Жоспар
Кіріспе. 3
І ТАРАУ. 4
1.1. Адалдық пен шышылдық. 4
1.2. Имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеу. 8
1.3. Ұлы данышпандардың имандылық және адамгершілік жайындағы пікірлері. 12
1.4. Имандылықтың адамға тән қасиеттері – үлкенге 14
құрмет, кішіге ізет 14
1.5. Имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеудегі діннің ролі. 17
2.1 Халық педагогикасындағы имандылық пен адамгершілік тәрбиесі. 24
2.2 "Тәрбие басы — тал бесік" атты музыкалы-драмалық қойлым 29
Қорытынды. 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 35
Кіріспе.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолданар ісіміздің бірі де, бірегейі де – ұрпақ тәрбиесі.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілімен мәдениетіне мойын бұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру - бүгінгі күннің бастысы.
Кімді және қалай тәрбиелеу керек бұл қоғамның маңызды мәселесі.
Адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі адам кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі, сол елдің мақтанышы. Мектеп қабырғасында тәрбиеленген жас тәрбиелі, білімді, мәдениеті, дене тәрбиесі мықты болуы шарт. Тәрбиелілік - иман жүзді, адамгершілікті, өзін өзгенің орнына қойып түсіне білуі.
Білімділік - ғылым негіздерін бағдарламалық деңгейде білу, ой еңбегінің негізі қағидаларын меңгеру.
"Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Ол келешекте адамның өміріне опат әкеледі"- деп Шығыстың аристотелі атанған Әбу Насыр – Фараби бабамыз айтқандай қазір тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды.
Білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл, елі мен жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу " мектептің қоғам алдындағы борышы. Халқымыздың белгілі ақыны Мұзафар Әлімбаев ол туралы былай дейді:
Туған жерді сүю – парыз.
Сүю үшін білу – парыз.
Қасиетін ұғу – парыз.
Күзетінде тұру – парыз.
Ешбір халық ұрпағын жаман болсын, мұрасыз, мұратсыз болсын демейді. Қай халықта болмасын жиып-терген мол тәжірибеге бар. Оның аты халыктық педагогика. Халықтық педагогика халықтың рухани тәрбиесінің бір бөлігі, ақыл-ойдың асыл қойімасы. Рухани тәрбие - ол имандылық.
Курстық жұмыстың көкейкестілігі:
Егеменді ел болып, ұлттық тағылымдарға қайта оралу кезеңінде болашақ ұрпаққа ұлттық тәрбие беру мақсатында мектепте жүргізілетін тәрбие сағаттарында халықтық педагогиканы, құрал, кітаптарды, хадистерді пайдалану арқылы мектеп оқушыларына имандылық тәрбие беру, бүгінгі күн талабына сай түрде өз ұлтын, тілін, дінін тануда ата-бабаларымыздың бай мұралары болашақ ұрпаққа тәрбие сағаттарында, күнделікті сабақта жеткізу, оларды адамгершілігі мол, иманды, қайырымды етіп тәрбиелеуді халықтық педогогика үлгерінің маңыздылығы.
Курстық жұмыстың мақсаты; Қазақ халқының имамдылыққа бала тәрбиелеудегі тағылым сөздері мен өнегелерінің маңызын, мазмұнын, түрлерін игеру, білу, өмірде, өз ісіне қолдану.
Курстық жұмыстың міндеті
Мектепте жүргізілетін имандылық сабағының ерекшелігін зерттеу.
Тәрбие сабақтарында халықтық педогогиканың үлгілерін
имандылыққа тәрбиелеу кезінде пайлаланудың жолдарын көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |