«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ. ХАЛЫҚ ЖАДЫНДАҒЫ ХРОНИКА»
Ақмола облысы бойынша сауалнамаға қатысқан респонденттердің тізімі және сауалнама мәтіні
РЕСПОНДЕНТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
Әбдірашов Дулат
Байкенов Шойынбек
Габдулұлы Кабдрахман
Искаков Шапи
Кенжеғарин Тұрлыбек
Конкаева Саулеш
Қабдешов Мухит
Қажыбаева Кокен
Қасенова Рабия
Құсайынова Зейникамал
Нұрғалиұлы Олжабай
Нұрсейітұлы Олжабай
Рахымжанова Күләш
Таналиев Өмірсерік
Ташманбет Дулат
Теміржанов Болат
Темірханов Жеңіс
Хамзаұлы Сабырбек
Хамзин Сансызбай
Шаймерденұлы Баймырза
Ыбырай Жансерік
САУАЛНАМАЛАРДЫҢ МӘТІНІ
ӘБДІРАШОВ ДУЛАТ
Мына қазақтың осы бұрынғы тарихи оқиғалары бұл жақта көп болды ғой. Абылай хан, Қасым хан, одан бері Шоқанға дейін ...
Біздің осы Көкшетауда...
Ия, Көкшетауда ...Осы бұрыннан қалған сол атақты адамдар осы жақтың, батыры, билері, хандары, сұлтандары, содан кейін жаңағы, одан кейін бұл жақта болған әрбір әулие, бақсы-балгерлер, сал-сері, атбегі, құсбегі, аңшы, сондай адамдардың өмірінен әңгімелер жинаймыз. Жинап жүрміз. Бірінші сұрақ, сол жағынан есіңізде қалған болса, соны айтсаңыз...
Біздің енді, Көкшетау болған соң, бәріміз бір ұрпақ қой.
Аты-жөніңізды айтып өтесіз бе бірінші?
Менің аты-жөнім, негізім Арғын. Ол жақта Арғын демесең, басқаны түсінбейсің. Арғын, Арғынның ішінде Атығаймыз, Атығайдың ішінде Елтоқ дейді, Елтоқтан үш бала туады: Есімбек, Маныс, Көкі дейді. Маныс осы Мәдениетте тұрады. Есімбегі Казгородокта тұрады, Көкісі Макинкада тұрады. Міне үш бала тараймыз Атығайдан. Ал сол, Мәдениет елі бұрын қоныстанған нелері керек қой иә сізге?
Иә, қоныстанған, сол елдің бірінші мына атақты адамдары...Қоныстарын айтыңыз. Өзіңіздің аты-жөніңізді айтып жіберіңіз.
Менің аты-жөнім Әбдірашов Дулат, 1925 жылы туған, 92-де жас бар.
Мекен-жайыңыз?
Мекен-жайым ...
Осы ауылдың атын атап жіберіңіз.
Осы Мәдениет ауылы, осы елде 55жыл еңбек еттім бір орында. Кешегі Ұлы Отан соғысына қатынастым. Онда мен соғысқа барып, әлгі неміс өлтірген жоқпын, внутренняя воискада болдым. Внутреняя воиска Когорот, осынау әлгі Петропавлда екі полк болды. 37-ші полкі артеллерский, 44-ші стрелковый полк. Сосын мынау Ақмолада 39-шы стрелковый полк үшеуі бір дивизия болды. Дивизияның конторы мынау Петропавлда Ешимнің районында екі тәжілі такси болды. Сол 25-стрелковый полк, то есть батальон қаланың ішінде болды. Оны внутренняя воисканың айтып болмайды.
Иә, 28-ші жылы қоныстандық. Біздің елде би Әлібек деген би болды біздің аталарымыз. Би Әлібек деген. Онда бидің өз заманы ғой. Содан сол кісі елімізді сол кісі биледі. 28-ші жылы колхоздастық. Колхоздасқанда Еңбекшіл районы 28-ші жылы район болып құрылғанда, Мәдениет бірінші колхоз болып соған ұйымдасып кірдік. Сонда біздің бастығымыз Есембаев Жұман деген кісі бастық болды. Елді басқарды. Содан Аллаға шүкір, бытыраңқы ел колхоз болып ұйымдасқанда, кірім-жарлы деген болды. Колхозға кірсең не бес қой бересің, не бір сиыр бересің, не бір жылқы бересің колхозға. Содан колхозда жылқы да өсті, сиыр да өсті, сол колхоз Аллаға шүкір бізден геройлар шықты, академиктер шықты Мәдениеттен, екі ???? бар мұғалімдер шықты. Еңбек Қызыл Ту ордені екінің-бірінде болды. Сондай Қасиетті ел болдық. Міне, Абылай 48 жыл хан болды, үш жүзді биледі, міне сол Абылайдың жолы сіздердің мына келген жолдарың. Бурабайдан осы Абылайдың жолы мына бізден жеті шақырым жерде Абылайдың бұрынғы ескілікті Қарағанды, Ақмола, Қызылжар екі ортаға ерсілі-қарсылы керуен тартқан жол бар, Абылай жолы деген. Сол жол оған апарып қосады мынау. Міне мына жол. Ол жолды енді қазір бұрын асфальт сияқты болған ертеде. Қазір ешкім жүрмейді, шөп басып, белгісіз болып кетті. Мына Сәбит Мұқановтың «Тас шалқары»...Естуіңіз бар ма? «Ботагөз» романын Сәбит Мұқанов біздің жерде жазған. Ол Сәбит Мұқанов біздің елде бір ай әйеліменен неде демалып жататын Сәбит Мұқанов. Сәбит Мұқанов 27-жылы мен комсомол едім дейді. Сонда біздің аталарымызды конфескавать етіпті. Сонда біздің Шалқарымызды, біздің анау дінгегімізді, сосын мынау қосыла алмай жүрген кедейдің жігітіне байдың қыздарын сонда көргем дейді. «Ботагөз» романын осы біздің жерде жазыпты. «Ботагөз» романын білесіңдер ме Сәбит Мұқановтың?
Білеміз.
Сәбит Мұқанов, 57-ші жылға дейін біз колхоз болдық. Сонда ай сайын бізде курорт біздің Мәдениетқа деп анау Шалқан деген үлкен көл болды, үлкен теңіз сияқты. Қайық жүретін, сол жерде біз 250 бие сауып, сол жерде бір күнде 1200 л. қымыз сауып тұрдық. Ол қымызды кімге бердік? Степнякта строиучастка болды, 500 л строиучасткіге береміз. 400 л. мына Бурабайда туберкулезный болды, содан кейін военный болды. Соған береміз. 80 литрдан үш бригада болды, соған береміз. 50 л. елге әкелеміз. Міне, бұл 250 л. бір күнде қымыз болып өткіздік. Міне, сол кезде колхозды мен басқарып тұрдым.
Қай жылы ол?
50-55 жылдары-57-ге дейін. 57 бізді совхозға аударып жіберді. Біздің жерімізге долский, дебский деген екі совхоз құрылды 54 жылы. Сол екі совхозға, ылғы бойдықтар келді ғой совхоз құрылғанда. Трактор жүргізді, комбайн жүргізді. Олар 56 кете бастады. Содан кейін біздің колхозда Құрманбаев деген райком секретары маған айтты, мына совхоз тараса, бізге бәле болады. Сондықтан Мәдениетті екі совхозға бөлеміз деді. Мынау түгел отделения дебскийге қарап тұрады дейді. Ал рабочилар, тракторист, комбайнерлер елден барып долскийдің шаруасын істеп тұрады дейді. Содан сонда қосылдық. Міне...
Енді сөзіңіз ауызыңызда, тың игерушілер келгенде олар енді былай осы жаққа астық өндіреміз деп келді ғой.
Иә, келді.
Сол тың игерушілердің ішінде неше түрлі түрмеден шыққан, бұзақы, сотқар балалар, солардың әңгімесін айтыңызшы. Солар не істеді?
Молдавиядан келді, не то что Совет Үкіметі, солар келіп, трактор жүргізді, комбайн жүргізді, 54 келді, 55-56 олар кете бастады. Содан кете бастаған соң екі совхоз құруға айналды. Содан бізді сол екі совхозға бөліп, миллионер колхоз болдық. 1500 жылқы ұстадық, 250 бие саудық, 1600 қара мал болды колхоз тұсында, 480 сиыр саудық, сосын 8500 қой болды, бізде немістер болды. Шошқа ұстадық, тауық ұстадық. Біз миллионер колхоз болдық колхоз тұсында. Қазір архивте бар. Бізді екі рет, 2007-2006 жылдары осы Мәдениетті телевизордан, мынау неден берді, Көкшетаудан, облыстық телевидениеден. 2009 жылы, мынау неден берді, республиканский телевизордан берді. Біздің Мәдениет сондай қасиетті ел болған. Абылай хан 48 жыл мекен еткен жер міне мына жол сол Абылай ханның жолы. Абылай хан осы жерде мекен еткен, серуендеген. 31 жылғы аштықтан Мәдениеттің бір жаны аштан өлген жоқ. Міне, нансаң... Мынау Талдықорғаннан бір үлкен адамдар келеді. Сонда айтады, Талдықорғанның жартысы өліп қалған дейді, Алматы Талдықорған ғой енді... Анау бір жан өлмеді дегенге таң қалды солар.
Себебі?
Міне, бір жан біздің Мәдениеттен өлген жоқ. Өлді десе, міне анау ауыл советі айтсын. Сондай қасиетті жер... Мен 55 жыл осы елдің өгізін айдадым, соқасын ұстадым, осы елді мен басқардым. 57 совхозға аудардым.
Сол қандай атақты жылқышылар болды?
Жылқышы болды. Герой Қосыбаев Тоқсанбай деген. Екі рет Қазақ ССР-на депутат болды 8 жыл. Оның бізге істеген еңбегі де көп болды. Ал ол кезде кемшілік қой, ең алдымен бізге машина әкеліп берді, ана Алматыдан рұқсат келеді онда. Сосын пилерам орнатты. Содан әлгі светке үлкен әлгі дивельный мотор әкелді. Міне, еңбегі ол кісінің. Ол кісі дүние салды, бізде екі рет Ленин орденін алған Жақашев Баймұрат деген мұғалім болды. Екі Лениннің ордені деген ол кезде қайда, керемет нәрсе ғой?
Иә.
Ол кісі де қайтты... 48 жылы қайтты ол кісі. Сосын мынау еңбек еткен ауылымызда екі Еңбек Қызыл Ту орденін алған Шәріпов Тоқырай деген, қайтты олар. Тракторист болды. Екінің бірі бізде Еңбек Қызыл Ту орденін алды. Оны айта беріп, оның санына жетпейсің.
Енді ақсақал, сөзіңіз ауызыңызда міне, өткеннен тарихтан қалған әңгімелер бар ма, осы бұрынғыдан өзіңіз айтып жүрген, шешендік сөздер, жаңағы мысалы, Әлібек бидің ел басқарғандағы шешендік сөздері, содан қалған бар ма сөздер?
Ел басқарғанда мынау, Әлібек би өте шешен, қатыгез болды. Елді ол кезде қатыгез болмаса ... сондай кісі болды Әлібегіміз би болып. Біздің атамыз, одан ұрпақтар бар. Біздің атамыз Төлек деген батыр болған кісі екен. Қабанбай батыр жоңғарлармен соғысқанда, Төлек ...
Атығай ғой?
Атығай. Төлек батыр. Қабанбайменен жоңғарлар соғысты ғой, сонда бір қолын басқарған екен Төлек. Жоңғарларды жеңіп келген соң, Төлек әйел алады, әйел алған соң одан ұл туады, ұлының атын Қабанбай қояды. Біз әлгі Нұрсұлтан қойып отырмыз ғой... Содан мынау Қабанбайдан жанағы Әлібектер тарайды. Сосын екінші әйелі Жанұзақ дейді, біз тараймыз. Үшінші әйелінен Баубек дейді, Айтоқ, Байтоқ, Тайтоқ дейді, Шортанбай дейді. Жеті бала тараған. Жеті бала ... Ал біз сол екінші әйелінен тараймыз. Міне өтірік емес, шынның арасы қанша дейді ғой, өтірік пен шынның арасы төрт елі дейді. Көзбен көрген шын дейді, құлақпен естіген өтірік дейді. Оны баяғыда мынау Абылай хан серуендеп жүріп, жеті батырымен Қалден-сереннің қолына түсіп қалыпты. Содан Абылай ханды ат-тұрманын алып түрмеге жабады. Сені біз босатамыз, бізге бағынышты бол дейді. Ал бағынышты болмасаң, осылай жата бересің дейді ғой. Сосын бағынышты болу оңай ма? Оңай емес. Сол жылы қыс қатты болып, Қалденнің жылқысы арық болып, Әндіқожа деген Абылай ханның ақылгөй биі...Әндіқожа. Әндіқожаның жеті биінің айтайын ба?
Иә.
Қабанбай батырда Абылай Қытайменен шекараға қойған. Бізге ең күшті жау Қытай деп. Сосын Бөгенбайды Шығысқа қойған. Батыраш Наурызбай, Жәнібек батыр, өзге батырлардың бәрін Еуропамен мына шекараға қойған. Қазақ жеріне жау енгізбе деп. Сонда Әндіқожаны ақылдасып отыруыма керек деп Бурабайдан берген жерді. Қазір Әндіқожаның жұртында Назарбаевтың дачасы бар. Анада Назарбаев келгенде мынау жер, сол жерде Әндіқожаның зираттары бар ғой ұрпақтарының, мынау зират кімдікі, кім қоныстанған деп сұрайды ғой. Үш зират бар, үш бөлек тұрған Назарбаевтың дачасында тура. Тура Әндіқожаның жұртында сол. Алдынба Ақтөбе дейді. Әндіқожаның Ақтөбесі дейді. Соған Әндіқожаның Ақтөбесінің төбесіне Назарбаевқа үй тігеді. Мен соларды көрдім. Үй тігеді. Астын цементтеген. Әлгі серуендеп келгенде үй тігеді екен. Сосын мына бишка бар. Сол тауды Әндіқожа тауы дейді. Қорсан бұлағы деген бұлақ бар, Әндіқожаның бір биінің атына қойған. Сол Әндіқожа деген Абылайханның ең күшті ақылгөй ұрпағы. Содан Әндіқожа өзі мынау бір батыр, ұмытып қалдым... Кәріліктің ең шеті 80 екен. 80-нен асқан соң адам балалық шаққа қарай айналады екен. Қазір мен 92-де отырмын. Бірін айтсаң, бірін ұмытып қаласың. Содан кейін артынан ойға түседі. Көрдің бе? Мынау 24-ші жылы Голощекин секретарь болып келіп, Бурабайды курорт қыламын деп күллі Әндіқожаның ұрпағын Қойтеке деген жайлау бар, соған көшірген ғой. Содан 24-ші жылдан бері бұл жер курорт болып қалған. Әндіқожаны Бөгенбай батыр қонаққа шақырады күзді күні. Салт бара жатса, жолдың жиегінде балалар топтаяқ ойнап жүр дейді. Соның ішінде бір шал топтыаяқ ойнап жүр дейді балалардың ішінде. Содан шалға сәлем берейін деп Әндіқожа шалға келіп сәлем береді. Сәлем берген соң шал алады. Ақсақал нешедесің дейді. 85-темін дейді де, алдына топ келіп қалады. Топ келіп қалғанда артқы сөзге қарамай топты қуып жүре береді. Сосын Әндіқожа құбылаға қарап, бата сұрапты дейді. Ей Алла, мынаның 80-нін берсең де, 5-еуін бере көрме деп. Міне... 80-нен асқан соң балалық шаққа қарай айналады деген. Содан Әндіқожаның батасы қабыл болып, 80 жаста қайтыпты. Қазір Абылайдың жанында 58-ші нөмірде Атығай батыры Әндіқожа 1600 бәленінші жылы туған, 1700 бәленінші жылы қайтқан деген жазу тұр дейді. Әндіқожаның, Абылаймен бірге 58-ші нөмерде. Сонда тура 80 жас дейді. Оған ұрпақтары барып, бата жасап келді.
Қожа Ахмет Йассауида ғой?
Иә, Қожа Ахмет Йассауида, сонда Әндіқожаның мәйіті. Көрдің бе, Алла тілегін берген. Аллаға шын тілесең, Алланың бермейтіні жоқ. Мен сізге айтайын, біздің Мәдениет ауылынан Отан соғысына 120 адам кетіп еді. Соның 80-ні оралған жоқ. 40-ы оралып еді, Қырқынан қалған мен. Міне... қырқы да өлді. Міне мынаның әкелері Отан соғысынан жаралы болып келіп, қайтты осында.
Енді жаңа Назарбаев сол Әндіқожаны сұрағанда айтып па, осы жер сол кісінің қонысы деп?
Айтты...соны... Бір күні мен моншаға түсіп жатқам осы жерде. Бір осында лесхоздың леснишиі келіп тұр. Сізді районға прокурорға шақырады деп. Сосын бардым. Барған соң, сол екі ортада сағат түнгі 12 болып қалды. Сосын прокурордың конторының ішінде күзет тұр екен, содан сол күзетші айтты, жаңа олар... ертең көздеріне көрсетем дедім ғой. Содан таңертең тұрдық. Мен сол Есімханның үйіне қондым. Ана птица фабрикадан, олар мені тосып тұр, сол жерден менше кірдік жанағы Бурабайдың ішіне. Кірген соң мынау кісі қойылатын Қойлыатығайдың кіші зират бар. Соған бір рет құран оқыды. Сосын екінші зират бар, Ақкиік Қойлыатығай деген. Соған тағы құран оқыдық. Әліби бір молда алып жүрді. Сосын үлкен Қойлыатығайдың, қазіргі Назарбаевтың дачасы тұрған үлкен Қойлыатығайдың зираты бар. Бұл үлкен Қойлыатығайдың зираты. Оған құран оқыдық. Содан соның бәрін мен айттым ғой. Әуелде осылар би ұстаған. Осы жерде болған, Әндіқожаның несін бәрін айттым енді білгенімді. Содан олар мені үйге әкеліп тастау керек қой. Әліби, отын керек пе? Керек жоқ. Шөп керек пе? Керек жоқ. Жем керек пе? Керек жоқ дедім мен. Сонда, 74 жаста Абылай ханның бір молдасы болды. Қазір қайтып кетті. Сонда әлгі айтады, мен 74-келдім, жұрт сұрап ала алмаушы еді, сен беріп тұрғанды алмаймын деген бірінші рет сені көрдім деді. Міне, содан бір нәрседен алсаң, сұрасаң, сен басшыларменен табыса алмайсың. Берсе де алма... менің үйімде Сағадиев обком секретары болып тұрғанда, екі рет болды менің үйімде. Міне, анау үйде. Онда обкомдар ауылды аралап тұрады. Әуелбеков екі рет болды. Мынау өлген Әбуталиев Шапа екі рет болды менің үйімде. Мен үкіметтен, басшылардан сұрап, я болмаса басшыны жамандаған кісі емеспін. Егер осы елдің басшысын келген басшыға жамандасаң, сен жеккөрінішті көрінесің. Мұхаммед пайғамбардың хадисінде бар, басшыңа бағын деген. Біз міне Назарбаевқа бағынуымыз керек. Мен өзім бата жасағанда Алладан тілек тілеймін. Ең алдымен о дүниеге аттанар уақтарға иман бер, кейінгі қалған ұрпақтарға екі дүниенің жақсылығын бер, Отанымызға тыныштық бер, патшамызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жемісті еңбек бер дейміз. Мына Мұхаммед пайғамбардың хадисінде бар, патшаңа бағын деген. Егер патшаға бағынсақ тыныштық болады. Міне, Аллаға шүкір жүріп жатырмын.
Енді осы жерде мына қандай атбегілер болды? Аттың сынын айтатын. Сол жайында айтсаңыз...
Аттың сынын...мынау дөкей, бай бір кісі ас берген ғой. Соған барлық жүйріктерді апарады ғой. Сонда Жиренше шешен бе, бір сыншы болған. Аттардың бәрін қатар-қатар байлап қойған ғой. Сонда мынау Ақан серінің Құлагерін Ақан сері атжабумен жауып қойыпты. Сонда жаңағы келіп, атжапқышты көтеріп қарап, «Ай, мынадан озатын жылқы болмайды» деп сынаған ғой Жиренше шешен.
Күреңбай емес пе?
Күреңбай ғойдейім мен айтып отырмын ғой...Жиренше ме... Сол сынап, содан әлгі Батыраш, Қотыраш деген Тайгөк, Бозайгөк деген екі ат әкелген ғой. Ол менің атымның терісін шығармай бәйгені маған бер деген ғой. Содан жаңағы шешен айтқан ғой, сенің атың мынаның артында бөктеріп келеді деп. Содан бәйгеге жібергенде, жанағы Батыраш пен Қотыраш бір адамды жолға қойыпты. Аттың шауып келе жатқан жолына. Егер біздің аттан бұрын келетін ат болса, соны өлтір деп. Содан, жанағы кедей адам болу керек. «Ай менің әйелім екі қабат еді, зияны тиедімен болмаймын» деген ғой. Тұрмаймын деген ғой. Содан анау дөкей адам білесің, еріксіз жіберген. Содан үш шақырым жанағы Ақанның аты келе жатқан ғой. Содан жаңағыны көлдеңеннен келіп желкесінен шауып өлтіріпті. Содан жаңағыда ұрпақ қалмапты. Ақанның өлеңі бар ғой «алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды. Жығылмаса Құлагер қайда деймін» деген Ақанның өлеңдері бар шығарған. Содан Ақан ойлап, дүние салып кетті ғой. Міне, Ақан деген біздің Қарауылдан шыққан...Ақанды естуіңіз бар ғой?
Бар ғой енді...
Дүние жүзіне... мынау Ақан сері, сосын мынау Керей ... Біржан үш жүзге мәлім болды ғой. Сол Біржан қартайғанда 78-ге келіп дүние салыпты. Сонда қартайғанда шығарған өлеңі бар, «Үш жүзге мәлім болған Біржан едім, Кәрілік келіп қалды қай жағымнан. Бұл күні бағам төмен кәрі қойдан» деген өлеңі бар. Кәрі адам қашан болсын көп жастың ішінде бір кәрі жетім дейді. Көп кәрінің ішінде бір жас жетім. Жанағы 120 адам соғысқа кеткен, содан қалған мынау мен. Жетім. Көрдің бе ал? ... Бізде мынау Жанбота деген болыс болған кісі.
Иә. Соны айтыңыз...
Мынау сол негізі Атығай дейді, Атығайдан Елтоқ, Елтоқтан Есімбек, Маныс, Көкі дедім ғой. Есімбектен Сарғыз, Сарғыздан Қарпық, Қарпықтан Жанбота. Жанбота өте қасиетті кісі болған ғой. Мынау өлеңі бар Біржанның «Жанбота әкең Қарпық, өзің болыс, Ішінде сенің барлық болыс» деген. Сол Жанботаны Күленмаймақ деген бір бай, қырсық бай қонаққа шақырады. Қонаққа шақырғанда жанында барған атқосшы болып барғанды кұштырмай-тыштырмай жібермейді дейді. Жегізеді дейді етті. Содан Жанботаны Күленмаймақ, Қарауыл негізі осы жақтікі. Қонаққа шақырады. «Әй, Жанбота, бір сәті көнің басарында, бізге бір келіп қонақ болып кет» деп. Оны Жанбота біледі екен. Сосын Жанбота біздің ұрпағымыз. Құдияр деген кісі бір қойдың етін жеп қояды екен. Содан соны естіп, күздігүні Күленмаймақтың үйіне қонаққа барады Жанбота. Күленмаймақ бар, семіз жылқының етін салады. Содан екі адам үлкен астауға салып, жылқының семіз етін әкеліп, екі жігіт турайды, турап тұздыққа араластырып-араластырып, жанағы екі күтуші кетіп қалады. Жанбота жанағы Құдияр деген біздің аталарымызбен екеуі жейді ғой. Жегенде, бара жатқанда айтқан екен Құдиярға, етті бар тойғаныңша же, содан кейін әрмен қарай ет бармайтын болса, маған бір қара деп. Содан етті жейді, жейді, жартысынан аударады. Сосын мына жерге келіп қалды, Жанботаға қарады. Қараған соң, «әй, әкең еттен өлді ме, ат тебісіп жатыр ма, қарап келші» дейді. Сосын оттыққа барып құсып-құсып қайтып келеді де, әлгі қайтіп келіп бар етті жеп қояды. Жеп қойып, тұздығына дейін ішіп, әлгі Күленмаймақтың алдына науаны итере салады жаңағы Құдияр. Содан енді жанағы кімнің ең бірінші рет дастарқаннан жеңілген жері екен жанағы байдың. Содан Жанботаға кетерде айтады, «Әй Жанбота, мына жаман аузынды енді бір алып келші» дейді. Содан әлгі жаман ауыз атанып кетті біздің әлгі атамыз Құдияр деген кісі.
Иә, анау құсқаны үшін бе?
Жоқ. Құсқанын білдірген жоқ қой ол. Етті жеп қойды бәрін.
Сонда ана бір табаққа қанша ет сыйды?
Астау дейді.
Астауға қанша ет сыйды?
Кім білсін енді?
Осы ана бір астаудың ішіне бір тайдың еті сияды дейді, сол шын ба?
Ондай астаулар болды. Тайдың етін жеп қойған, бір тайдың етін жейтін бізде Аңғал деген батыр. Аңғал батырды естуіңіз бар ма?
Жоқ.
Мынау біздің Атығайдан Заполат деген бай болады. Заполат деген байда 12 мың жылқы болған. Мынау Жаңаталаптың жанында қазір.
Жайлауы, қыстауы қай жерде мұның?
Қыстауы мынау осы Итемген дейді, сол жақ. Ал жайлауы Итемген сол. Өзінің қонысы мынау Жаңаталапта міне.
Жаңаталаптың бұрынғы аты қалай?
Бұрынғы атының өзі Жаңаталап. Бұрын тас деген оны. Кейін Жаңаталап деді. Сонда өнерінде айтыпты, «мен өлсем де, жылқымды көріп жатайын, мына таудың басына қой» деп. Қазір сол таудың басында жалғыз жатыр... Адам дүниеге тоймайды екен. Көрдің бе? Адам неменеге тояды? Адам тірлікте дүниеге тоймайды дейді. Неменеге тояды? Бар болсын, жоқ болсын, «иа Алла бергеніне шүкіршілік» десең осыған тояды дейді. Міне біз осыған ойып тұрмыз дейді.
Сонда мына батыр Аңғал батыр бір тайды жейді дедіңіз ғой, сол қалай жейді екен?
Бір тайды жейтіні былай... Сол жанағы Заполат байға қазақпенен қалмақ соғысқанда, қалмақтың бір сұлу қызын қазақтың батырлары әкеліп Заполат байға береді. Содан Аңғал туады. Аңғалдың әкесі қазақ, шешесі қалмақ. Содан Аңғал батыр болып туады дәкөй. Содан мынау жерде Кешубай Шалқар деген Шалқар болды, біздің Жаңаталапенен Шорыстың екі ортасы үлкен теңіз. Қыстыгүні суды ойып, суға түседі дейді Аңғал бір тайдың етін жеп алып. Суға түскенде судың беті көлкіп май болып кетеді дейді. Міне... Бұлар негізі Атығай, Атығайдың ішінде Қараменде дейді. Бұл Аңғалдың жас кезінде Бөгенбай батыр Қараменденің жылқысын айдап кетіпті. Жылқысын айдап кеткен соң, артынан қуып баратын Бөгенбайға ешкім жоқ қой, кете берсің. Содан Аңғал ат-арқасын тартып мінген соң, ноябрьдің бас кезінде жанына қырық жолдас ерітіп алып, Бөгенбайдан жылқыны қайырып әкелемін дейді ғой. Қармысын қайтарамын деп аттанады ғой. Аттанып келе жатса, Сол Бөгенбайдың жерінде үлкен киіз үй дейді, сол жолдың жиегінде. Киіз үйдің ішінде у-шу дейді. Бұл не қылған у-шу деп барса, бір әйелді босандыра алмай жатыр. Содан «кет лағанат», «кет лағанат» деп үзіктен қамшымен тартып-тартып жібергенде, әлгі әйел босанады, баласы туады. Сосын жанағы қырық жігіт айтады ғой, «ағеке, бұл немене?» дейді. Сонда, әйел босана алмай жатыр екен, соны босандырып келдім дейді. Өзіміз Қанжығалыны шабуылдауға бара жатырмыз дейді. Қанжығалының әйелін босандырып не шаруаңыз бар еді дейді ғой. Сонда «албастыдан Қанжығалының бір атасы жуық деген». Албасты шайтан ғой, шайтаннан Қанжығалының атасы жуық емес пе деген ғой. Міне... «албастыдан Қанжығалының бір атасы жуық деген» содан қалған. Содан Гусак деген көлдің жиегінде екі табын жылқы бағып жүр дейді төрт жылқышы. Содан жылқыны бір-біріне қосып, жылқышыларды ұрып, Аңғал қосып, жылқышылар елге жау келді деп, еліне барады. Онда Бөгенбай 90-ға жақындап қалған екен батыр. Бейқам жатқан ел қамданғанша 5-6 күн өтіп кетеді. 5-6 күн өтіп кетіп, содан Аңғал айтады «сендер жылқыны айдай беріңдер елге қарай, мен тосқауыл күтейін, жау, қуғыншы келе ме» деп жалғыз қалады. Қалған соң бір төбешіктің басына барып дәретке отырады. Дәретке отырғанда ... үйіп-төгіп, содан қуғыншы көрінбейді. Жүріп кетеді. Сосын бұл жүріп кеткеннен кейін Бөгенбай мың қолменен, белін 3метр зонтпенен буып алып, Бөгенбай келеді. Келсе жылқы жоқ, кетіп қалған. Аппақ қар жатыр. Қардың үстінде төбешікте жаңағының... бір қара көрінеді дейді. Бөгенбай айтады «анау не қылған қара, бұрын жоқ еді». Барып келші деп біреуін жібереді ғой. Келсе кісінің қиы дейді. Сосын сұрайды, «ол не?», «кісінің қиы» дейді. «Із нешеу» дейді, «із біреу-ақ» дейді. Қар ғой. Із біреу-ақ дейді. Сосын Бөгенбай айтады: «Біз қайтайық, текке шығынданамыз», анау бізге алдыртпайды дейді. Сосын «өй, олар қырық, біз мың, қалай жылқыны қоя береміз» дейді ғой енді. Қуу керек дейді. Сонда Бөгенбай айтады: «Бәрін жиналып анадай дәретке отырыңдар, содан асса қуайық, аспаса қайтайық» дейді. Содан бәрі қайтады. Келесі жолы жазғытұры Бөгенбай жанына бір ақсақал ерітіп, екі жас ерітіп, төртеуі мынау Аңғалдың еліне келеді. Келген соң Аңғалдың үйіне түседі. Түскен соң Аңғал оған тел құлын сояды. Сөйтіп күтеді.
Тел құлын деген не ол?
Тел құлын деген екі биеге емізіп жіберген құлынды тел құлын дейді. Бір биенің құлыны өліп қалса, екінші биеге емізіп жібереді екен. Сосын сондай қасиетті адам келсе, ана құлын семіз болады ғой, екі биеден емген, соны сояды екен. Тел құлын. Содан Аңғал жанағы Бөгенбайға тел құлынды сойғызады. Бөгенбайды күтеді. Ол кезде кетерде жолың болсын дейді екен. Келгенде емес, кетерде жолың болсын дейді екен. Содан Бөгенбай атшылары атты әкелгенде жүрейік дейді ғой, сонда Аңғал жолдарың болсын дейді. Жолдарың болса, жолдамақ сенен болсын дейді Бөгенбай. Жас батырдан кәрі батыр сауға сұрай келдім дейді. Міне көрдің бе? Содан жаңағы әкелген жылқы қайда, құлындаған құлынына дейін қайтарып берген екен. Сонда жас батырдан кәрі батыр сауға сұрай келдім деген ғой. Міне қазақтың сол кездегі мырзашылдығы... Содан баяғыда Едіге деген би болған. Едіге биден екі бала туған. Торайғыр, Шон деген. Екеуі де күшті болған. Олар былай мынау Баянауылдың бері жағында Алтынтау деген жер бар. Сол Алтынтау деген жер мекені. Содан жаңағы Едіге бидің біздің Итемген деген Атығайменен сол Баянауылының қонысы, жазғы жайлауы бір жер Итемген деген жер, Итемген бізге қарай бір жағы, бір жағы оларға қарай. Сонда біздің елде бір үлкен жиын болып, сол жиынға жаңағы Торайғыр келеді. Содан жанағы Торайғыр сол жиында қайтады. Қайтқан соң, міне осы жерде. Сол бір төбенің басына қояды сол Торайғырды. Еліне апара алмайды. Онда жазда қай жерде қайтса, сол жер қояды ғой.
Иә, жаздыгүні қиын ғой...
Содан Торайғыр осы жерде жатыр, жата берсін. Жалғыз өзі. Содан мынау ненің бір журналисті Торайғырдың туысы. Маған берген кітабы бар еді. Кітабын мынау Астанада балалар оқып, сонда қазір кітап. Сол Сайлау деген журналист, үлкен журналист Баянауылыныкі. Сол ұрпағын іздеп келеді. Ұрпағын іздеп Степнякка келеді. Степнякта біз білмейміз Торайғыр дегенді, қайда жерленгенін естігеніміз жоқ дейді. Содан біреу Казгородокка келеді. Казгородокка келіп, бір үлкен ақсақалдан сұрайды, Торайғыр деген адам қай жерде жерленген, білесіздер ме деп. Біз білмейміз, бірақ Торайғыр деген тау бар Мәдениетте. Сенің Торайғыр екенінді, басқа Торайғыр екенінді білмейміз. Білсе сол кісі біледі деп маған жібереді. Содан маған келді. Келген соң біздің үйден тамақ ішіп, жанағы Торайғыр жатқан төбеге апардым. Жалғыз өзі жатыр.
Орыны бар ма сонда?
Орыны бар, жалғыз жатыр. Содан соған апарып, биік төбе, қазір оны көруіне де болады машинаң болса.
Ескерткіш қойыпты тастан...
Соны айтам. Содан төрт жылдан кейін камазбенен, газелменен, үлкен кранменен, ұзындығы төрт метр, көлдеңені бір метр, қалыңдығы жарты метр тасқа жаздырып, Торайғыр 1700 бәленінші жылы туған, бәленінші жылы...
Шын есімі Торайғыр ма?
Иә, Торайғыр аты... бәленінші жылы қайтыс болған деген жазуы бар қазір. Үлкен тас.
Иә, көрініп тұр.
Осы елден көрініп тұр.
Неше шақырым осы жерден?
Жап-жақын . 2-3шақырымдай болады. Көрініп тұр сол тас. Содан әлгі тасқа орнатып кетті. Содан біздің үйге келді. Бір қой ала келіпті. Біз қойды мешітке бердім де, өзіміздің қонақасыны беріп, аттандырдым. Сол менің өсиетім туралы кітап жазған ғой. «Алтантау – киелі, қасиетті жер»деп. Сол кітапты маған әкеліп берген. Ол кітаптар қазір ... мен төрт кітапта бармын мен. Ол кітаптан біреу-ақ бар, өзгесінің бәрі Астанада, Аманжолдың балалары мұғалім ғой. Солар бірінен-бірі қосып, бірдеңе жазады енді.
Айнагүл ме?
Айнагүл. Мен айтқан шежірелерден қосып бірдене жазады. Ана бір кітабы тұр менде. «Шежіре – алтын мұра» деген кітабы бар, өзге үш кітабы менде жоқ. «Бурабай бауырындағы Атығай» деген кітап бар. Сонда менің өсиетім мен нем бар. Осы екі кітап бар. Қазір соны көрсетейін бе?
Көрсетіңіз...
Әбжән деген кісі. Постоянно түлкі аулады.
Сіздерде сосын неде болды ғой, мына аю да болды ғой.
Ааа...бізде аю болған. Аю алған деген жер бар. Ол аюға жан бармайды, мылтық жоқ. Сол аю елдің малын жей берген ғой, осы жерде Қаратау деген тау бар Аю алған деген жер. Соны Елубай деген кісіменен, тағы біреу, екеуі де мықты кісі болыпты. Екеуі сол аюды өлтірмек болып, мылтық жоқ онда, мына аю кісіні былай алып қысады дейді ғой, содан ешқандай не ғыла алмайсың. Харекет жасай алмайды екен. Содан олар не істеген, кәдімгі жылқының қылынан бұрын арқан есетін, сол қылды арқанды на жерлеріне орап-орап алған ғой. Қылдың арқанын. Сосын киім кигенде мына жеріне әлгі не салып алған, қын, пышақ тығып алатын, соныменен жанағы аюға барған ғой екеуі, аю ақырып шығып, Елубайды былай қыса бергенде жанағы қынменен аюды жарып жіберген. Міне, анау аюдың тырнағы мына қылдан өтпеген. Елубай деген кісі, оның ұрпағы бар, қазір генерал, Елубаев Бауыржан деген.
Иә, естуім бар Елубаев деген...
Қазақстанда екі генерал болды, соның біреуі Назарбаевтың екі генералды екі жағына алып түскен кәртічкелеры бар. Назарбаев ортада. Біздің ауылдың адамдары генерал. Генерал шықты бізден. Геройлар шықты. Академик шықты.
Ааа...мына осық жақ, ең соңғы аю осы жақта...
Иә.
Қашан өлді?
Ол енді көп жыл болды. Біз ол кісілерді көргеніміз де жоқ. Аю алған дейді.
Жолбарыс болды ма бұл жақта?
Жолбарыс болған жоқ гойдим. Сол аю, қасқыр, қасқырды любойы алып жатады.
Сілеусін ше?
Сілеусін әлгі неден неге секіретін бе?
Иә.иә.ағаштан
Солар бар дейді. Мен өзім көргенім жоқ. Ағаштан-ағашқа секіріп, прям адамға шабатын. Жаман. Оны көргенім жоқ.
Снежный барс дейді ғой.
Ааа...Менің бір-екі кітабым бар еді. Ол жоқ. Астанада балалар алып кеткен. Мына көрдің бе, қазір осылардың үшеуі-төртеуінен құрастырып бір кітап шығарады.
Иә. Иә.
Міне
Иә. Басқа міне, қазір заманда ауылдың алдында қандай мәселелер тұр?Осы мәдениет ауылының алдында?
Мәселе енді немене. Мәселе қазір бәрі жеке меншік болып кетті. Бұрынғы союздың тұсындағы бірлік жоқ. Біреу мал өсіріп жатыр, біреуі егін салып жатыр, біз Есіл деген организацияға қараймыз. Сол не береді соны аламыз. Бітті.
Сізге қанша жер берді?
Бізге ...
Неше гектар жер алдыңыз?
60 гектар немене, егіндік 60, жайылымдығы 120 ма немене, соның бәрі Есілде ғой.
Ал өзіңіз малды қайда жайып отырсыз?
Мал біздің сол әлгі осы өзі міне аналардың берген 7000 гектар жері мына жақта, мал жайылымға, соған жаяды.
7000гектар сіздікі ме сонда?
Жоқ, жалпы мына...
Бүкілі.мына ауылдыеы ғой.
Иә.
Ееее...
Ауыл бәрі бірге жаяды, сенікі, менікі жоқ. Жайылымда да, егінде де...Сол егінді салады. Есіл қанша шығады соны 10% ғана халыққа береді.
Сонда сіздер жанағы Есілден не алып жатырсыздар? Жылына.
Егін қалай шығады, 10% береді. Егін жақсы шықса, жақсы береді. Нашар шықса, нашар береді. Енді ол егіннің шығуы ғой.
Сол пайларыңызды соған өткізіп қойдыңыз ғой.
Соған өткізіп қойғам. Сонда...
Аааа...
Ол енді жерлеріңіздің бар екені , не екен дұрыс екен. Кейбіреуі жерінен мүлдем айырылып қалғандар бар ғой.
Айырылғандар ол мына Неміскейде. Неміскейде мынау жерді сатып-сатып, айырылып қалды. Неміскейде бір басшы ингуш, сол қазір үлкен совхоздың иесі. Оның халқы бәрі мырық-шірік болып кетті. Даже мал жайылатын жер де жоқ дейді оларға.
Сол ингуш алып алған ғой?
Ингуш алып алған. Соған ингуш құс фабрикасын алған Степнякта. Неміскейдің ингушының аты – ТОО Казгерм-дікі (это совместно с германским хозяйствующий субъект).
Халықты қуып шыққан ғой сонда?
Жоқ. Просто оларда да біздікі сияқты пай емес пе. Жер пайдаланып отырған.
Жоқ. Олар уже пайды, жерді түгел сатып алды. Олардың жерін.
Оның халықтарының бәрі көшіп кетті гой. Видимо жерлері қалып қойды.
Жерді сатып алды.
Ақша берді ме екен...
Бізден 10 шақырым жерде. Әуелде біздің мәдениет колхозының жерінен екі совхоз орнатты ғой 54. Добский, Немский деген.
Ааа. Ол кім аты-жөні ингуштың?
Жоқ ол жай управляющий ғой онда.
Ааа...Батыр есімі. Батыр ингуш. Ал бұлардың хозяйны Астанада ма, Алматыда ма бір жерде.
Астанада ма, Алматыда ма әйтеуір...
КазГер ТОО. Совместно казахстанский- германский бірдеңе.
Хозяйны кім сонда?
Білмейміз оны. Біз онымен қатынаспаймыз. Это другой район совсем.
Еңбекші районы бізге, әлеуде біз 28 жылы Еңбекші районы район болып құрылғанда Мәдениет бытыраңқы елден бірінші рет колхоз болып құралдық. Содан Еңбекші районында қой совхозы көп деп, ауыр деп, Совыс пен Мәдениетті 80-жылы Әбуов Қасқырбай райком секретары Енңбекшіде, бізде Щучьяга аударды 80 жылы. Содан біз енді не, мына 80 жылдығын Еңбекші тойлағанда онда да болғанымыз жоқ. 80 жылы Шучья тойлады онда да болғанымыз жоқ. Өйткені, біз бірінші рет қосылғаннан бастап есептейді ғой. Әлгі бұрынғының сөзі бар, «Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді» деп, біз екеуінде де жоқпыз. Әуелде Еңбекшіде болдық. Одан кейін 80 жылы бізді Щучьяға аударды. Міне біз солай отырамыз. Біздің архивтер жоқ. Анау Еңбекші районында болғанда менің фотоларымды көрдің бе өзің? Берші, көрсетейін...
Мына Қазақта қыз бала тәрбиесі ұл бала тәрбиесі жөнінде айтсаңыз бұрынғы атам заманнан келе жатқан
Қызды жасынан тәрбиеле дейді, қызға қырық үйден тыю болу керек дейді, қыз елдің көркі дейді
Дұрыс айтасыз иә
Міне, қыз жат жердікі дейді, ұл шаңырақ иесі дейді, қыз ... ұрпақтыкі дейді, енді осындай басқа
Бұрынғы заманда ана батырларды қалай тәрбиеледі сол туралы әңгімелесеңіз, батырлардың бетінен қақпаған дейді ғой
Батырлардың бетінен қақпаған бұрынғынан мынандай сөздері бар ел шетіне жау келсе батырға сын дейді, сондықтан батырды қадірлеген, ел шетіне дау келсе биге сын дейді. Мынау көлі жоқ, көлік болса мынау әлгі Торайғырдың басын көріп келсең, көрсең керемет. Ана тасты, Торайғыр жатқан төбені, жалғыз өзі жатыр
Оған енді түстен кейін жаңағы ауыл советтен машине сұрасақ беретін шығар
Ол машинесі жоқ, неде ғой, фабрикада
Өзі сонда тұрады ма?
Бізде акимат жоқ , акиматта представитель мен жалғыз отырамын. Күйеуім қазір базда жұмыста. Сол машина қиын болып тұр ғой
Ал ат бар ма?
ААА жоқ ат деген мында жоқ. Ал деген болмайды. Ат болса арба жоқ
Қазір атпен жүрмейді, мәшінемен қой бағады
Салт ат болса, салт атпен барса болатын еді
Қыз алуға барғанда, сол ағашта тұрады екен, содан рұқсат бергенде барып елге кіреді екен, міне содан күйеуі ағаш атанып кетті осы жерде
Сол жерден алтын қазып жатыр, алтынды сол жерден қазып жатқан жоқ па
Бұрынғы заманда ондай болса, қызды білмеймін не істегендерін, оны көргенім де жоқ
Ана атқа теріс қаратып мінгізіп, солай қайтарады дейді, сондай шын ба?
Ондай естігенім жоқ, өзім көргем жоқ, біз совет үкіметі заманында тұрдық қой, анау капиталистік заманда болған дүниелер, совет үкіметі заманында әркім өзін өзі от салып оныменен жүре береді
Иә, иә
Ұнатпаса, ұнатпай зорлық жасаганды соттап жібереді. Совет үкіметінің заманында, бұл бұрынғы заманда болған дүниелер гой. Бұрынғы заманда екі байдың баласы ұл, бір байдың баласы қыз бесікте жатқанда құда болады, міне, содан екеуі өсіп, өскенде әлгі жанағы ұл қайда, байдың ұлы колека болады, анау қыз байдың қызы өте сұлу болады, сол бойынша анаған тұрмысқа береді, колека балаға. Сосын жұрт, ана қыз анау нашар бұл қалай тиеді, қалай деп, кейінгі жастар жүреді гой, сойтіп жүргенде жанағы, не колека күйеуі қайтады, қайтқанда мынау қуанар ма екен деп жастар енді аңдиы ғой, сонда есіктен шығарып жатқанда мынандай бір жылаған дейді:
Балпаң, балпаң басқаның
Балпаңдап таудан асқаның
Жұртқа жаман болсаң да
Өзіме жақсы едің ғой арсыланым,- деп жылапты дейді. Міне, әлгі қыз, бұрынғы ата-анасының уәдесін қалай жастар бірін-бірін сыйлаған, балалар сыйлаған ғой.
Балпаң, балпаң басқаның
Балпаңдап таудан асқаның
Жұртқа жаман болсаң да
Өзіме жақсы едің ғой арсыланым
Оны кейінгі жастар ойлаған ғой қуанар деп.
Иә
Атаменен әкенің, ананың қасиеттерін қалай сыйлаған жастар, бұрын, иә. Айтатын сөз көп, істейтін, әлгі айттым ғой, кәріліктің ең шеті 80 екен, 80-нен асқан соң балалық шаққа қарай адам...
Әгі, анау бір ойынды айттыңыз гой, 85 жастағы топан таяқ па қандай ойын ол?
Топ таяқ
Топ таяқ деген не ол?
Ойбай, оны сендер көрген жоқсындар иә, мынау шұңқыр қазады, сосын топ таяқты шұңқыр қазады да, сол шұнқырға жаңағы топты бір адамды шақырады, сен мынаған, шұңқырға топты түсір, топты түсірсе ол адамға бәйге береді. Сосын 5-6 адам ол топты шұңқырға түсірмейді. Келе жатса қарқып жібереді. Қазіргі мына ойнап жатырған, қазір ойнап жатқан жоқ па, сол то таяқ, сол шұңқырға түсірмесең сен кінәлі болып топ таяқ сол, анау бәлен дерден бәлен дерге дейін арқалатып, анау қылады, мынау қылады, сондай жасайды, оның шет жағын бір көрдік.
Енді 92-ге келдік, бізге Құдайға шүкір арман жоқ
Сізді қай жылы әскерге шықыртты ата?
1943 жылы
Соғыстың басталғанын қалай білдіңіз?
Соғыстың басталғанын енді, телевизор, радиодан қақсаған жоқ па
Внутренний войскада болдым 25-ші внутрений батальон болды с перва мен 37 артилерический полката болдым одан кейн онда миниметчик болдым содан кейн мені внутренний войскага ауыстырып жіберді содан мен соғысқа барғам жоқ.
Марапаттарыңыз барма?
Марапат мынау басқа марапат сосын біздің не қайда? Біздің билет мынау ауыстырамыз деп Невскида ауысып еді алып кетті сода күлі соғыста болғанның билеті бәрі күйіп кетті билетті кім күйдіргенін кім білсін ауыл советтің конторіде күйді билетте күйді содан мына Степняктағы военкомат ройынный военкоматта келген кеткен болар оны да күйдіріп жіберіпті.
БАЙКЕНОВ ШОЙЫНБЕК
Аты жөніңіз?
Байкенов Шойынбек
Достарыңызбен бөлісу: |