ISBN 978-601-7964-45-0
Жинақта Қазақ спорт және туризм академиясында өткен Ұлы Отан соғысының 75 жылдық жеңісіне арналған «Білім
беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
материалдары енгізілді. Мұнда Ұлы Отан соғысы майданында спортшылардың жауынгерлік және еңбек ерліктері,
жастардың спорттық білім беру және дене тәрбиесінің заманауи мәселелері, дене шынықтыру және туризм бойынша
мамандарды кәсіби даярлау, білікті спортшыларды даярлаудың заманауи мәселелері, дене шынықтыру-сауықтыру
қызметтерінің менеджменті және маркетингі, біртұтас педагогикалық үдерістегі дене шынықтыру спорт және туризм
саласындағы инновациялық технологиялар, сауықтыру және бейімдік дене шынықтыру (тәжірибесі, мәселелер мен
перспективалар) топтастырылған.
Материалдар ғылыми қызметкерлерге, мұғалімдер мен оқытушыларға, докторанттарға, магистранттарға және білім
беру мәселелерімен айналысып жүрген көпшілік қауымға арналады.
Достарыңызбен бөлісу: |