,25 Kb.
#165091
түріКодекс
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   129
Байланысты:
денсаулық туралы кодекс

141-бап. Эвтаназия

Эвтаназияны жүзеге асыруға тыйым салынады.

142-бап. Анатомиялық сый

1. Анатомиялық сый - әрекетке қабілетті адамның өз тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де өз еркімен құрбандық етуі, оны тиісінше ресімдеген шарты немесе өсиеті арқылы адам жүзеге асырады.


2. Анатомиялық сый туралы деректер жария етуге жатпайды.


3. Өсиет етілген тіндерден және (немесе) ағзалардан (ағзалардың бөліктерінен) басқа, табылған күннен бастап қырық бес күн ішінде танылмаған және сұрауы болмаған адамдардың мәйіттері де анатомиялық сый ретінде танылады.


4. Анатомиялық сый биологиялық-медициналық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми, ғылыми-практикалық және оқу мақсаттарында пайдаланылуы мүмкін.


5. Анатомиялық сыйды жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына берудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.


Ескерту. 142-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).



142-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік

1. Денсаулық сақтау объектілерін құру (реконструкциялау) және пайдалану Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.


2. Концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде құрылған денсаулық сақтау объектісін (концессия объектісін) пайдалануды концессионермен қатар функционалдық оператор да жүзеге асыра алады.


Мұндай жағдайда концессионердің концессия объектісіне техникалық қызмет көрсету шеңберінде өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу үшін шығындарды өтетуге және кірістер алуға құқығы бар.


3. "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасы негізінде концессия шартын жасасуды көздейтін концессиялық жобаларды іске асыру кезінде:


1) концедент құрылған концессия объектісін концессия шартында айқындалған тәртіппен функционалдық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты бойынша функционалдық операторға береді;


2) концессионер концессия шартында көзделген тәртіппен және шарттарда концессия объектісіне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;


3) концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізілгенге дейін айқындалатын функционалдық оператор концессия шартында көзделген тәртіппен және шарттарда концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.


4. "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасы негізінде жасалған концессия шарты функционалдық оператор туралы ережені, сондай-ақ концессионер мен функционалдық оператордың концессия объектісін бірлесіп пайдалану тәртібін қамтуға тиіс.


5. Функционалдық оператордың осындай қызмет үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсат беру құжаттары болуға тиіс не оларды концессия объектісін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану басталғанға дейін алуы тиіс.


6. Функционалдық оператор:


1) концессия объектісіне функционалдық қызмет көрсету мақсатында жасалған мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында көзделген шарттарда концессия объектісіне қатысты құқықтарды жүзеге асыруға;


2) концессионермен бірлесіп концессия объектісін концессия шартында көзделген тәртіппен және шарттарда пайдалануға;


3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.


7. Функционалдық оператор:


1) концессия объектісінің бейінін сақтауға;


2) мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында көзделген тауарларды өндіруге және (немесе) жұмыстарды орындауға және (немесе) қызметтерді көрсетуге;


3) Қазақстан Республикасының экология және еңбек заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын сақтауға;


4) концессия объектісіне өз кінәсі бойынша келтірілген залалды өтеуге;


5) концессия объектісін концессия шартында көзделген тәртіппен концессионермен бірлесіп пайдалану шарттарын сақтауға;


6) Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартында белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.


Ескерту. 23-тарау 142-1-баппен толықтырылды – ҚР 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-БӨЛІМ. ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАМАТТЫЛЫҒЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет