Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ТҮРКІЛЕР ҚОЛДАНҒАН ӘЛІПБИЛЕР



Pdf көрінісі
бет119/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   165
ТҮРКІЛЕР ҚОЛДАНҒАН ӘЛІПБИЛЕР
Р.А.Авакова
әл Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ф.ғ.д. 
С.Б.Бектемірова
ф.ғ.к.
Жазудың бастапқы (
пиктографиялық
 (сурет жазуы), 
идеографиялық
 (ұғым жазуы) 
түрлерінен өте келе адам баласы оның жетілген түрі – дыбыс жазуына көшкені белгілі. 
Жазу белгілі бір халық, этникалық топ атымен аталғанымен, оны бүкіл халық болып 
бірлесе ойлап шығармайды. Халық ішіндегі белгілі бір данасы, дарын иесі жасайды 
да, содан көпшілікке тарайды. Оның үстіне өмірде болған халықтардың, этникалық 
топтардың әрқайсысы өзінше жазу ойлап шығармайды, басқа бір халық я этникалық топ 
өкілдері жасаған дайын жазуды өз тіліне сәйкестендіріп қолдана береді. Ғалымдардың 
айтуына  қарағанда,  қоғам  дамуының  көне  дәуірінде  жазудың  алғашқы  түрлері  бір-
бірімен байланыстары жоқ Азия материгіндегі Месопотамия, Қытай, Египетте және 
Солтүстік, Орталық Америкада пайда болған да, солардың әр түрлі елдерге тараған.
Көне түркі жазуының шығу төркінінде де айтылғандар тұрғысынан қараған жөн. 
Белгілі  ағылшын  түркологы  Дж.  Клоусон  Түркі  руникалық  жазуының  шығуы  атты 
мақаласында бұл жазу VІ ғасырда өмір сүрген Естеміс қағанның бұйрығымен Соғды-
Иран жазулары үлгісінде қалыптасқан болу керек деген жорамал айтады. Түркілердің 
тұңғыш  әріптік  жазуы  болған  руникалық  алфавиттің  шығу  тегі  жөнінде  әртүрлі 
болжамдар мен алуан түрлі қағидалар бар. Бұл жазуды ескі кельт жазуы (Г.З.Байер,               
1729 ж.), гот (О.Г.Тихзен, 1793 ж., А.Н.Кононов, 1874ж) усым, индокот, елдерінің жа-


234
зуы (А.Ремюза, 1822ж), қалмақ немесе моңғолия жазуы (Г. Роммель, 1823), грек жа-
зуы (Ю.Г.Клопрот, 1824 ж), славян халықтарының жазуы (Г.И.Спасский, 1857 ж), фин 
жазуы (Ж.Аспелин, 1847 ж), якут/саха жазуы  (Г.В.Ксенофонтов, 1933 ж.) десе, ал бір 
сыпыра ғалымдар (Н.А.Аристов, И.А.Батманов)  руникалық жазу ешбір алфавиттің 
ықпалысыз-ақ  өздігінен  жасалып,  түркі  таңбалары  негізінде  туған  төл  жазуы  деп 
дәлелдейді. Түркітанушы, ғалым А.С.Аманжоловтың пікірінше, көне түркі руникалық 
жазуы  арғы  ата-бабаларымыздың  1500  жыл  бойы  қолданған  төл  жазу  екендігін 
ешқандай күмән туғызбайды.
Түркі  халықтарының  тарихы  тым  әріден  басталғанымен,  олардан  біздің  заманға 
жеткен жазба нұсқа дәуіріміздің VІІ ғасырынан басталады, соның өзінде де қағазға 
жазылған мол материал түрінде емес, мола басына қойылған ескерткіш құлпы тастарға 
қашалып жасалған жазба түрінде жетті. Мұндай нұсқа ғылымда 
эпитафия
 деп аталады. 
Эпитафиялық жазбаның алғашқы түрі ХVІІ ғасырда қазіргі Тува автономиялық рес-
публикасы, Хакас автономиялық облысы жеріндегі Енисей өзені бойынан табылған. 
Оны алғаш байқап, ғылым әлеміне паш еткен швед армиясының капитаны Фи́липп 
Ю́хан фон Стра́ленберг. Бұл жазба табылған жерінің атымен Енисей ескерткіші деп 
аталады. Бұдан кейінгі жылдарда да Енисей өлкесі аймағынан бірсыпыра эпитафиялық 
ұсақ жазбалар табылды. Олардың жалпы саны 80 шақты. Солардың барлығына Ени-
сей ескерткіші деген ат қойылған.
Енисей ескерткішінің қай ғасырда жазылғаны белгісіз. Петербург университетінің 
профессоры  П.М.Мелиоранский  Енисей  ескерткішін  түркі  тілі  жазба  ескерткішінің 
ең  көнесі  деп  есептеп,  оның  жазылған  уақыты  VІ-  VІІ  ғасырлар  болу  керек  десе, 
Л.Р.Қызласов,  И.В.Кормушин,  И.А.Батманов,  А.Н.Кононов  сияқты  біраз  ғалымдар 
ІХ-Х ғасырларда жазылған болар дейді.
Бұдан  кейін  1889  жылы  Сібір  өлкесін  зерттеуші  Николай  Михайлович                                               
Ядринцев  (1842-1894)  Моңғолиядағы  Орхон  өзені  бойынан  белгісіз  жазуы  бар  екі 
үлкен құлпы тас табады. Кейінде айқындалғанындай, Орхон жазуы деп аталып кеткен 
бұл нұсқаның бірі – түркі ханы Білге ханға, екіншісі оның туысы Күлтегінге арналған 
тарихи-биографиялық  ескерткіштер  болған.  Бірақ  бұл  мәлімет  бірден  белгілі  бола 
қоймады. Құлпы тастардағы жарияланғаннан жұмбақ жазулардың фотокөшірмелері 
әр елде жарияланғаннан кейін ғалымдар олардың қай халықтың жазуы екендігін, онда 
не айтылғанын білуге тырысады. Біраз ғалымдар көшпенді азиялықтарда көне жазу 
болды деуге іштарлық жасап, готтардан, гректерден, финдерден, славяндардан қалған 
жазу  болу  керек  деп  жорамалдайды.  Ғылымда  мұндай  жұмбақ  жазулар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет