Хаттама коды: h-s-039 "Күйдіргіш химиялық қосылыстардан ересектердің улануы" Хирургиялық саладағы стационарлар үшін ахж-10 бойынша коды



бет9/10
Дата03.05.2024
өлшемі35,8 Kb.
#201728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
химиялық күйдіргіш зат улану

Химиялық күюді емдеу:
1. Өсімдік майы, ауыз арқылы.
2. Гипербариялық оксигенация.
3. Алюминий гидрототығы.
4. Квамател 1-2,0 мл т/і

Ерте қанағуларды жою:
1. Жергілікті гипотермия.
2. Гемостатикалық терапия: дицинон 2-4 мл, əр 4-6 сағат сайын.
Гиперкоагуляция байқалса:
1. Гепарин 100-150 бірл./кг.
2. Кеш қан ағуларды жою.
3. Қан препараттарын құю (эритроциттер, гемоглобин, коагулограмма бақылауымен).

Инфекциялық асқынулардың алдын алу жəне емдеу:
1. Бензилпенициллин 4 млн/тəул.

Метаболиттік терапия:
1. Тиамин, амп.
2. Токоферол, амп.
3. Аскорбин қышқылы, амп.
4. Пиридоксин, амп.
5. Цианкобаламин, амп.

Гепатотроптық терапия:
1. Адеметионин, амп.
2. Силимарин, амп.

Жасушаларда синтетикалық үрдістерді қалпына келтіру: (Frewel W., Tschamen R., 1984 ) солкосерил алғашқы 3-4 күн ішінде - 0,5 - 1 г/тəул., əрі қарай 1,0 мл 1-2 рет/тəул., 2- 3 апта, əрі қарай ауыз арқылы 3 апта жəне одан да көп бойы апталар бойы.

Калий перманганатымен уланғанда марганецтің уыттық əсерін жою:
1. Тетацин - кальций 2-4 г/тəул.

Профилактикалық шаралар:
1. Нефропатияны алдын алу: гемодинамикалық бұзылыстарды уақытында түзету, гемолизді тоқтату, гемоглобиннің қалдық өнімдерін шығару, ацидозды жою, уыттық коагулопатияны емдеу.
2. Ерте жəне кеш қанағуларды алдын алу: тəртіп пен диетаны уыттық жəне қан ағу қауіпі болғанда соматогендік сатыларда қатаң сақтау, коагулопатияны, гепатопатияны емдеу.
3. Өңеш стриктураларын алдын алу: глюкокортикоидтар (3-5 апта), мырыш сульфаты, бужирлеу (2-3 дəр. күюлерде).

Әрі қарай жүргізу:
1. Ұзақ диета (стол №1, 1а, 1б), себебі осы столдар белоктың қажетті мөлшерін қамтамасыз етеді, толыққанды белокпен толықтырылады (жұмыртқа, ірімшік, қайнатып пісірілген ет), диетаны сақтау ұзақтығы созылмалы гастрит ағымына байланысты. 
2. Диспансерлік бақылау жеңіл дəр. - 6 ай, орташа дəр. - 1 жылға дейін, ауыр дəр. – 5 жылдан кем емес, динамикад бақылаудың негізі эндоскопиялық бақылау болып табылады (Лужников Е.А., Л.Г Ксотомарова, 2000 ж.).
3. Өңеш пен асқазанның тыртықтық тарылуларын хирургиялық емдеу (уланғаннан 6-7 айдан ерте емес).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет