Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет195/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің 
қазақ әдебиетінің тарихи толық 
курсын жасауды нақты қолға алуы, 
1920-1930 жылдардағы әдебиеттің 
де даму-өркендеу процесін зерттеп, 
оқу бағдарламасына арнайы жүйеде 
енгізуді талап етті. Оның алғашқы оқу 
құралы «Қазақ совет әдебиеті» деген 
атпен 1942 жылы жарық көрді. Оны 
Е. Ысмайыловтың басшылығымен 
Қ. Бекхожин, С. Айтмұқанов, С. Сейі -
товтер жазды. Оқулықта «ұлт шыл» 
атанған арыстарымыздың шығар ма-
шылығын былай қойғанда, «халық 
жауы» делінген ақын-жазушыларға 
орын берілмегені айтпаса да түсінікті. 
Сондықтан да кеңестік идеология та-
лаптарына ғана сай жазылған, ұлт-
тық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге 
айтарлықтай ештеңе қоса алмаған 
кезеңдік қана еңбек болып шықты.
Отызыншы жылдардың аяғында 
қазақ әдебиетінің тарихын дәуірге 
бөлу проблемасын арнайы сөз еткен 
бірнеше мақалалар ұлт әдебиетінің 
ғылыми, тарихи курсын жасау жо-
лында нақты ұсыныстар білдірді. 
Е. Ысмайылов «Қазақ әдебиетінің 
тарихын жасау туралы» деген ма-
қаласында дәуірге бөлуді мынандай 
үлгіде салалайды [55]. 
1. Қазақ фольклоры.
2. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ 
әдебиеті.
3. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.
Негізгі жүйесі дұрыс болғанмен, 
ХVІІІ ғасырға дейінгі ақын-жырау-
ларды ауыз әдебиетіне қосып жіктеуі 
ғылыми тұрғыда дәйексіз болды. 
Оған қоса автор әр дәуірді іштей 
ке зең-кезеңге сараламай, жалпыла-
ма сөз етіп кеткен. Ал Қ. Жұмалиев 
қазақ әде биетінің тарихын Бұқар 
жырау дан бастау керек деген жаңа 
пікірді ұсы на келіп, оны:
1. ХVІІІ ғасырдың екінші жарты-
сындағы әдебиет.
2. ХІХ ғасырдың І жартысындағы 
әдебиет.
3. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы 
әдебиет.
4. ХХ ғасырдың басындағы әде-
биет, – деп бөледі [56].
Қазақ әдебиеттану ғылымының 
туу кезеңі үшін маңызы болғанымен, 
дәл осы дәуірлеу кейінде бұлжымас 
концепцияға айналып, ұлттық әдебие-
тіміздің арғы арналарын көркемдік 
дамудың тарихи сабақтастығы прин-
ципіне орай тексеруге кедергі келтір-
гені мәлім.
Бұл мәселеге тың бағыттағы ой 
ай туға ұмтылған С. Мұқанов ХІХ ға-
сырға дейінгі әдебиетті:
1. Алтын Орда тұсындағы әдебиет.
2. Астрахань, Қазан хандықта ры-
ның тұсындағы әдебиет.
3. Ақтабан-шұбырындының тұ-
сын да ғы әдебиет, – деп дәуірлейді. 
[57]. Бірақ 1942 жылғы оқулығын жазу 
барысында Қ. Жұмалиевті қостап 
кеткен. ХVІІІ ғасыр әдебиетінен Бұ-
қар жырауды ғана алып, ХІХ ғасыр 
әдебиетін іштей «Бостандық күресі», 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


213


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет