Жоғары оқу орнындағы дәріс – оқытудың дидактикалық циклінің басты негізі. Оның мақсаты – студенттердің оқу материалын қабылдауларын қалыптастыру болып табылады. Заманауи жоғары мектептер үшін дәріс өте өзекті. «Дәріс» латынның «lection» - оқу сөзінен шыққан. Дәріс ежелгі Грецияда пайда болып, көне Римде және орта ғасырларда өз жалғасын тапты.
Қазіргі уақытта оқу материалын дәріс түрінде мазмұндаудың жақтастары да, қарсыластары да бар. Олардың шешімдеріне тоқталып көрелік:
- дәріс өзгелердің көзқарастарын пассив түрде қабылдауға үйретеді жеке ойлауды тежейді;