Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет2/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
ISBN 978-9965-23-410-1
Жинаққа «Тамыры терең әліпби: жалпы түркілік бірегейліктің мызғымас негізі» 
атты  түркі  жазбалары  мен  мәдениеті  күндеріне  арналған  халықаралық  ғылыми-
практикалық конференция материалдары еніп отыр. Жинақ түркітану, жазу тарихы, 
тіл білімі мәселелерін зерттеуші ғалымдарға, филология ғылымдарының докторант-
тарына, магистранттары мен студенттеріне, сондай-ақ тіл мәселесіне қызығушылық 
танытып жүрген көпшілік қауымға арналады.  
Т 17
ISBN 978-9965-23-410-1
©
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси 
жұмыс комитеті, 2017


3
АЛҒЫ СӨЗ 
Құрметті конференцияға қатысушы ғалымдар, қадірлі қонақтар! Түркі дүниесінің 
біртұтастығы  мен  бірегейлігін  нығайтуға  бағытталған  игі  іс  шара  аясында  өтіп 
отырған  «Тамыры  терең  әліпби:
 
жалпытүркілік  бірегейліктің  мызғымас  негізі» 
атты  түркі  жазбалары  күніне  арналған  халықаралық  ғылыми-практикалық  конфе-
ренцияға  қош  келдіңіздер!  Күллі  түркі  дүниесін  біріктірген  бүгінгі  конференцияға 
республикамыздың түпкір-түпкірінен зиялы қауым өкілдері, түркітанушы ғалымдар, 
ізденуші магистранттар мен докторанттар қатысып отыр және Түркия мемлекетінің 
Қазақстандағы  Бас  Консулы  Рыза  Қаған  мырза  да  осында.  Қазір  конференцияға 
қатысушылар  өз  баяндамаларында  тамыры  тереңге  кеткен  жазу  мәдениетіміздің 
даму тарихын, кешегісі мен бүгінін және жетістіктерін ортаға салмақ. 
Кез  келген  қоғам  мәдениетінің  баға  жетпес  байлығы  әрі  зор  табысы  –  әліпби, 
әліпбилік жазу. Түркі дүниесінің де ертеден қалыптасқан жазу мәдениеті, әліпби жүйесі 
болғаны  бәрімізге  белгілі.  Осы  жазу  мәдениетіміздің  қалыптасуына  ең  бірінші  үлес 
қосқан арғы ата-бабаларымыз, яғни түркілер болғандығын бүгінде зор мақтанышпен 
айта аламыз. Көне түркі заманындағы жазбалар ұлы даланың көшпелі ұрпақтарының 
мәдениеті мен білім өресінің ең жоғарғы көрсеткішін танытатын асыл мұра. Түркі 
бабаларымыздан қалған көне түркі жазуының түп-тамыры сонау V-VIII ғасырларға 
барып тіреледі. Бәлкім одан да ертеректен бастау алатын шығар. Ол кездері түркі 
халықтары  Еуразияның  ұлы  даласын  ортақ  иеленіп,  мекендегендіктен  әдет-ғұрып, 
салт-дәстүр,  тіпті  өмір  сүру  дағдылары  да  ортақ  болды.  Өз  алдарына  жеке-дара 
мемлекет болып ыдырап кеткендеріне көптеген ғасырға жуық уақыт өтсе де, түркі 
тектес мемлекеттердің арғы рухани қазыналары бір арнада тоғысқан. Тілі, діні, өмір-
салты мен тұрмысы, мекендеген жерлері ортақ болған сол кездегі түркі халықтары 
– бүгінде жеке-дара мемлекеттерге ыдыраған бауырлас елдер. Осы бауырлас елдердің 
көне дәуірдегі жазу мәдениеті Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштерінде бейне-
ленген. Бұл жазу түркі халықтарының әлем мәдениетіне қосқан орасан зор үлесі әрі 
көшпелілердің  төл  туындысы.  Түркі  қағанатында  өмірге  келген  Орхон-Енисей,  Та-
лас  жазбалары  өзінен  кейінгі  қарахандықтар  дәуірінде  дәстүрлі  түркі  және  исла-
ми әдебиетпен жалғасын тауып, араб таңбалары негізіндегі жазу мәдениетін одан 
әрі  дамытты.  Бұған  Алтын  Орда  мемлекетіндегі  ғұламалардың  араб  жазуымен 
қалдырған еңбектері дәлел. Тіпті бұнымен ғана шектелмей, бөтен елде билік жүргізген 
Мәмлүктер мемлекетінде де түркілердің небір жазба дүниелері қанатын кеңге жай-
ып, жазу дәстүрінің арнасын кеңейте түсті. VIII ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейін 
қолданыста болған араб әліпбиі күллі түркі жұртына ортақ болып, жазба мәдениеттің 
түркілік дәстүрін қалыптастырды. Араб жазуы тұсында ғылым мен білім қатар да-
мып, жоғары мәдениет пен  үлкен өркениетке жол ашылғаны белгілі және ол дәуірлер 
«Мұсылмандық гүлдену» деген атпен тарихта қалды. Өз бастауын ортағасыр жазба-
ларынан алып, оны ХХ ғасырға дейін жалғастырып әкелген араб жазба дәстүрімізді 
«рухани-мәдени феномен» деуге болады.  
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан 
халқына жолдауында «ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек» - деп атап 


4
өткен болса,  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ХХІ ғасырдағы 
ұлттық сана туралы айта отырып: «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің та-
мыры тарихының тереңінен бас-тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты 
жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру 
дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай... Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани 
тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» –  деген еді. Ұлттық кодты сақтай 
отырып, рухани жаңғыруға аса қажетті болып табылатын дүниелердің бірі - Ор-
хон-Енисей руникалық жазбалары, араб жазулы ескерткіштеріміз, сондай-ақ латын 
әліпбиімен сақталған мұраларымыз. 
Осындай  тарихы  тереңге  кеткен  жазба  мәдениетіміздің  бүгінге  дейінгі 
жетістіктерін саралап, бүгінгі ұрпаққа насихаттау - біздің басты парызымыз!
Е.З.Қажыбек 
А.Байтұрсынұлы атындағы 
Тіл білімі институтының директоры
ф.ғ.д., профессор


5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет