Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


Жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық



бет4/4
Дата05.06.2017
өлшемі0,63 Mb.
#17544
1   2   3   4

7. Жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық
бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) маманы
      Лауазымдық міндеттері: өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар, жұмыспен қамту орталығына өтініш берген адамдардың қатарынан әр түрлі бейіндегі мамандардың дерекқорын қалыптастырады, бос жұмыс орындарын іздеумен айналысады және өтініш берген азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі. Ұйымдардағы ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындарының дерекқорын қалыптастырады. Халық пен жұмыс берушілер арасында халықты жұмыспен қамту туралы заңнама мәселелері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысады. Басқа жұмыспен қамту орталықтарының озық жұмыс тәжірибесімен танысады. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларға, жұмыссыздар мен табысы аз адамдарға және жұмыс берушілерге консультация қызметтерін ұсынады. Жұмыспен қамту бағдарламасының әлеуетті қатысушыларына бейімдеу қызметтерін және психологиялық қолдау көрсетеді. Жұмыс берушілермен жұмысқа орналастыру және олардан бос жұмыс орындары туралы ақпарат алу мәселелері бойынша ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Атқарылған жұмысты қорытады және талдау жасайды. Азаматтардың хаттарына, арыз-шағымдарына жауап береді. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың үйлеріне барады және олардың тұрғын үй және материалдық жағдайларын тексеру актісін жасайды. Бос жұмыс орындарын анықтау және халықтың нысаналы топтарының ішінен адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілермен жұмыс жүргізеді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыру және өткізу жұмысын жүзеге асырады. Бөлімшенің жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысады. Жұмыспен қамту орталығына (қызметіне) жүгінген азаматтарды қабылдайды, оларды автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорына тіркейді және белгіленген тәртіппен анықтама береді. Азаматтың жүгіну мақсатын, жұмыс істемеуінің себебін анықтайды, азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндігі туралы хабардар етеді, мемлекеттік қолдауға мұқтаждығы дәрежесін айқындайды. Халықтың нысаналы топтарындағы адамдарға жұмысқа орналасуға бірінші кезекте жәрдемдеседі. Ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжамды жұмыс орындарының дерекқорында жүгінген адамның кәсібіне (мамандығына) сәйкес келетін жұмыс орны болмаса, онымен жұмыс істеу үшін оны басқа мамандарға жібереді. Бөлімшенің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді. Кәсіптік оқуға, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына жіберілген азаматтардың есебін жүргізеді. Жүгінген азаматтарды олардың жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік біліктілігіне сәйкес бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілерге жібереді. Жұмысқа орналастыру мүмкін болмаған жағдайда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды ұсынады: стипендияның төленуімен кәсіптік даярлау және қайта даярлау, біліктілігін арттырудың тегін курстары; қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы және т.б. Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушылармен әлеуметтік келісімшарт жасайды, олар бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізеді. Өтініш берген адамдардың ішінен жұмыс берушілерге қажетті мамандарды іріктейді. Тиісті құжаттаманы: жұмысқа орналастыруға, кәсіптік оқуға, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына қатысуға жолдаманы ресімдейді. Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шараларды әзірлеуді, өңірлік еңбек нарығын талдауды және болжауды жүзеге асырады. Жұмыспен қамту бағдарламасының аудан (қала) деңгейінде іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады, жергілікті атқарушы органдарға белгіленген мерзімде аналитикалық және статистикалық ақпаратты ұсынады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және жұмыспен қамту саласындағы қызметті регламенттейтін өзге нормативтік құқықтық актілер; азаматтық және еңбек заңнамасының негізгі ережелері; перспектикалы және жылдық бағдарламаларды әзірлеу тәртібі; өңірдің (ауданның, қаланың) демографиялық жағдайы, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі; өңірдің (ауданның, қаланың) ұйымдарының құрылымдық өзгерістерінің перспективасы; өңірлік еңбек нарығының негізгі даму үрдістері мен бағыттары; жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеу тәртібі; жұмыспен қамту бағдарламаларының іс-шаралар тиімділігін бағалау; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелері.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі жоғары дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі жоғары дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі жоғары дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      біліктілігі орташа дәрежелі маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі орташа дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі орташа дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі орташа дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.
8. Зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі маман
      Лауазымдық міндеттері: азаматтардан зейнетақы, базалық зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыны, әлеуметтік төлемдерді, өтемақыны тағайындауға өтініш пен құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады. Зейнетақы, базалық зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдерді, өтемақы алушылардың іс қағаздар макетін уақтылы қалыптастыруды және оларды тағайындау туралы шешім жобаларын дайындауды қамтамасыз етеді. Зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау туралы хабарламаны зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді. Зейнетақы, жәрдемақы тағайындау үшін ұсынылған істер бойынша өтінімдердің орындалуын жүзеге асырады. Зейнетақы, базалық зейнетақы төлемдері, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер, өтемақы мөлшеріне индексация, қайта есептеулер жүргізеді. Зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді ұзартуды және қайта бастауды қажет ететін құжаттарды қабылдауды және өңдеуді жүзеге асырады. Деректерді орталықтандырылған дерекқорға енгізу жұмыстарын жүзеге асырады. Зейнетақы, базалық зейнетақы төлемдері, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер, өтемақының тағайындалған мөлшерін уақтылы және нақты есепке алуды қамтамасыз етеді. Үш ай және одан көп уақыт бойы зейнетақы мен жәрдемақы алмаған салымшылар, сенімхат бойынша алушылар тізімі бойынша, қайтыс болған және кеткен адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жеке істеріне түгендеу жұмыстарын жүргізеді. Зейнетақы мен жәрдемақы сомаларының артық төленуіне жол бермеу шараларын қабылдайды және зейнетақы мен жәрдемақының артық төленген сомаларын қайтаруды қамтамасыз етеді. Зейнетақы, жәрдемақы алушының өтінімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді және олардың сауалнамалық деректеріне өзгерістер енгізеді. Зейнетақы мен жәрдемақыны төлейтін ұйымдармен жеке және карточкалық шоттарды салыстыру бойынша, аударғаннан кейін зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын қайтару бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Халыққа әлеуметтік жеке код және куәлік беруді жүзеге асырады; зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, зейнетақының, жәрдемақының, әлеуметтік төлемдердің дербес орталықтандырылған есебін жүргізеді. Төлеушілердің өтініштері бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына қате (артық) аударылған әлеуметтік аударымдарды, қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруды ұйымдастырады. Салымшылардың (алушылардың) деректемелеріндегі қателерді түзету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жұмысқа талдау жүргізеді, белгіленген мерзімде есепті ұсынады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын,«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»,«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау саласындағы өзге нормативтік құқықтық актілер; зейнетақы мен жәрдемақыны аудару, қайта есептеу тәртібі; есептеуіш техника құралдары, ақпаратты жинау, беру және өңдеу; жұмыс бағдарламалары, нұсқаулықтар, макеттер мен басқа да басқару материалдары; есеп жасау және есептеу жұмыстарын жүргізу әдістері; экономика, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру негіздері; еңбек туралы заңнаманың негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелері.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және әлеуметтік қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі жоғары дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және әлеуметтік қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі жоғары дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша кемінде 4 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және әлеуметтік қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі жоғары дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      біліктілігі орташа дәрежелі маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және әлеуметтік қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі орташа дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және әлеуметтік қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі орташа дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық бойынша кемінде 4 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және әлеуметтік қамсыздандыру немесе жұмыспен қамту жүйесінде біліктілігі орташа дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.
9. Сарапшы
      Лауазымдық міндеттері: Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуді жүзеге асырады. Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша зерттеу жұмыстарын сарапшылық және әдістемелік қолдауды ұйымдастырады. Зерттеу бағыттарын, мақсатын, оны өткізу әдістерін әзірлейді және негіздейді. Міндеттердің жаңа, анағұрлым тиімді теориялық және практикалық шешімдерін табу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады. Жүргізілетін зерттеулер мен әзірлемелердің тиімділігі мен өзектілігін қамтамасыз етеді, жекелеген жұмыстарды жүргізуге тікелей қатысады. Әзірлемелерді енгізу тиімділігіне талдау жүргізуді ұйымдастырады, қажетті есептік құжаттаманы жасайды. Ұйымның перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлеуді жүзеге асырады. Ұйымның басқа құрылымдық бөлімшелерімен жұмысты бірлесіп орындаған кезде қоса орындаушылардың қызметін үйлестіреді. Оқу-әдістемелік материалдарды, оқулықтар мен ұсынымдарды, мультимедиялық оқу бағдарламаларын әзірлейді. Озық отандық және халықаралық тәжірибенің қолданады. Біліктілікті арттыру курстарын өткізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Тапсырмаларды іске асыру процесінде ақпараттық-талдау көмегін көрсетеді. Бөлінген ресурстарды тиімді пайдалану бойынша шаралар қабылдайды және жаңа технологиялық жабдықтармен, материалдармен толтыруды және оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Білімнің тиісті саласында кадрларды даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асырады. Мамандардың шығармашылық белсенділігін дамыту бойынша шаралар қабылдайды. Талдау әзірлемелерін сараптауға және пікір беруге қатысады. Жобалық құжаттаманы сараптауды жүзеге асырады және қорытынды дайындайды. Ғылыми-практикалық конференцияларды, кеңестерді, семинарларды, жарнамалық және насихаттау жұмыстарын даярлауға және өткізуге қатысады. Белгіленген мерзімде есептерді ұсынады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Ақпараттандыру туралы»,«Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігі бойынша зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру саласындағы өзге нормативтік құқықтық актілер; зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу тәртібі; сараптама жүргізу нәтижелерін өңдеу әдістері және талдау; сараптамалық қорытындыны ресімдеу тәртібі; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және нормативтік құжаттаманың әзірлеу әдістері; озық отандық және шетелдік тәжірибе; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдар, стандарттар; экономика, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелері.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бірінші санаттағы сарапшы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және екінші санаттағы сарапшы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және санаты жоқ сарапшы лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
4-бөлім. Басқа қызметшілер
1. Қарттар мен мүгедектерді күту жөніндегі
әлеуметтік қызметкер
      Лауазымдық міндеттері: Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі туралы ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. Бөлімшенің меңгерушісі бекіткен кесте (жоспар) бойынша жұмысты орындайды. Бөгде адамның көмегіне мұқтаж және қызмет көрсету аймағында тұратын жалғызілікті қарттар мен еңбекке қабілетсіз адамдарды анықтайды. Қызмет көрсетілетін азаматтарды азық-түлік өнімдерімен, ыстық тамақпен, бірінші қажеттіліктегі өнеркәсіптік және шаруашылық тауарлармен, дәрігердің кеңесі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Тұрғын жайларды жинауға көмек көрсетілуіне ықпал етеді, пеш жағады (орталық жылуға қосылмаған үй-жайларда), киімдерді кір жууға, химиялық тазалауға тапсырады және жеткізеді, коммуналдық және т.б. қызметтердің ақысын төлеуді жүргізеді. Қажет болған жағдайда тұрғын үйді жөндеуге, отынмен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді: ыстығын өлшейді, қыша қояды, қыздыратын компресс қояды, үйге дәрігер шақыруды, сондай-ақ шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмекті жүзеге асырады. Қызмет көрсетілетін азаматтармен денсаулық сақтау ұйымдарында ілесіп жүреді. Қызмет көрсетілетін азаматтардың туыстарымен, достарымен хат жазуға қатысты өтініштерін орындайды. Ардагер бұрын жұмыс істеген еңбек ұжымдарымен байланыс орнатады, әлеуметтік мәселелер бойынша заңнаманы түсіндіреді және басқа тапсырмаларды орындайды. Қызмет көрсетілетін азаматтардың қажетті медициналық, протездік-ортопедиялық көмек және әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуына жәрдемдеседі.
      Білуге тиіс: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және азаматтарға әлеуметтік қызмет ұйымдастыру бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер; жалғызілікті еңбекке жарамсыз азаматтарға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша негізгі қағидаттар; қарт адамдардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері; коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; қарттарды, еңбекке жарамсыз азаматтарды үй жағдайында күту бойынша санитарлық-гигиеналық талаптар; дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету тәсілдері; еңбек туралы заңнаманың негіздері; өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелері.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      біліктілігі орташа дәрежелі маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) немесе негізгі орта және әлеуметтік даярлық туралы сертификаты болуы керек.
2. Психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларды
және 18 жастан асқан мүгедектерді күту жөніндегі
әлеуметтік қызметкер
      Лауазымдық міндеттері: Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі туралы ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. Бөлімшенің меңгерушісі бекіткен кесте (жоспар) бойынша жұмысты орындайды. Бөгде адамның көмегіне мұқтаж және қызмет көрсету аймағында тұратын психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларды және 18 жастан асқан мүгедектерді (бұдан әрі – балалар мен 18 жастан асқан адамдар) анықтайды. Балалар мен 18 жастан асқан адамдарға өзіне-өзі қызмет көрсету, өзін-өзі ұстау, өзін-өзі бақылау және қарым-қатынас жасау дағдыларын үйретеді. Балалар мен 18 жастан асқан адамдардың бос уақытын ұйымдастырады (ойындар, кітап оқу, кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және т.б.). Ауруханада (ауруханаға жатқызылған жағдайда) ата-аналармен және олардың отбасы мүшелерімен балалар мен 18 жастан асқан адамдарды оңалту іс-шараларын іске асыру және бейімдеу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Балалар мен 18 жастан асқан адамдардың ата-аналарын науқас балалар мен 18 жастан асқан адамдарды жалпы күтудің практикалық дағдыларын, балалар мен 18 жастан асқан адамдардың дамуына ықпал ететін әдіс-тәсілдерді, қимыл-қозғалыс және әлеуметтік дағдыларға үйретеді. Балалар мен 18 жастан асқан адамдарға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету үшін мамандарды шақыртады. Қамқорлық, қорғаншылық белгілеу, жәрдемақы тағайындау, интернат үйлеріне немесе аумақтық орталықтарға орналастыру және басқа да көмек алу үшін құжаттарды ресімдеуге жәрдемдеседі. Балалар мен 18 жастан асқан адамдарды күтіп отырған күнкөрісі төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек, қайырымдылық қорлары, демеушілер есебінен басқа да гуманитарлық көмектің берілуіне жәрдемдеседі. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету және басқа мекемелермен клиенттерге анағұрлым тиімді қызмет көрсету үшін өзара қарым-қатынас жасайды. Жұмысқа талдау жүргізеді, белгіленген мерзімде есепті ұсынады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және азаматтарға әлеуметтік қызметтер ұсыну бойынша өзге нормативтік құжаттар; балалар мен 18 жастан асқан адамдарға әлеуметтік-тұрмыстық қызметті ұйымдастыру жөніндегі негізгі қағидаттар; коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; балалар мен 18 жастан асқан адамдарды үй жағдайында күту бойынша санитарлық-гигиеналық талаптар; шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдері; еңбек туралы заңнаманың негіздері; өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелері.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары дәрежелі маман:
      жоғары санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) білім және біліктілігі жоғары дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық педагогикалық) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды;
      біліктілігі орташа дәрежелі маман:
      жоғары санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі бірінші санаттағы маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      бірінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі екінші санаттағы маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      екінші санат: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) білім және біліктілігі орташа дәрежелі санаты жоқ маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы болуы керек;
      санаты жоқ: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, медициналық, педагогикалық) немесе негізгі орта және әлеуметтік даярлық туралы сертификаты болуы керек.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2016 жылдары атқарылған жұмысының қорытындысы туралы ақпарат Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің негізгі қызметі «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет